Дістемелік кешені



бет55/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

Ішкі факторлар:


  1. кəсіпкерлік қызметін реттейтін заңгерлік;

  2. мемлекеттік басқару жəне жергілікті үкіметтің өзін басқару органдардың көрінбейтін əрекеттері;

  3. салық жүйесі;

  4. серіктестіктер мен партнерлармен болған өзара қарым-қатынас;

  5. бəсекелестердің көрінбейтін іс-əрекеттер;

  6. сыбайлас жемқорлық.

Басқарылатын фирмаларға əсер ететін факторлар, ол сыртқы факторлар:


  1. бизнес ақпаратының жетіспеуі;

  2. маркетинг қызметінің болмауы;

  3. өндіріс процесінде белгісіз түсінбеген өзгерістердің болуы.

Ішкі факторларға:


  1. фирма ішінде қаржы бағдарламасының болуы;

  2. жаңа техниканы енгізу, жаңа технологияны қолдану, жаңа əдістерді ұйымдастыру;

  3. басқару сапасының төмендігі;

  4. фирма басқарушылығы жағынан əртүрлі келісім шарттың сақталынбауы;

  5. тəуекелге жеке адамдардың икемділік қабілетінің болмауы.

Қазақстан Республикасында тексерушілердің талдауы бойынша кəсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын төмендегідей факторлар болуы анықталған. Бұл кəсіпкерлердің сұрауы бойынша белгіленді:

  1. жоғары дəрежеде салықтың алынуы кəсіпкерге кедергі жасайды;

  2. несиенің жоғары дəрежеде %-тің белгіленуі;

  3. бақылау органдарымен болған қарым-қатынас ішкі істер бөлімі, прокуратура, салық полициясы;

  4. халықтың тұтыну сұранысының төмендігі;

  5. электр энергияның берілуінің үзіліп тұруы;

  6. қауіпсіздік ақпараттардың төмен дəрежеде болуы;

  7. қызметтес серіктестіктердің сапалы түрде ар-ожданды түрде қатыспауы, уəдесінде тұрмауы, сапасыз қызмет атқаруы;

  8. нарықтағы жоғары бəсекенің болуы;

  9. маман, кəсіби жұмыс күшінің жетіспеуі;

  10. сыбайлас жемқорлықтың болуы;

  11. транспорттық көліктік инфрақұрылымдардың төмен дəрежеде дамуы.

2. Дамыған сыртқы сауда тауар өндірушілер арасында бəсекені шиеленістіріп, бəсекелесе алмайтын өндірістерді жабуға жəне пайдалы өндірістерді дамытуға, еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға жəне тағы басқа мəжбүр етеді. Сондықтан, сыртқы сауда əсерінен өндірістің кейбір түрлерінің жағдайы төмендеуі мүмкін, Үкіметке тауарлардың шекарадан өтуіне шектеу талаптары қойылып, қысым жасала бастайды. Үкімет өз жағынан екі бағыттың ең тиімдісін таңдайы қажет. Еркін сауданың пайдасы шығынынан көп болғандықтан, соңғылары үшін өтеме механізмі жасалуы керек (жұмыссыздық бойынша берілетін жəрдем, кəсіптік қайта дайындық, мамандықты жоғарылату бағдарламары т.б.).

Нарыққа өту кезеңінде Сыртқы саудадағы мемлекеттің рөлін шектеу объективті сипатқа ие болады. Бірақ, бұл процесс тиянақты ойлау мен жан-жақты өлшенген тəсілді қажет етеді. Мысалы, теория тұрғысынан беймемлекеттендіру саясатын жүргізгенде, жұмыссыздық пайда болып өршиді, халықтың бір бөлігінде болашаққа сенімсіздік, селқостық пайда болады жəне т.б. Бұл жағдайда үкімет експорт пен импорттың арақатынасын реттеу мақсатында тарифтер мен үлестер (квота) саясатын қолданады. Мұндай жағдайда тарифтерді қолдану пайдалы болады. Біріншіден, тариф тер мемлекеттің кірісін көбейтеді, ал үлестер болса шетел тауарларына жасанды түрде шектеу қойып, оған байланысты олардың бағасының шарықтауына, сөйтіп шетел өнім шығарушыларының баюына əкеледі. Екіншіден, тариф тер саясаты кезінде дүниежүзілік жəне ішкі бағалар бір бағытта өзгереді, ал үлес саясаты кезінде ішкі бағалар дүниежүзілік бағалардан тым жоғары болуы мүмкін. Мұның мəнісі, тарифті саясат кезінде халық шаруашылығының экономикалық шығыны азаяды, ал үлес саясаты кезіндегі шаруашылық тиімсіздігі өте үлкен мөлшерге жетуі мүмкін.

Қандай тауарлар экспортқа шығарылуы тиіс, ал қайсысы импорт бойынша алынуы керек он нарықтың өзі анықтайды. Бұл жағдайда, кəсіпорынның Сыртқы экономикалық іс-əрекеттін мемлекеттің толық қадағалауының қажеті жоқ. Нарықтық құрылымдарға өту ісінде мемлекеттің кошті əсері болуы қажет, өйткені, қалыптасқан тəжірибе негізінде, экспорттық жəне импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулер тобының оптималды мөлшерін табу маңызды. Бұл мəселелерді жоғары технологиялық экономикаға өту кезеңі ретінде қарастырсақ онда болашақты қамтамасыз етудің тиімді əдісі – бүгінгі шикізат экспортынан түскен пайданы, халық тұтыну тауарларын сатып алуға емес, техникалық прогресті инвестициялауға пайдалану қажет. Бұл инвестициялар болашақта Республика экономикасы мен оның халқының жоғары өмір деңгейінің негізін қалайтын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет