Басқарудың демократялық стилі – басшының бағынушыларына қандайда бір шешім қабылдау мен орындауына ерекше сеніммен қарауға негізделген басқару түрі. Бұндай басшы жұмысшылардың интеллеектуалды мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жұмыста психологиялық жағдайды қолайлы етуге тырысады.
Басқару кадрлары –басқаруға толық қатысатын және басқару аппаратын құрайтын кәсіби жұмысшылар.
Басқару объектісі — басқарылатын жүйе (кәсіпорын, бөлімшелер, адамдар тобы)
Басқару құрылымы –басқармадағы звенолардың жекелеген жұмыскерлер жиынтығын және олардың бағыныштылығы арасындағы тікелей және көлбеу байланыстар.
Басқару қағидалары – басқару функцияларын орындаудағы жетекшілер негізге алатын идеялар, заңдылықтар және мінез – құлқының тәртібі.
Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Басқару объектісі – бұл басқарылатындардың барлығы, яғни сала, біртұтас педагогикалық үрдіс.