Дістемелік кешені



бет46/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

№ 6 дəріс (1 сағат)


Мақсаты: Кəсіпкерлік қызметтің мемлекеттік құқықтық нысандарының сипаттамасын, Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорынның кəсіпкерлігі – мемлекеттік кəсіпкерліктің бір түрі ретінде қарастырып, Мемлекеттің

«оперативті шаруашылық» жəне «кəсіпкерлік тəуелсіздік» арақатынасын, кəсіпкерлік қызметті басқа мемлекеттік заңды тұлға түрлерімен жүзеге асыру мүмкіндіктерінің теориялық негіздерін қамту.


Тақырып: Мемлекеттік кəсіпкерлік нысандары


  1. Кəсіпкерліктік қызметтің мемлекеттік құқықтық нысанының сипаттамасы

  2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорынның кəсіпкерлілігі- мемлекеттік

кəсіпкерліктің бір түрі ретінде

  1. Мемлекеттің «оперативті-шаруашылық» жəне «кəсіпкерлік тəуелсіздік» арақатынасы

  2. Кəсіпкерлік қызметті басқа мемлекеттік заңды тұлға түрлерімен жүзеге асыру мүмкіндіктері




    1. Мемлекеттік меншікке құқықтың субьектісі – ҚР – сы субьектілері жəне əкімшілік – аумақтық бөліністер жатады. Мемлекеттік меншікке:

  1. Республикалық меншікке жататын кəсіпорындар жатады - бұл топқа елдердің ұлттық байлығының негізін құрайтын обьектілер билік органдарына функцияларын қамтамасыз ететін жəне жалпы республикалық мақсаттарды шешетін обьектілер, қорғаныс өндірісінің обьектілері, халық шаруашылығын қамтамасыз ететін салалардың обьектілері жатады.

  1. топқа – республика меншігіндегі мемлекеттік меншік субьектілеріне берілетін обьектілер жатады.

Мүлікті шаруашылық жүргізу құқығы – бұл басқа да пайдалануына заттық құқығы болып табылады. Мемлекет өзінің функцияларын асыру үшін өзіне меншік құқығына тиісілі мүлкін пайдаланады. Бұларға қазына қаражаттары

мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік жəне өзге де мүліктер жатады. Мемлекет бұл мүлікке қатысты өзінің иелену, пайдалану жəне билік ету құқықтарын жүзеге асырады. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР-ның Заңы 16.05.02. – мемлекеттік сатып алу деп республикалық жəне жергілікті бюджет есбінен мемлекеттік

тапсырыс берушілер арқылы мемлекеттік меншікке тауарлар сатып алуды жəне мемлекеттік қажетті жұмыстар көрсетуін айтамыз.


  1. Шаруашылық жүргізу құқықтарына негізделген кəсіпорын. Құрылтайшы бекітетін шаруашылық жүргізу құқықтарына негізделген кəсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. Шауаршылық жүргізу құқықтарына негізделген кəсіпорын өз міндеттелмелері бойынша өзіне тиісілі барлық мүлкімен жауап береді жəне мемлекеттік міндеттері жауаптыболмайды. Осы мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқықтарына негізделген кəсіпорын мемлекеттік қорғанысқа қажетті құрал- жабдықтарды өңдеу, жаңарту жəне т.б. қызметтерді жүзеге асырады.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорын мынадай қызметтер аясында құрылуы мүмкін: - қару жарақты жəне оның оқ дəрісін, қорғаныс құралдарын əскери техникасын қосалқы бөлшектерін əзірлеу

өндіру жөндеу жəне сату; босатылған əскери-техникалық құралдарды өңдеу жəне жою;



  • уранды жəне басқа бөдшектенетін материалдарды, сондай – ақ олардан жасалатын бұйымдарды алу өңдіру тасымалдау қайта өңдеу көму жəне сату; - дəрі – дəрмектер дəрілік заттар мен емдеу препараттарын, медециналық жабдықтар мен құрал – сайман жасау жəне сату; -почта байланысы мен телекоммуникация желілерін пайдалану.

Кəсіпорын өз қызметінен алған меншіктің табысы есебінен ұсталады. Шаруашалық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорын уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз:

  • өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды иеліктен айыруға не өзге де əдіспен оларға билік етуге, ұзақ мерзімді жалға беруге,уақытша тегін пайдалануға беруге;

  • филиалдар, өкілдіктер мен еншілес кəсіпорындар құруға, оларға өзінің ақшалай жəне өңдірістік капиталын салуға;

  • өзіне тиесілі акцияларға, сондай- ақ дебиторлық берешекке билік етуге;

  • үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепіл болуға не кепілдік беруге;

  • заемдар беруге құқықтары жоқ.

  1. Жедел басқару құқықтарымен мемлекет мүлкіне ие болған кəсіпорын

қазыналық кəсіпорын деп аталады. Қзыналық кəсіпорын ҚР-ның Үкіметінің немесе Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады. Құрылтайшы бекіткен қазыналық кəсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. Жедел басқару құқықтарына негізделген кəсіпорынның фирмалық атауында кəсіпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетілуі тиіс. Қазақстандық кəсіпорынның шаруашылық қызметі, ҚР немесе əкімшілік – аумақтық бөлініс қазыналық кəсіпорынның міндеттемелері бойынша жəрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік мемлекеттік кəсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тəртіппен туындайды. Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікке кешен құқық обьектісі түріндегі кəсіпорын деп деп танылады. Кəсіпорын тұтасымен мүліктік ретінде кəсіпорынның құрамына оның қзымет етуіне арналған мүліктіңғ барлық түрлері соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесіне құқық, тауар ету құқықтары, борыштар, оның қызметін дараландыратын белгілерге құқықтар (фирмалық атау – тауар белгілері жəне басқа да айрықша құқықтар) енеді. Кəсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу сату, кепілге, арендаға беру жəне заттық құқықтарды белгілеуге, өзгертуге жəне тоқтатуға байланысты басқа да мəмілелер обьектісі болуы мүмкін.

  1. Кəсіпкерлік құқықта заң жауапкершілігінің институты меншік институтымен бірге сала аралық құқықтық институттар қатарына қосылса да,əлі дек болсын, қалыптасу сатысында.Бұған теориялық,практикалық сыпат ретінде бірқатар себептер бар.Осы уақытқа дейін құқық теориясында екі негізгі мəселеге бір текті жауаптар берілмеген:позитивті заң жауапкершілігі жəне заң жауапкершілігінің мамандырылған түрлері.

Социалистік құқық теориясында келеңсіз-ретроспективтік тұрғыдағы

жауапкершілікпен бірге жауапкершіліктің бірге жауапкершіліктіңк позитивтік- перспективалық нысаны кең тараған. Л.В,Ильяшенконың пікірінше, азаматтық, қылмыстық сияқты құқық салалары үшін жауапкершілік негізінен міндеттемелері орындалмаған құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік ,ал мемлекеттік, еңбек, колхоз, отбасы,т.б. құқықтық бірқатар салалары үшін жауапкершілік оның жалпы позитивтік мағынасында болады.Л.Р.Насырованың ұғымынша,құқыққа позитивтік оң жəне негативтік келеңсіз жауапкершілікті,көтермелеу жəне қарсы əрекеттерді шараларды теңдестіру тəн;əлеуметтік пайдалы əрекеттерді құқық неғұрлым көтерлемелесе

,соғұрлым əлеуметтік күш-қуаттың оң көріністері үшін мол мүмкіндіктер туады,əлеуметтік сырқат аз болса,жазалау шараларына қажеттілік сонша төмендейді.Демек,оң жауапкершілік заң жуапкершілігіне кең ұғым тудырады,осыған сəйкес құқықты бұзғаны үшін жауапкершілікпен бірге осы жағдайдың жəне уақыт мұраттарының обьективті талаптарына сай келетіні оң іс-əрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік те болады.Сондықтан И.А.Иконицкаямен келісуге тура келеді:заң алдындағы жауапкершілік қашан да болсын өткен,жасаған іс-əрекет үшін болады,басқаша айтқанда,қылмыс жасамаған тұлға құқықтық жауапкершілік алады;ғылыми болжамдар да,сондай-ақ практиканың мүдделері де құқық бұзушылықтың нəтижесі ретінде заң алдындағы жауапкершілігі үшін көзқарасын қайта қарауға негіз болмайды.Оң жауапкершілікті жақтаушылардан қарсылары көбірек.Бұл тегін емес.Өйткені оң жауапкершілік мемлекеттің құқықтық ережелері жəне заңда қарастырылған тиісті тыйым салуларды орындамағанын айыптауы ретінде жауапкершіліктің заңдық мəнінің өзін теріске шығарады.Жалпы,осы болжам біршама сыпат ала дамыған социализм мен коммунистік қоғам орнату заманының лебі мен ұмтылысын танытады.

Ал бастапқы мəселе, біздіңше, қазіргі жағдайда өзінің көкейтестілігін жоғалтса,онда екінші мəселе нарықтық қатынастар мен оның дамуына өту маңыздылық бола бастайды.Шынында да,бүгінгі таңда заң алдындағы жауапкершіліктің (азаматтық,материалдық,тəртіптілік.əкімшілік жəне қылмыстық) қолданылып жүрген заңнаманы бұзушыларға ықпал етудің қолда бар əдістерін түгел қамти алмайды.Сондай-ақ, сөзсіз, салалық белгілер бойынша жауапкершілік түрлерінің ажыратылуы (бөлінісі) шындап келгенде, құқықтық салалық құрылымымен ( құқық салалары жауапкершілік түрлерінен көп;материалдық жəне тəртіптілік жауапкершілік құқықтың бір саласына еңбек құқына тəн;заң жауапкершілігіңің бір түрі құқықтың əртүрлі нормаларын бұзғаны үшін қолданыла алады)үйлесе бермейді.Ең соңында

,жауапкершіліктің түрлерінің салалық болып бөлінуі дəстүрге айналған,бұл құқықтцың іргелі салалары болып танылған азаматтық,əкімшілік,қылмыстық құқықтың əбден зерттеліп,кеңінен қарастырылғанын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет