Дістемелік кешені


№ 7 дəріс (1 сағат) Тақырып: Кəсіпкерлік шарт



бет47/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

№ 7 дəріс (1 сағат) Тақырып: Кəсіпкерлік шарт


    1. Кəсіпкерлік құқықтың заңды фактілер ұғымы, олардың түрлері. Кəсіпкерлік мəмілелер ұғымы, олардың түрлері.

    2. Мəмілелер жарамдылағының талаптары. Шарт- мəміленың жүйесі, олардын ерекшеліктері. 3.Кəсіпкерлік шарттарды жасау тəртібі, кезеңі, өзгерту жəне бұзу тəртібі.

Мақсаты: Студенттердің құқықтық білімдерін одан əрі дамыту. Мəміленің жəне шарттың мəнін, құрлысын жан-жақты түсіндіру.

Студенттердің ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пəнге деген қызығушылығын арттыру. Адамгершілік, эстетикалық ,құқықтық тəрбиенің нышандарын жетілдіру. Дəрістің мазмұны

Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. ( АК –ның 378- бабының 1-тармағы).

« Шарт» термині азаматтық заңнамада əртүрлі мəнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімделген құжат.

Шарт-құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатуына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады( 7- бап).

148-баптың 1-тармағына сəйкес мəмілелер бір жақты жəне екі немесе көп жақты ( шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мəміле болып табылады жəне шартқа екі жəне көп жақты мəмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мəміленің формасы жəне оны тіркеу туралы, мəмілені заңсыз деп тану туралы жəне т.б. ережелер қолданылады. « Бір жақты жəне көп жақты мəмілелер» ұғымын « бір жақты жəне өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. бір жақты мəміле шартқа жатпайды, себебі мəмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мəмілелерден жəне басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан , 148-баптың 3- тармағына сəйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет