Дістемелік кешені



бет24/30
Дата06.02.2022
өлшемі312,5 Kb.
#54322
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
КОРРЕСПОНДЕНЦИЯ. Талдамалы публицистика жанрына жататын корреспонденцияның теледидарға газет пен радиодан келгендігі жайлы зерттеушілер көп айтып жүр. Шын мәнінде, корреспонденция жанры заметка («сюжетке») жақындау. Мұнда талданған, қорытындыланған, нақтыланған факті ғана көрерменге хабарланады. Алайда өз методы бойынша корреспонденция репортажға жақындау болғандықтан әрі жанрдың осы түрінде талдау элементі кездесетіндіктен оны шатыстырушылық жиі кездесіп жатады. Кейбір зерттеушілер Черепахов М.С., Горелик Б.Е., Бекасов В.Г. т. б. БАҚ – ғы корреспонденцияларды хабарлау және оперативті, сын және жағымды, т.т. деп бөліп жүр. Осы айтылғандар мен бүгінгі күн тәжірибесіне сүйенсек, корреспонденциялардың мазмұн – мәнерінде ақпараттық және талдамалы сипат бар екені айқындала түседі. «Ақпараттық сипаттағы корреспонденцияда – бір тектес фактілер хабарланса, репортажда бір ғана оқиға көрсетіліп, корреспонденцияда нақты мерзім ішіндегі тақырыпқа қатысты фактілер мен оқиғалар қамтылады»,- дейді, ғалым С.Байменше. Солай етіп, корреспонденция дегеніміз – салыстырмалы түрде аса ауқымды емес нақты материал негізінде өзекті тақырыпқа талдау жасалатын жанр болып шығады. Корреспонденция тақырыбы аса ауқымды: ауыл шаруашылығы, өнер, бизнес, халықаралық оқиғалар және т.б. бүгінгі күннің өзекті мәселелері де қамтылады.
Телевизиялық публицистикада, персонификациялық хабарламаға тұрақты ұмтылушылық корреспонденция жанрын бүгінде көпшілік алдында ой – толғау, өткір проблемаға телевизиялық зерттеу жүргізу бағытына қарай ыңғайлауда. Телевизиялық корреспонденцияның мәнділігі – газет – журнал корреспонденциясы әлде проблемалық мақаланың экрандық баламасы болып табылатындығы.
Телевизиялық корреспонденцияда автор – корреспондент кадр сыртында қалған кезеңде де өзінің жанрлық белгілерін жоғалтпайды, алайда корреспонденциядағы мәтінді автордың өзі оқиды. Маңыздылығы, телеэкранда корреспонденцияның екі бірдей тең құқықты авторлары бар: олар – әдебиетші және оператор (ол екеуін де әділ түрде тележурналистер деп те атайды). Экранда корреспонденцияның өн бойындағы көріністік әрі сөздік қатар бірдей мәнге ие. Алайда, осы қағида көпшілігінде сақтала бермейді, себебі бізге шетелден түсетін корреспонденцияларда сөздік жағы басымдық танытып, біз экраннан корреспондент сөйлеп тұрған көшенің түрлі пландарын ғана көріп отырамыз.
Корреспонденцияда кейде сұхбаттың жанрлары да кездесіп жатады. Ақпарат алудың бұл әдісі жанрға зиянын тигізбестен, алайда оған бір мезгілде синтетикалық көріктілік те беріп жатады. Телевизиялық корреспонденцияда журналистің таланттылығы хабар материалына ажар мен көрік беріп, проблематикалық хабарламаның мәнділігін көтеруге өз үлесін қосып отырады. Дегенмен, жанрдың негізгі параметрлері телевизиялық коммуникацияның табиғи белгілеріне көпшілігінде сай келе бермейді.
Қорыта келгенде, телеэкрандағы корреспонденция мүмкіндігі болашағының мол екендігін мойындауға тиіспіз.
Публицистиканың жанрлар жүйесі туралы айта отырып, біз оның телематериалдың композициялық құрылымын бекітетін, нақты көрініс кезіндегі үш негізгі принциптеріне қарап, оларды бір – бірлерінен ажыратамыз.
Біріншіден, жанрлар тобы, нақтылықтың қарапайым фиксациясына ұмтылу көрінісі. Автор мұнда нақтылы оқиға мен құбылыстың артынан жүріп отырады. Материалдың композициясын өтіп жатқан оқиғаның өзі түзеді. Бұл ақпараттық публицистика жанрына қатысты.
Екіншіден, хабарлама түрі, мұнда автор өзінің шығармашылық қызметіне сәйкес, құбылыстағы нақты фактіге талдау жасайды. Сондықтан да хабарлама композициясы оқиғаның фабуласына емес, автордың ойына қатысты болады. Бұл аналитикалық публицистика жанрына қатысты.
Үшіншіден, хабарлама, композиция автор ұсынған образдар жүйесіне қатысты. Автор материалдағы документальдықты сақтауы үшін, актер ойнына дейінгі көркемдік мәнер құралдарын пайдаланады. Мұндай хабарлама көркемдік публицистика жанрына жатады. Осы жерде образ айқындаушы болып, ал фактіні талдау мен хабарлама екінші кезекке ысырылады. Очерк, эссе, суреттеме материал фактілігінің көркемдік қорытындысы, олай болса аналитикалық жанрлар (комментарий, шолу, корреспонденция) образдылыққа иек артпастан, тек факті, оқиға, құбылысқа талдаумен ғана шектеледі.
Көркем публицистиканың функциясы – типтілікті, жалпылықты дербес, жекелік арқылы ашу. Толықтай қорытындыға жету, характерді айқындау, көркем публицистиканы шындықтың образды бейнесін құруға пайдалану, әрі образды ойдан шығарылған дүниеден емес, өмірдегі бар материалдан жасау.
Жоғарыда айтылғандарға қосатын тағы бір маңызды нәрсе бар. Жалпы алғанда теледидардың бейнелілігі хабарламада, оның түріне қарамастан көркемдікке белгілі бір дәрежеде себепші болып, алайда әрбір кадр, диктор, репортер не хабарға қатысушы кейіпкердің көрінісі, пейзаж, нысан әлде оның интерьері, ағаш не жан – жануар композицияда, жарықта, ракурста, ең соңында кадр, экран рамасында эстетикалық астасуға келіп ұласады. Осы жағдай теледидардың барлық жүйесінің көркемдігі жайлы айтуға толық мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет