Дістемелік кешені



бет39/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

№ 3 дəріс (1 сағат)


Тақырып: Кəсіпкерлік қызмет субъектілері. Кəсіпкерлік қызмет субъектілерінің құрылуы, қайта құрылуы жəне таратылуы.

Дəріс мақсаты: Кəсіпкерлік қатынас субьектілері, ҚР-ғы кəсіпкерліктің түрлері, ҚР-ғы кəсіпкерлік нысандары, ҚР Заңдары бойынша мемлекеттік жəне жеке кəсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының теориялық негіздерін қамту.

Негізгі сөздер: Жеке тұлға, заңды тұлға.

№3 дəріс


Тақырып: Кəсіпкерлік қызмет субъектілері. Кəсіпкерлік қызмет субъектілерінің құрылуы, қайта құрылуы жəне таратылуы.

    1. Кəсіпкерлік қызмет субъектісі түсінігі

    2. Кəсіпкерлік қызмет субъектісінің құқықтары мен міндеттері

    3. Кəсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері.

    4. Кəсіпкерлік қызмет субъектілерінің құру тəртібі.

    5. Кəсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру жəне тарату.


1. Кəсіпкерлік субьектілері – кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқықтық өкілетті тұлға болып табылады. Кəсіпкерлік қызмет субьектілері ұғымы жəне мəртебесін ашу үшін «құқық субьектісі» жəне «азаматтық құқық субьектісі» ұғымдарын анықтау керек.

Құқық субьектісі – құқықты танудың ең кең тараған категориясы, оған құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілетті қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары жатады. Жалпы құқықтық субьектілік бөлек құқық салаларына қолданумен нақтыланады. Мысалы, конституциялық құқықта сайлаушылар, депутаттар; еңбек құқығында – жұмыс беруші мен

жұмысшылар; қаржы құқығында – салық төлеушілер мен салық қызметі органдары; қылмыстық құқықта – анықтаушы, тергеуші, айыпталушы, сотталған, сотталушы, т.б. Ал азаматтық құқық субьектілерінің барлығы «тұлға» ұғымына біріктірілген жəне ол келесі 3 топқа бөлінеді:


  1. Жеке. 2. Заңды тұлға. 3. Мемлекеттік пен əкімшілік аумақтық бөлініс.

Сонымен кəсіпкерлік қызмет субьектісі – бұл азаматтық құқық субьектісі болып табылатын жəне заңда көзделген тəртіпте тіркелген; мүлікті сату, пайдалану, жұмысты орындау, қызмет көрсету арқылы жүйелі түрде пайда табуға бағытталған өз тəуекеліне өз қызметін жүзеге асыратын азаматтық

құқық субьектісі болып табылады.



  1. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кəсіпорынның дамуын қолдауда. Кəсіпкерліктің əлеуметтік - экономикалық маңызы нарықтық экономикада тұрғындардың қаржылық жəне өзіндік маңызы осы ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Монополияға қарсы потенциалды

ұстанады. ҒТП бағыты бойынша сілтемелер тудырады жəне жұмыссыздық мəселелермен əлеуметтік проблемаларды шешеді. ҚР- да қазірде кəсіпорынның бірнеше түрлері дамиды:

Қызметі бойынша: Өндірістік; Коммерциялық; Қаржылық.

Шаруашылық етуші субъектілер мөлшері боыйнша: Шағын; Орта; Ірі бизнес субъектілер.

Ұйымдасқан нысаны бойынша: Жеке (индивид); Ұжымдық (АҚ, ЖШС).

Кəсіпкерлік кəсіпорынның ұйымдық құқықтық нысаны өндірістік кооператив болып табылады. ҚР – да кəсіпкерліктің экономикалық нəтижелері көбіне құқықтық база, салалық кəсіпкерлік ортаны қалыптастырады. Кəсіпкерлік құрылымы мемлекеттік қолдау деңгейін анықтайды, яғни кəсіпкерлік қызметтің дамуы бойынша меншікті жекешелендіру бойынша іске асады. Кəсіпкерлік қызметтің заңды негізі бойынша көптеген заңдар қабылданды, онда кəсіпкерлік сұрақтары қарастырылады: Шаруашылық қызмет бостандығы, жеке кəсіпкерлікті қолдау мен қорғау, АК- ң, ӨК,МК дамуын мемлекеттік қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау жəне т.б. Кез келген экономикалық қызмет өндірістік цикл типтік фазаларымен байланысты (өндіріс


  • айырбас - бөлу - тұтыну), яғни кəсіпкерлікті осыған байланысты 3 түрге бөледі:

  1. Өндірістік кəсіпкерлік кəсіпкерлік тікелей өнім, тауар шығару, ақпараттар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды іске асыру (еңбек күшін, өндірістік қорларды, материалдық ақпараттарды пайдаланады).

  2. Коммерциялық кəсіпкерлік - тауар, ақша, сауда айырбас операциялыра, яғни сату, сатып алу бойынша мəмілелер жасалынады.

  3. Қаржылық кəсіпкерлік – тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар сатылып жəне сатып алынады (негізінен рəсімдеу орын алады).

Кəсіпкерліктің қатысушысы - меншік иесінің саны бойынша жеке жəне ұжымдық болып бөлінеді, ол өз кезегінде кəсіпорынның нақты ұйымдық –құрылымдық нысандары шегінде жүзеге асады.

3.Кəсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құрылымдық нысаны – кəсіпорын бойынша партнерлер арасындағы ішкі қатынастарды жəне мемлекттік органдар жəне өзгеде кəсіпкерлер арасындағы қатынастардан тұратын нормалардың нақты жүйелерін айтамыз. Кəсіпорынның дұрыс дұрыс ұйымдық – құқықтық нысанын таңдау əртүрлі факторларға байланысты:

  • дербес капиталының болуы;

  • кəсіпкерлік қызмет масштабы сипаты жəне оны тарту бойынша мүмкіндіктері;

  • кəсіпкерлік жобаның іске асу мерзімі, жеке тəжірибесі;

  • кəсіпкердің ұйымдық қабілеті;

  • нарық жағдайында жəне бизнесті бастайтын көптеген мəнді ерекшеліктерге байланысты;

  • кəсіпорынның сол немесе басқа нысанының ар – ұжданына байланысты. ҚР-ғы кəсіпкерлік түрлері мынадай:

  • заңды тұлғаны құрмай кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кəсіпкер;

  • кəсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға (ол екі топқа бөлінеді): 1топқа:

а) толық серіктестік - өзіне тиесілі мүлікпен өз міндеттері бойынша жауапкершілікке ие болып жəне серіктестіктің атынан кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырады.

б) командитті серіктестік (сенім серіктестігі) – серіктестіктің атынан кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын толық серіктестік жəне өз салымдары соммасы шегіндегі шығындар тəуекеліне ие жəне серіктестіктің кəсіпкерлік қызметке қатысатын салымшылардан тұрады.

в) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – серіктестіктің қызметтерімен байланысты шығындар тəуекелін оның қатысушылары ұстанады жəне өз салымдары шегінде іске асырады.

г) қосымша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның қызметімен байланысты өз мүлкіне міндеттемелер бойынша субсидиярлы жауапкершілікті иеленеді жəне қоғамның құрылтай құжаттармен анықталған салымның құны шегінде іске асырылады.

д) өндірістік кооператив – олардың мүшелері кооператив міндеттері бойынша субсидиярлы жауапкершілікке ие. ӨК азаматтардың бірлескен кəсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбектерімен қатысуына жəне мүшелердің мүліктік жарналарын біріктіруге негізделген бірлестік.

2 топқа: арнайы құқықтық қабілеттілікке ие заңды тұлғалар жатады.

Коммерциялық ұйымдар – мемлекеттік кəсіпорын жатады (қару-жарақ шығару жəне т.б.).

Кəсіпкерлік нысандары: оның қатысушысының санына байланысты келесідей нысандарға бөлінеді: жеке (индивидуалды) жəне ұжымдық. Бұл нысандар ҚР Азаматтық Кодексімен реттелетін кəсіпорынның ұйымдастырушылық- құқықтық нысандарымен жүзеге асырылады. Кəсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары партнердің арасындағы ішкі қатынастар жəне басқа кəсіпкерлермен мемлекеттік органдармен қатынастарын білдіретін нормалардың жүйесін көрсетеді. Ұйымдастырушылық – құқықтық нысанды таңдау оның меншіктік капиталының болуы немесе оның өсуі

кəсіпкерлік қызметтің сипаты мен масштабы жəне нарық жағдайларымен бизнесті бастаушының ерекшеліктерінің заңды тұлғаны құрмай жүзеге асырылатын жеке кəсіпкерлік жеке кəсіпкердің жəне кəсіпкердің басқа да нысандарына байланысты оның бастамашылығы бойынша жүргізіледі. Ал ұжымдық кəсіпкерлікте бірнеше субьектілерге пайда тиесілі болады. Оған АҚ, кооперативтер, серіктестіктерді жатқызуға болады (ортақ меншік бойынша) серіктестік екі не одан да көп партнерлермен жүзеге асырылады.

Кəсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекет жəне аумақтық - əкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің əрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.

Қазақстан Республикасының кəсіпкерлік құқығының субъектілеріне:


  1. əрбір елдің, мемлекеттің толық кəмелетке жеткен азаматтары (жұмысшы, диван, қызметкер, зиялы қауым жəне тағы басқа);

  2. ұжым, қоғам, партия, қозғалыс, одақ, серіктестік, бригада, отбасы жəне тағы басқа;

  3. мемлекет, ел-жұрт, аудан, өңір, тайпа, ру жəне тағы басқа.

  4. халықаралық ұйым, қор, халықаралық одақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет