Дістемелік кешені



бет43/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

Дəрістің мазмұны:


Кəсіпкерлік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар кəсіпкерлік құқық объектісі деп аталады.

Құқық объектісі ретінде затардың экономикалық (шаруашылық) жəне физикалық қасиеттерінің үлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипати күні бұрын белгіленеді.

Кəсіпкерлік құқық пəнінің объектілеріне:


  1. Өндіріс орындары, кəсіпорындар, зауыт, фабрикалар;

  2. табиғи байлықтар;

  3. ескерткіштер;

  4. құнды қағаздар;

  5. құнды байлықтар,

  6. түсті метал дар.

2. Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданылып жүрген заңда айтылмаған, оның ұғымы зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда физикалық дене ретінде жəне оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.

Затты заңдық жағынан саралау көбіне көп оның табиғи қасиетіне (физикалық немесе экономикалық) немесе қоғамдық маңызына негізделеді жəне əр құқық субъектілерінің белгілі бір заңның түріне қатысты əрекет етуін айқындайды.

Азаматтық кодекстің 117-бабына сəйкес заттардың өзі қзғалатын жəне қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға байланысты, яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына жəне оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кəсіпорын болып табылады. Заң бойынша “кəсіпорын” термині екі мағынада кəсіпорын деп аталады (АК-тің 102-104 баптары). Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асару үшін пайдаланатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кəсіпорын деп танылады (АК-тің 119 бап 1 тармағы). Яғни ондай кəсіпорын құқық объектісі болып табылады, кəсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының жəне басқа да мəмілелердің

объектісі болуы мүмкін, ол əкімшілік тəртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.

Мүліктік кешен ретінде кəсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, жəне тағы басқа айрықша құқықтар болады.

Заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын жəне айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.

Зат “айналымнан алынып тасталған” деген сөзді басқа да мағынада қолданады – мемлекеттік тəртіптің жəне қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап иелік ету жолы айрықша жағдайда қойылған заттарға да қолданады. Мəселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий жəне т.б. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті үкімет орнының рұқсаты бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК- нің 116 бабы, 3 тармағы). Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуі тиіс.

Заттарды бөлінетін жəне бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тəн нəрсе. Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөленгенде мəнін жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседі (мəселен, ескерткіш).

Же містер, азық-түлік жəне табыстар деген заттар да қаралған. Бұл – затты пайдалану нəтижесінде алынған түсім. Жеміс деп отырғанымыз малдың төлі, же міс ағаштарының жемісі жəне тағы басқа, ал табыстар азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар жəне т.б., азық-түлік (өнім) дегеніміз өндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен өнімдер болып табылады.

Затты пайдаланудан түскен нəтижені оның заңды меншік иесі еншілейді.

Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде азаматтық немесе заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нəтижелері жəне оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе қызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгілері жəне т.б) жатады.

Ақпарат жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет жəне коммерциялық құпиялардың мəн-жайы айқындалған, былайша айтқанда, коммерциялық жəне басқалай құндылығы бар ақпараттарға қатысты мəселелерге мəн берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет