СОӨЖ бен СӨЖ-ге әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша шолу дайындау – яғни 1-2 параққа әдебиетке қысқа шолу жасау, оған Интернеттың ақпарат ресурстары және баспасөздің қосымша материалдары кіреді.
Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдердің қысқа түсіндірілуі (шетел тілге аударылуы мүмкін); тапсырылған тақырып бойынша орындалады.
Семинар – сабақ ретінде студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі болып табылады және әр түрлі формаларда да болуы мүмкін, оқытушы оны жүргізу үшін өз авторлық идеясын құрастырады.
Реферат – СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.