Дістемелік кешені


Кӛрнекілікті қамтамассыз ететін әдістер



бет35/68
Дата25.12.2021
өлшемі0,8 Mb.
#105065
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
Дене шынықтыру мм

Кӛрнекілікті қамтамассыз ететін әдістер
Дене тәрбиесіндегі кӛрнекілікті қамтамассыз ету әдісі орындалушы тапсырманы шұғылданушылардың кӛру, есту, қимылдау арқылы қабылдауға жәрдемдеседі. Олардың құрамына:


  1. тікелей ӛзінділік кӛрнекілік әдісі (жаттығуды

оқытушыныңнемесеоныңтапсырмасы
бойынша шұғылданушылардың бірінің кӛрсетуі);


  1. жанама кӛрнекілік әдісі (оқыту мақсатындағы бейне фильмдерді, қимылдық әрекеттерді,

53


кинограммаларды, суреттерді, сызбаларды және т.б кӛрсету);


  1. қимылдық әрекеттерді сезінуге бағытталған әдістер




  1. шұғыл ақпарат әдісі.Осы әдістердің негізгі

ерекшеліктерін қарастырсақ:
Тікелей кӛрнекілік әдісі. Ол шұғылданушыларда қимылдық әрекетті (жаттығуды) орындаудың техникасы жайлы дұрыс түсінік қалыптастыруға арналған. Оқытушының немесе шұғылданушылардың бірінің әрекетті тікелей кӛрсетуі әрқашан сӛзді қолдану әдістерімен үйлестіріле жүргізілуі қажет. Бұл механикалық еліктеуді, соқырлықты болдырмайды. Жаттығуды кӛрсету кезінде бақылауға лайықты шарттарды қамтамассыз ету қажет: шұғылданушы мен кӛрсетуші арасындағы оптималды арақашықтық, негізгі қозғалыстың жазықтығы (мысалы, шұғылданушыларға қырынан тұру, оларға санды биік кӛтеріп жүгіру, жүгіріп келіп биіктікке секірудегі сермеу қимылдар техникасын кӛрсетуге ыңғайлы болып келеді), қимылды түрлі қарқын мен түрлі жазықтықта қайталау.
Жанама кӛрнекілік әдісі шұғылданушылардың қимылдық әрекеттерді заттық бейнелеу арқылы қабылдауға қосымша жағдай жасайды. Олраға кӛрнекілік құрал-жабдықтарды, оқыту мақсатындағы бейне және кинофильмдер, арнайы тақтаға фломастермен салынған суреттер, шұғылданушыладың салған суретшелері, түрлі муляждарды қолдануды (адам денесінің кішірейтілген макеті) және т.б кӛрсету жатады.
Кӛрнекі құрал-жабдықтар шұғылданушылар зейінін қимылдың қалыпты жағдайы мен оның фазаларының бірізді ауысуына шұғылдандыруға жәрдемдеседі.
Бейнефильмдердің кӛмегімен кӛрсетілген қимылды кез-келген фазасында баяулатуға, тоқтатуға бір неше рет қайталап кӛруге, шолу жасауға болады.
Арнайы тақтаға флормастермен салынған суреттер спорттың ойын түріндегі тактикалық әрекетпен және физикалық жаттығулардың жекелеген элементтерін кӛрсетудің оперативті әдісі болып табылады.

54


Шұғылданушылардың мүсіндер ретінде салынған суреттешелері олардың қимылдық әрекеттер құрылымын ӛздерінің түсінуін график түрінде бейнелеуіне мүмкіндік береді.
Муляждар (адам денесінің макеттері) оқытушының қимылдық әрекет техникасының ерекшеліктерін (мысалы, түрлі қашықтыққа жүгіру техникасы, жүгіріп келіп ұзындықа секірудің жерге қону техникасы және т.б) кӛрсетуге мүмкіндік береді.
Қимылдық әрекетті сезінуге бағытталған әдіс қимылдаушы (жұмыс атқарушы) бұлшық еттерден, буын немесе дененің жек мүшелерінен келуші сигналдарды қабылдауды ұйымдастыруға бағытталған. Оның құрамына:
1) оқытушының қимылдық әрекетті орындау барысындағы бағыттаушы кӛмегі (мысалы, кішірек допты қашықтыққа лақтырудағы ақтық әрекетті үйретудегі оқытушы шұғылданушының қолын дұрыс қалыпқа қоюы);


  1. жаттығуды баяуланған қарқынмен орындау;

  2. қимылдық әрекеттің жекелеген сәттеріндегі дене

және оның бӛліктерінің орналасу қалпын бекіту (мысалы, лақтырыстаға ақтық әрекетті орындау алдындағы дене бӛліктерінің қалпын бекіту);


дене қимылдарын орындаудың түрлі сәттерін сезінуге мүмкіндік беретін арнайы тренажерлық жабдықтарды қолдану.
Шұғыл ақпарат әдісі. Берілген параметірлері (қарқын, ритм, амплитуда, жігер ) сақтау үшін немесе қимылдық әрекеттерді орындау барысында қажетті түзетулер енгізу мақсатында оқытушы мен шұғылданушының түрлі техникалық құрылғылардардың (тензоплатформалар, электрогониометрлер, фотоэлектрондық құрылғылар, жарық және дыбысколидерлері, электрнысандар) кӛмегімен шұғыл және преламинарлы ақпаратты алуға арналған. Мысалға, қазіргі уақытта дене тәрбиесі мен спортта жүктемені реттеу жүйесін басқаратын
кіріктірілген компьютерлармен жабдықталған түрлі

55


тренажерлық құрылғылар (велоэргометрлер, жүгіру жолы, «Concert II» ескектік тренажер т.б) кең түрде қолдануда.
Компьютер тамыр соғысын, жылдамдықты, уақытты, арақашықтық ұзындығын, калория шығынын және т.б. кӛрсетеді.
Жүктеме профилі график түрінде дисплейде бейнеленеді. Қорта келгенде айтарымыз, оқытушы сабаққа даяарлану
кезінде және оған жарамды әдістердің белгілі бір кезеңдерін тандау барысында оларды ӛте алу үшін әдістің құрылымын, (мысалға тәрбиелік, білім берушілік, себептілік немесе дамытушылық қызметтерін) білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет