№8 дəріс
Тақырып: Кəсіпкерлік саласындағы шаруашылық байланыстардың ұйымдастыру ерекшеліктері.
Кəсіпкерлік саласындағы шаруашылық байланыстар.
Тауар жұмыс қызметтің жарнамаларын құқықтық реттеу.
Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған жəне бұл мүлікті иелену, пайдалану жəне оған билік ету құқықтарын Азаматтық кодекспен жəне өзге де заң құжаттарымен белгіленген шкете жүзеге асыратын мемлекеттік кəсіпорынның заттық құқығы болып табылады.
Мемлекеттік кəсіпорын мəртебесін бюджеттік ұйымдар мəртебесімен шатастырмау үшін ең алдымен толық шаруашылық жүргізу құқығы деген ұғым енгізілді. Шаруашылық жүргізу құқығының объектісі егер заңда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлік болып табылады.
Шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі “Мемлекеттік кəсіпорын туралы” Жарлықтың талаптарына сəйкес мынадай құқықтарға ие болады.
а) кəсіпорынды құру, тарату жəне қайта құру;
б) оның қызметінің атқаратын жұмысы мен мақсаты;
в) кəсіпорын қарамағындағы мүліктерді мақсатты пайдалануға жəне сақтауға бақылау жасау;
г) кəсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі мүліктерді мүліктерді пайдаланудан табыс түсіру.
Шаруашылық жүргізу құқығының субъективті заңға сəйкес мына төмендегідей деп танылады:
республикалық меншіктегі кəсіпорындар;
коммуналдық меншіктегі кəсіпорындар;
шаруашылық жүргізу құқығының негізінде еншілес кəсіпорындар да құрылуы мүмкін.
Кəсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы иелену, пайдалану жіне билік етуді өз атынан меншік иесі берген өкілеттік шеңберінде жүзеге асырад, ол оның өкілеттігі болып табылады, бірақ мұндай өкілеттік мемлекетте де бар, өйткені əрбір мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттің бір бөлшегі деп танылады.
Шаруашылық жүргізу құқығы меншік иесінің берілген мүлкінің бөлігін иелену, ал кейбір жағдайларды əкімшілік актілер шектеген ретте пайдалану, билік ету құқықтарынан айырады.
Шаруашылық жүргізу құқығына ие болған кəсіпорындар қызметі белгілі бір салаларда ғана жүзеге асаы, олар, атап айтқанда мыналар:
қару-жарақ, оқ – дəріні жобалау, жөндеу жəне тарату, оған əскери техникаларды қорғау құралдары, қосалқы бөлшек, қажетті бөлшектер мен құралдар, қолданудан шыққан əскери-техникалық құралдарды жою, тарату, көшу жəне жөндеу;
уран жəне басқа бөлінетін минералды өндіру, өнім алу, тасымалдау, өңдеу, көму жəне тарату, сондай-ақ олардан жасалатын өнімдерді шығару, тарату.
медикаменттерді, дəрілерді, емдеу қондырғылары мен құралдарын жасау жəне сату;
мемлекеттік монополияға жататын жүйедегі шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
энергетика, су, жылу жүйесі, көлік жолы, байланыс, коммуникация, коммуналдық жəне тұрғын үй шаруашылығы, жəне басқа республикалық жəне жергілікті маңызы бар жүйелерде шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
Кəсіпкерлік қызметті талдау кəсіпорынның қаржылық, өндірістік жəне өткізушілік қызметтерін, маркетингтік басқарудағы ең маңызды элементтері жəне оның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдай коммерциялық қызмет көрсеткіштерін талдау жүйесі мен қолданылатын тəсілдер ерекшеліктерін анықтайды.
Кəсіпкерлік қызметті талдау маркетинг қызметтерін өткізу құралы болған кезде, нарық конъюктурасын бағалау, сұраныс, төлем қабілеттілігі, нарық сыйымдылығы, өнімнің бəсеке қабілеттелігі, сонымен қатар кəсіпорынның баға саясатын құру, тұтынушылық тəртіп пен басқа жағдайлар бірінші кезекке шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |