Дістемелік кешен



бет65/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

1 сағ. 10 апта
Мақсаты: студенттерді менеджерлік сипаттамалардың негізінде басқарушы іс-әрекетке қабілеттіліктермен таныстыру.
Кілт сөздер: басқарушы қабілеттіліктер, икемділіктер, дарындылық, менеджерлік сипаттамалар, тұлғалық қасиеттер, концептуалдық қабілеттіліктер, жүріс-тұрыс стандарттары.
Дәріс жоспары:
1Психологиядағы қабілеттіліктер түсінігі
2.Басқарушылық қабілеттердің құрамын анықтау
3.Менеджерлік сипаттамалар
1 сұрақ. Психологиядағы қабілеттіліктер түсінігі

Мененжерлік іс-әрекет сапалық параметрлердің әртүрлі деңгейімен сипатталады, азды-көпті тиімділікпен орындалады. Бірінші кезекте бұл басшының кәсіби және тұлғалық қасиеттеріне байланысты болып келеді.


Басқарушы іс-әрекет тиімділігінің негізгі факторлары болып спецификалы басқару қабілеттері көрініс табады. Басқарушы іс-әрекетті зерттеген кезде «қабілеттіліктер» түсінігі ерекше роль ойнайды.
Қазіргі уақытта, басқарушы іс-әрекеттің күрделілігіне орай, бұл мәселе жеткіліксіз зерттелген және басқарушы қабілеттіліктердің құрамы мен құрылымы туралы мәселе тиісті шамада шешімін таппаған. Оны жасап шығаруға деген бірқатар тұрғылар ғана бар.
Психологияда қабілеттіліктер категориясы, білімдер, ептіліктер, интеллект, жеке бас қасиеттері, психикалық процестер және т.б. секілді психологиялық түсініктерде сіңіп кете отырып, ең күрделілердің бірі болып табылады.
Қабілеттіліктер басқа психикалық құбылыстардан үш негізгі белгісі бойынша ерекшеленеді.
1. Қабілеттіліктер – бұл бір адамды екіншісінен ерекше ететін дербес-психологиялық ерекшеліктер.
2. Бұл тек іс-әрекет тиімділігі осыларға байланысты болып келетін ерекшеліктер ғана.
3. Қабілеттіліктер, осылар қабілеттіліктерді алудың жылдамдығы мен жеңілдігіне себепші болғанымен де, білімдер, ептіліктер,дағдыларға келіп тірелмейді.
Қабілеттіліктер сапалық және сандық аспекттермен сипатталады. Сапалық аспектте олар адамның оның іс-әрекетінің табыстылығын қамтамасыз ететін психологиялық қасиеттерінің симтомокешені ретінде қарастырылады. Сандық сипаттама қабілеттіліктер деңгейін анықтауды болжайды.
Қабілеттіліктер құрылымында олардың екі негізгі категорияларын бөліп көрсетеді – жалпы және арнайы қабілеттіліктер. Олар нышандар негізінде қалыптасады және дамиды. Бұл – қабілеттіліктердің дамуы үшін туа біткен алғышарттары ретінде көрініс табатын, жүйке жүйесінің және бүкіл организмнің морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері. Қабілеттіліктер психологиясының тағы бір ортақ ережесі – олардың көрініс табуының үш, саралық тұрғыдан әртүрлі деңгейлерін бөліп көрсету: қабілеттіліктердің өзі, дарындылық (талант) және данышпандық. Қабілеттілікердің тұқым қуалау дәрежесі туралы мәселе қабілеттіліктер теориясында маңызды, бірақ әлі шешіле қоймаған. Қабілеттіліктердің дамуы далпы алғанда тұлғаның дамуынан ажыратылмастай. Тұлғалық қасиеттердің қалыптасу сипатына әсер ете отырып, олардың өздері қалыптасып келе жатқан тұлға тарапынан әсер етулерді бастан өткереді. Бұл – екі біріккен процесс. «Қабілеттіліктер» түсінігі психологиялық түсініктердің жалпы құрылымында іс-әрекет және тұлға категорияларының арасында «аралық орын» алып жатыр.
2 сұрақ. Басқарушылық қабілеттердің құрамын анықтау
Басқарушы қабілеттіліктердің өзін зерттеудің қиындықтарына «қабілеттіліктер» түсінігінің шекті ортақ мәртебесі және олардың іс-әрекетпен және тұлғамен тығыз байланысы себепкер бодады. Басқарудың табыстылығы басшының басқарушы іс-әрекеттің үш негізгі «өлшемін» қаншалықты қамтамасыз ете және өзара келістіре алатындығына байланысты болп келеді:
1) іс-әрекеттік, ұйымдық-әкімшілік өлшемнің өзі дамыған жалпы басқарушылық дағдыларды, ептіліктерді, қабілеттіліктерді қажет етеді;
2) кадрлық, «тұлғалық» өлшем – тиімді тұлғааралық өзара әрекеттесуді, адамдарды басқаруды қамтамасыз ететін басқа қабілеттіліктерді қажет етеді; осындай қабілеттіліктердің ролінде негізгі жеке бас қасиеттері көрініс табады, бұл басқарушы іс-әрекетті іс-әрекеттің өзге түрлерінен ерекше етеді;
3) өндірістік технологиялық «өлшем» арнайы қабілеттіліктердіғ басшының кәсіби қасиеттерінің өзін қажет етеді.
Басқару барысында осы үш «өлшемді» үйлестіру, бұлар адамның жетекші жеке бас қасиеттерімен байланысты болып келетін координациялық қабілеттердің болуын талап етеді. Басқарушы қабілеттіліктер сондықтан да басшы тұлғасының жалпы құрылымы мәселесімен байланысты қарастырылады, ал кей кездері онымен алмастырылып отырады. Осындай тұрғы өзіне жалпылану дәрежесі және сипаты бойынша әртүрлі, психика мен тұлғаның қасиеттерін қосатын, басқарушы қабілеттіліктердің ауқымды тізімін қарастырады.
Басқарушылық қасиеттердің жалпы жиынтығынан әлде басқарушы қабілеттіліктер болып табылатын, қбілеттіліктер функциясы ретінде көрініс табатын бірқатар категорияларды бөліп көрсетеді.
1. «Менеджерлік сипаттамалар» түсінігімен белгіленетін, басшының негізгі тұлғалық сипаттамалары категориясы. Басқарушы іс-әрекеттің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететіндіктен, олар қажет болып келеді. Бұл тұлғаның басқарушы іс-әрекетке бейімділігіне себепкер болатын фактор. Бұл сипаттамалар екі топқа бөлінеді: тиімді менеджердің жалпы әлеуметтік, өмірбаяндық сипаттамалары және жеке бас қасиеттерінің өзі.
2.Тар мағынасында басқарушы қабілеттіліктер ретінде қарастырылатын, басқарушы қабілеттіліктердің өзінің категориясы. Ол екі топқа бөлінеді: жалпы алғанда іс-әрекеттің аталған түрінің тиімділігін анықтайтын жалпы басқарушылық қабілеттер, және оның жекелеген функцияларын табысты орындап шығуға көмектесетін жекелеген басқарушы қабілеттіліктер.
Осы екі категориялар іс-әрекеттік функционалдық критерий бойынша бөліп көрсетіледі, бірақ психологиялық менеджментнда қабілеттіліктердің тағы бір - құрылымдық-психологиялық критерийі бар. Оның негізі – психика құрылымы. Басқарушы іс-әрекетте осы критерий бойнша жалпы және арнайы қабілеттерді ажыратады. Қабілеттіліктер психикалық процестердің негізгі кластары – когнитивтік, коммуникативтік, регулятивтік, ерік-жігерлік, мотивациялық кластар бойынша құрылымданады.
3 сұрақ. Менеджерлік сипаттамалар
