№ 10 дəріс (1 сағат)
Тақырыбы:Сыртқы экономикалық іс əрекеті
Сыртқы экономикалық іс-əрекетті реттеу.
Сыртқы экономикалық іс-əрекеттерді басқару органдары.
Сыртқы экономикалық іс-əрекеттердің аумақтық мекемелері
Дəрістің мазмұны
Кəсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі – бұл экспорт жəне импорт тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік жəне өндірістік-шаруашылық салаларының қызметтері.
Кəсіпорынның халықаралық нарыққа шығуы кəсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге əкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұлттық экономиканы тұрақтандыруда қосымша ынталандырудың елеулі факторы болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты – сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру. Бұл жөнінде соңғы кездерде республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден, кəсіпорын сыртқы экономикалық факторларға икемді жəне жедел сезінуі, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын ұтымды пайдалану мақсатында белгілі өндірістік ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, жəне де кері байланысы да болады: түрлі елдердің серіктестіктері шаруашылық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанмен кəсіпкерлікті нақтылы дамытуға елеулі ықпал етеді, оның техникалықжəне технологиялық деңгейінің артуы, ең ақырында экономиканың өсуіне əкеледі. Сооңында, төртінші, тек ұлттық шаруашылық кешенінде тұйық оңашаланған, Сыртқы пайдалы бəсекеден айырылған кəсіпкерлік, белгілі тиімділік дəрежеге жете алмайды.
Жеке кəсіпкердің сыртқы экономикалық қызметі заңды тұлғаларда белгіленгендей сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.
Жеке кəсіпкердің ауылшаруашылық өнімдерін қоса алғанда өздері дайындаған өнімді экспортқа шығаруы Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі заңдарға сəйкес жүргізіледі.
Фирмалар мемлекет жағынан тікелей басқарылатын фирмалар болып жəне басқарылмайтын фирмалар болып екіге бөлінеді. Осы жалпы фирмаларға əсер ететін факторлар екіге бөлінеді:
сыртқы фактор;
ішкі факторлар.
Достарыңызбен бөлісу: |