Дістемелік кешені



бет48/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

Шарттың түрлері


Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мəміле болып табылады, себебі шарттан, əдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы( несие беруші), екіншісінде-сол құқыққа икемделген міндет( борышкер) болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мəмілеге мысал бола алады( АК-ның 228-бабы).

Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп əрекет жасауға келіседі жəне осы қызметтің нəтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет ( жай серіктестік) туралы шарттың « Міндеттемелік құқық» туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес ( АК-ның 228 –бабы).

Көп жақты шарттарға, əдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы( 387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы ( 391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.

« Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін» ( 379-баптың 1-тармағы) деген ережені Қазақстан республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұд ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.

Азаматтық-құқықтық шартты , əдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік обьектісін бірлесіп иелену жəне пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады.

Шарттан авторлық қатынастар( бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштыұ қатынастар жəне т.б. туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.

Құқықтық қатынастар кешені ( заттық жəне міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынант туындайды.(41).

Шарттантуындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже қолданылады.( 268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында жəне шарттардың АК-да көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде ( 379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген..


  1. баптың 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдыұ фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттеимелерге міндеттемелер туралы ережені қолдану АК-ның шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы,талапқа көну жəне борышты аудару туралы кейбір ережелер( 339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде ( лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Яғни, шарттардың осы түрлері туралы нормалар қолданылады.

Ак-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан(бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт жəне басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей(міндеттемеден басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мəнінен өзгедей туындамаса, АК-ның 22-тарауының баптары қолданылады.

Мысалы бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай шартының мəнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен жəне бұзумен байланысты көптеген ерекшеліктер туындайды, олар АК-ның 2 жəне 12-тарауларында немесе шартта АК-ның 22-таруына қарағанда басқаша шешіледі.

АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы мəселені шешепейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мəселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы ережелер қолданылады (5-баптың 1- бабы)

Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. АК-да , заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде , шарт жасау міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасауға мəжбүрлеуге жол берілмейді

( АК-ның 380 бабының 1-тармағы).

Шарт еркіндігі туралы норма 8-баптың азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.

Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кəсіпкерлік қызмет еркіндігімен жəне тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасау еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады

(10-бап).



  1. баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы –бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сəйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматттық кодексте мұқият реттелді.

Қазір шарт жасасуға мəжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында жинақталған(АК-ның 399-бабы).

Шарт жасасу міндеті АК-да , егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген.(387-бап).

Сатыпалу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендірі туралы жарлықтың 14- бабының 6-тармағында жəне Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.

Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттмеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады. (АК-ның 390-бабы).

306-баптың 1-тармағына сəйкес , кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.

Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады (380-баптың 2-тармағы). Ак-ның Ерекше бөлімі баптардың басым көпшілігі заңнамада көделген шарттарға арналған.

Шарттың мазмұны мен формасы

Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасақан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды. Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.

Шарт ережелерні анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым саланғанынан басқа кез келген ережені анықтауға құқылы.

АК-ның 382 –бабының 1-тармағында императивтік жəне диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.

Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса,

( императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруды мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орындауға міндетті (383-бап).

Мысалы, 282-бапта ақша міндеттемесі қазақстан аумағында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген. Немесе , 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Сондықтанда, шарттың тараптары есеп –қисапты доллармен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.

Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.

Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.

Мысалы, АК- ның 285- бабына сəйкес екі немесе бірнеше əрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі.Сондықтан тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тəртібін қарастыра алады.

Егер тараптар шартта осы ережеге қатысты ешнерсе қарастырмаған болса,онда заңмен белгіленген норма қолданылады.

Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тарапттар шартта кез келген жағдайды қарастыруға құқылы,егер олар оны істемесе

( білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.

Қандай да бір ережені тараптардың өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскердік айналым дағдысы бар болып, оны дəлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.

Дегенмен, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі жəне əрқашанда дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет