БРИФИНГ. Бағдарламадағы қандай да бір маңызды (арнайы) мәселе не оқиға туралы журналистерге қысқаша берілетін нұсқау брифинг деп аталады. Брифинг – БАҚ өкілдерімен нақты бір мәселе бойынша өткізілетін қысқаша ақпараттық кеңес деп те аталынады. Брифинг – баспасөз конференциясының бір түрі болып саналады. Брифингті ұйымдастырушылар үстел жанына сенімді журналистерді жинап, оларға кейде ресми емес ақпараттарды да хабарлап отырады. Ал журналистер оны, қандай да бір ақпарат көздеріне сілтеме жасамастан, өз аттарынан хабарлап жатады.
Кейде брифинг ұғымына «эксклюзивті» де қосып атау кездесіп қалады. Ондай жағдайда бұл эксклюзивті баспасөз конференциясы болып шығады. Брифингтің – бұл баспасөз конференциясы журналистер сенім характерін туындатып жатады. Брифингтің бұл үлгісі алаңда, бақта не кеме мен самолет ішінде де шай үстінде әңгіме түрінде де өткізіледі. Қазіргі БАҚ – та ол көпшілікті алаңдатып отырған мәселе бойынша ресми тұлғаның (Президент, Премьер – министрдің баспасөз хатшылары, көмекшілері, кеңесшілерінің т.б.) журналистер алдына шығып, қысқаша хабарлама жасауы, журналистердің сұрақтарына жауап беруі түрінде кездесіп жүр.