Мененжерлік сипаттамалар индивидтің қабілеттер функциясында көрініс табатын, бірақ ол болып табылмайтын қасиеттері болып табылады. Олардың негізгілері болып келесілер табылады:
1. Жас факторы. Басшының жасы мен иерархиялық деңгейі арасында байланыс бар. Кәсіби тәжірибенің байлығы кемеліне жеткен жастың функциясы болып табылады. Карьералық алға жылжу жасқа пропорционалды. Жас өсе келе басқарудың өнімді әдістері күшейе, ал репродуктивті әдістері – керісінше, әлсірей түседі. Басқару стилі қатаңдана бастайды. Басқарушы іс-әрекет тиімділігінің динамикасының жалпы тенденциясы – позитивті.
2. Жыныс факторы. Қазіргі психологиялық менеджмент – бұл «басшы ер адамдар психологиясы», бірақ басшы әйел адам соңғы кездері зерттеушілердің назарын көбірек аударуда. Жалпы жағдайда ер адамдар басымдыққа ие болғанымен, ерлер басқарудың бір міндеттерін, әйелдер – екіншілерін жақсырақ шешеді.
3. Мәдени-білім деңгейі факторы басқарушы іс-әрекеттің тиімділігімен тікелей позитивті байланысқа ие.
4. Әлеуметтік-экономикалық мәртебе факторы. Егер адам компанияны иеленіп отырған отбасында дүниеге келсе – Ф.Фидлер байқағанындай, бұл компания президенті болудың ең сенімді тәсілі.
Тиімді менеджер сипаттамаларының екінші тобы – қабілеттіліктер функциясыда көрініс табатын, жеке бас қасиеттері. Осы қасиеттердің сипаттамаларын 3500-ден аса зерттеулердің мәліметтерін қорыта талдаған Р.Стогдиллдің жұмысы бәрінен де көп танымал. Ол келесідей негізгі менеджерлік қасиеттерді бөліп көрсетеді: доминанттылық, өзіне деген сенімділік, эмоциялық тұрақтылық, стресске төзімділік, креативтілік, жетістіктерге ұмтылыс, іскерлік, жауапкершілік, сенімділік, тұлғаның тәуелсіздігі, кісіге үйірлік, социабельділік (тұлғааралық қатынастар құра білу және кең әлеуметтік қатынастар орнатуға деген қажеттілік).
Осы сипаттамалар мен қасиеттердің барлығы табысты басқарушы іс-әрекетті қамтамасыз ету үшін қажетті қабілеттіліктердің барлық тізімін аяқтамайды. Басқару теориясында осыған ұқсас көптеген тізімдер бар. Зерттеулердің бірі менеджерлік сипаттамалардың келесі жинағын келтіреді:
А. Концептуалдық қабілеттіліктер және жүріс-тұрыс стандарттары.

  1. Көзқарастардың кеңдігі, жаҺандық тұрғы.

  2. Ұзақ мерзімді күні бұрын білу, икемдліік.

  3. Қажырлылық, бастамашылдық және батылдық (тәуекел жағдайларында – оның ішінде).

  4. аянбай еңбек ету және үнемі оқып, білу.

Б. Жеке бас қасиеттері.

  1. Мақсаттар мен нәтижелерді анық тұжырымдау.

  2. Басқаның пікірін тыңдап шығуға дайындық.

  3. Риясыздық, біреуге тартпаушылық, оң қабақ таныту.

  4. Қызметкерлерді дұрыс орналастыру, әділ санкциялар.

  5. Жеке басының тартымдылығы.

  6. Ұжымды және онда гармония, үйлесім атмосферасын құра білу.

  7. Денсаулық.

Американ менеджментінің «7 М» ережесі былай дейді: басшы жеті «М» үшін жауап береді. Бұл men (адамдар), method (әдістер), money (ақша), mashines (машиналар), materials (ма­териалдар), marketing (өнім өткізу), management (басқару).
Басқарушы қабілеттіліктердің синтетикалығы олардң екінші категориясын талдаған кезде одан да күштірек көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет