Дістемелік кешені


- тақырып. Дене шынықтыру теориясы мен дене



бет8/68
Дата25.12.2021
өлшемі0,8 Mb.
#105065
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
Дене шынықтыру мм

2 - тақырып. Дене шынықтыру теориясы мен дене

тәрбиесінің жалпы қағидалары
2.1. Дене тәрбиесінің жұйесі мен негіздері
Дене тәрбиесінің бастапқы ұғымдары оның басқа пәндердей ӛзіне тән заңдылықтары жеке дара даму сатысы бар, білім беріп, жалпы тәрбие жұмысын іске асыратын құрама құралдары ретінде қаралады. Дене тәрбиесі ӛз алдына жеке ғылыми және оқулық пән болған соң, ӛзіне тән ұғымдары болады, ол ұғымдар аталған пәннің мазмұнына жан-жақты анықтама беріп, кейінгі сӛйлемдерді қысқаша сӛзбен тұжырымдайды. Дене тәрбиесіне кіретін жалпы ілімнің тұсінік ұғымдары мынандай: 1) «дене
тәрбиесі»; 2) «дененің жетілуі»; 3) «дене дайындығы»;

  1. «дененің дамуы»; 5) «спорт».


Дене тәрбиесі. Бұл ұғым жалпы тәрбиелеу, білім беру мәселерін шешеді және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу жұмысын жүзеге асырады. Дене тәрбиесінің ерекше белгілері былай тұжырымдалады: дағдылы қимыл-қозғалыстардың қалыптасуы мен бұлшық ет сапаларының дамуы—еңбек ету қабілеттілігін анықтайды (1 сурет ).
Адамды дене тәрбиесімен тәрбилеуде негізгі жұмысты үш бағытта бӛлуге болады олар: 1) жалпы дене дайындығы;


  1. спорттық дайындық; 3) кәсіптік қолданбалы дайындық.




    1. Жалпы дене дайындығының негізгі бағыты денсаулықты күшейтіп, мүмкінділігінше дағдылы қозғалысқа ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамыту. Жалпы дене дайындығының мақсатын іске асыруда кӛптеген дене тәрбиесінің құралдары қолданылады: оның ішінде әртүрлі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері мен гигиеналық факторлар. Жалпы дене дайындығы

дене тәрбиесінің барлық кезеңдерінде жүргізіледі,әсіресе мектептегі дене тәрбиесі мен бұқаралық және жекелеген дайындықтарда дене тәрбиесінің жаттығулары түріндеқолданылады. Жалпы


20


дене дайындығы – дене тәрбиесінің мамандандырылған түрі мазмұны, бағытталған жұмысын үлкен табыстарға жеткізу жолындағы алғашқы бастамасы болып табылады.


  1. Спорттық дайындық – дене тәрбиесі бағытында ерекше орын алады. Педагогикалық тәжірибеде спорт ұғымын адамдарды мамандандырылған еңбектің арқасында дене тәрбиесіндегі жекеленген жаттығулар түрін игеріп ӛте жоғары дәрежелі нәтижеге жетуі мен байланыстырады. Яғни, бұл дайындықтың мақсаты адамның ӛзі таңдап алған спорттың бір түрінен жоғары кӛрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Спорттық дайындық ӛзінің жетілу барысында денедегі іш-құрлыс жұмысының қабілетін

жоғарлату адамдардың спорттық дайындығын бағалайтын белгі болып,дене тәрбиесінің бағдарын кӛрсетеді.




    1. Кәсіптік қолданбалы дайындық – дене тәрбиесінің арнайы бағыттағы бӛлігі,оның мақсаты – нақты еңбек ету түрлері мен отан қорғау жұмысына дайындау. Бұл дайындықтың негізі қолданатын жаттығулар, оның кәсіптік еңбегіндегі қимыл-қозғалыстарына сай келуі. Кәсіптік қолданбалы дайындық адамның еңбек

қозғалыстарындағы керекті дағдыны жеңіл игеріп, еңбек ӛнімділігін кӛтеріп, сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне дененің қарсылық күштерін арттыруға бағытталады.


Сонымен, кәсіптік қолданбалы дайындық дегеніміз –дене тәрбиесінің арнайы мамандандырылған түрі, негізгі бағыты кәсіптік еңбекке керекті деңгейде қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытып қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет