Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Осы тарауға енген қылмыстардың топтық обьектісі-экономикалық қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Осы тарауға енген қылмыстардың барлығы дерлік экономикалық қызметтің əртүрлі саласында көрініс табады.
Қылмыстың тікелей обьектісі-экономикалық қызмет саласын реттейтін нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың құрамы қосымша тікелей обьектіге қол сұғуға мүмкін.
Көптеге экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі-оның заты болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз (206-бап); қымбат металдар мен табиғи асыл тастар немесе інжу-маржан (210-бап); тауарлық белгі (199- бап); осы топқа жатқан қылмыстардың обьективті жағы əрекет немесе əрекетсіздікпен сипатталады. Біршама экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамын міндетті белгісі-қоғамға қаупті іс-əрекеттердің істеу тəсілі болып табылады. Мысалы: экономикалық контрабанданы істеу тəсілдері (209-бап); салық төлеуден жалтару (221,222-баптар); кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тəсілдері (214- бап).
Көптеген қылмыстардың обьективтік жағының белгісі- қоғамға қаупті зардаптың- зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру-едəуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір баптардың ескертуінде берілген, (Мысалы 189,190,193-баптар).
Обьективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы кінəнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен істеген қылмыс құрамы жоқ. Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінəнің екі нысанымен жасалады (іс-əрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қаупті зардапты абайсыздықпен) (Мысалы 189-бап).
Қылмыстың субьектісі-жалпы, сондай-ақ арнаулы субьекті болуы мүмкін. Осы тараудағы барлық қылмыстар үшін субьектінің жауаптылығы 16-жастан басталады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субьектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары немесе жеке кəсіпкерлер танылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |