ПОЛИМОРФИЗМ. ОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚАЙТА ЖҮКТЕУ.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
Нақты сандар үшін +, - , * амалдарын қайта жүктеу.
Жолдар үшін =, <> амалдарын қайта жүктеу.
Символдар үшін +, =, <> амалдарын қайта жүктеу.
Символдар үшін жоғарғы және төмен регистрлерге ауыстыру операторларын қайта анықтау.
Жолдар үшін жолды жолға жалғау, жол ұзындығын есептеу амалдарын қайта жүктеу.
Бүтін сандар үшін дәрежені есептеу, түбірді есептеу амалдарын қайта жүктеу.
ОҚИҒАЛАРДЫ ӨҢДЕУ
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.Қосымшада келтірілген мысалды талдау. Келесі срақтарға жауап беру:
а) мұндағы кластардың иерархиясы қандай?
б) мұндағы объектілердің иерархиясы қандай?
в) операцияның аргументтері КАЛЬКУЛЯТОРҒА қалай беріледі? Олар қайда сақталады? ҚОСУ, АЗАЙТУ және т.б. амалдар оған қалай қолжетімді?
г) оқиға топпен қалай өңделеді?
д) TEvent оқиғасының барлық маршруттары қандай?
е) барлық класстардың HandleEvent қалай орындалады?
2. Оқиғаны өңдейтін объектілер тобын таңдау (бұл қосымшада келтірілген объектілер болуы мүмкін емес).
3. Таңдалған объектілер үшін қолданушының командасы бойынша орындалатын операциялар тізімін анықтау.
4. Командалық жолдың түрін анықтау<операция коды><параметрлер>. Сұрақтарды шешу:
Операциялар қалай кодталады? Қандай параметрлер беріледі?
5. Объектілердің иерархиясын анықтау, егер жаңа объектілер (объектілер тобын) қосу қажет болса.
6. егер жаңа класс қосу қажет болса, класстар иерархиясын анықтау.
7. Программада қандай объект қосымша қызметін атқаратынын анықтау. Қажет болған жағдайда класстар иерархиясына TApp класын қосу. Оқиғаны өңдеудің негізгі циклын ұйымдастыратын Execute әдісі қай класта болатынын анықтау.
8. Оқиғаны өңдеуге қажет әдістерді анықтау және жүзеге асыру.
9. (main) негізгі функциясын жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |