Басқару субъектісі – бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, біртұтас педагогикалық үрдісі.
Бәсеке – (лат. Conkurentia - қақтығысу, жарысу) тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда алу.
Бақылау — іс-әрекет бағдарламасының жүзеге асқандығын тексеретін басқару функциясының бір түрі, әрі басқарудың логикалық схемасының негізі элементі бір түрі.
Еңбек ресурстарын басқару – кәсіпорын (ұйым, фирма( кадрларын таңдауға, орналастыруға, оқытуға, олардың қызметін бағалауға, ықпал жасау мақсатындағы нысаналы әрекет.
Еңбекті ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар.
Жетекшілік – басшылық, жекелеген адамдарға немесе топқа ықпал етіп, олардың күш-жігерін басқару мақсатына қол жеткізуге бағыттау қабілеті.
Жоспарлау – жоспар жасау процесі, онда нақты объектінің мақсаты. Мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, реті тәптіштеледі.
Заңдық билік — Белгілі-бір дәстүрге негізделіп әсер ету түрі
Мониторинг— латын тiлiнен аударғанда ( еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.
Менеджмент- гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді.
Менеджер- бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету.
Достарыңызбен бөлісу: |