Дістемелік материалдар кешені


Зертханалық сабақты өткізу түрі



бет28/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

Зертханалық сабақты өткізу түрі:



Зертханалық жұмыс

Лаб7

Жұмысты орындау реті:

Зертханалық жұмыстарға қажетті құрал- жабдықтардың тізімін жасау.
Микроскоппен жұмыс жасаудың тәртібін меңгеру.



Лаб8

Зертханалық жұмыстарға жеке тапсырма:

1.6 сыныптағы биология пәнінен жүргізілетін зертханалық сабақтардың тақырыптарын анықтау.
2.Таңдап алған тақырып бойынша зертханалық жұмыстардың жоспарын түзу.

Лаб9

Есеп беруді рәсімдеу талаптары:



Есеп төмендегілерді қамтуы қажет:

  • жұмыстың тақырыбын, есептің қойылымын және оның орындалу тізбегін;

  • бақылау сұрақтарына жауаптарды;

  • жұмыстың негізгі кезеңдері мен орындалу нәтижесін зерттеу түрінде көрсету.

Лаб10

Сабақты бақылау түрі:

Жеке тапсырманы қорғау



Лаб11

Ұсынылатын әдебиет:




Лаб11.1

Негізгі әдебиеттер:




Лаб11.1.1

1

1.Верзилин Н. М., Корсунская В. М. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.


Лаб11.1.2

2

2.И. Д. Зверев, Е. М. Мягкова. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.



Лаб11.1.3

3

3.Қуанышова С. Е. „Биологияны оқыту әдістемесі” Шымкент, 2003 жылы, ОҚМУ.



Лаб11.2

Қосымша әдебиеттер:




Лаб11.2.1

1

И. Я. Лернер Проблемное обучение.- М.: Знание. 1974.

Лаб11.2.2

2

Абай. „Қара сөздер”.- Алматы.: Атлас. 2001- 128 бет.

Лаб11.2.3

3

Ә. А. Қалыбекова, Ж. Ы. Ысқақов, Т. М. Әлсатов „Мұғалімдердің педагогикалық сөздігі мен анықтамалығы”. Алматы.:Алматы Қазақ университеті. 2002- 287бет.



Лаб12

Қосымша (ТСО қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі құралдар, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Лаб13

Тарау нөмірі

1

Лаб14

Тарау атауы

Биологиялық білім берудің негізгі үрдістері мен даму кезеңдері, әдіснамалық және теориялық негіздері



10-сабақ (Дәріс 7)



Л1



Тақырыбы №

10

Л1.1

(атауы)

Биологиялық білім беру дамуының осы заманғы жалпы білім беретін мектеппен арнаулы орта орнындағы үрдістері. Биологиялық білім берудің зерттеулерінде әдіснамалық тәсілдерді қолдану.
ақпараттық жүйенің негізгі элементі ретінде

Л1.2

___ сабақ

10

Л1.3

№____ дәріс сабағы

7

Л1.4

Сабақ пререквизиттерінің номерлері




Л2



Жоспар:
(қаралатын сұрақтар тізімі)




Л2.1

1

  1. Биологиялық білім беру дамуының осы заманғы жалпы білім беретін мектеппен арнаулы орта оқу орнындағы үрдістері.

Л3

Дәріс өткізу түрі:

Топтық жоба



Л4



Мазмұны :
(дәріс материалы)




Л4.1

(пункт материалы Л2.1)

1.Биологиялық білім беру дамуының осы заманғы жалпы білім беретін мектеппен арнаулы орта оқу орнындағы үрдістері.

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактаттары, сондай- ақ Алтын Орда дәуірінің даналары: Хорезми, Сараи, дулати, Жалайри, Әбілғазы,т.б. еңбектері - қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар. Ал Асан қайғы, Жиембет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа т.б. сол сияқты күміс көмей, жез таңдай ақын- жыраулардың әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғам, жан мен тән, тіршілік тынысы туралы терең толғаныстарының, дана өсиеттерінің қазіргі жастардың білімі мен тәрбиесіне берер пайдасы , қосар үлесі қаншама.


XIX ғасырдың аяқ шені қазақ жерінде саяси- әлеуметтік, мәдени – ағартушылық идеялардың өркен жайып , қоғамдық санаға жаңа ғасырға тән өзгерістер ендіре бастаған екпінді де елеулі жылдар болды. Осыдан жүз жыл бұрынғы ғасырлар тоғысындағы қазақ қоғамында орыстың социал- демократтары ықпалымен және атақты Шоқан , Ыбырай , салған ізбен халықтың мәдени – экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері өз жалғасын таба берді. Осы тұстағы қоғамдық санада көрініс берген ағартушылық қозғалыс туралы «Қазақстандағы педагогикалық ой- пікірлер антологиясы» былай дейді: «Дала өлкесіне әлеуметтік - демократиялық идеялардың жаңа толықыны кіріп, аймақтарда педагогикалық ой- пікірдің жеңіл дами бастаған кезі еді». (Антология пед. Мысли Казахст. А. Рауан, 1995ж, 12 б.)
Бұл қазақ даласындағы араб, татар тілдеріндегі оқулардың, діни білімнің көңіл көншітпей, қазақ жастарының қазақ және орыс тілдеріндегі мектептерге ұмтыла бастаған, жаппай ояну үрдісі белең алған тұс болатын. Осынау мәдениет майданында оқу – ағарту ісінің алатын орны айрықша. Қазақ қоғамының бұдан жүз жыл бұрынғы ұлттық мектепке деген сұранысы ұлттық мектептің жаңа үлгісін жасауда ізденістер жасап жүрген бүгінгі сұранысымыз бен қажеттілігіміз арасындағы ортақ сарынды, ұқсастықты, сабақтастықты байқатады.
Ежелден тағдырлас, көршілес болып келе жатқан Ресей жеріндегі 1905 жылғы саяси оқиғалардан ел ішінде түрлі толқулардың болып тұрғаны тарихтан белгілі жай.Оның ықпалы қазақ еліндегі мәдени қозғалыстарға да тиіп отырған. Патша өкметінің ағарту саласындағы саясаты қарапайым халықты қанағаттандырарлық емес еді. Тарихи деректерге дер салсақ, 1911 жылы Ресей халқының 19-20% сауатты болса, қазақ жеріндегі сауаттылар саны одан да төмен болды. Рессейде жан басына шаққанда білім алуға 56 тиын жұмсалса, қазақ елінде одан 4 есе төмен, яғни жан басына 14 тиын ғана бөлінді. Орта есеппен алғанда 1913 жылы Қазақстанда 157 орыс- қазақ мектебі болса, олардың әрқайсысындағы оқушылар саны 50-ден аспайтын. Әйткенмен , бұл цифрлар қазақ жерінде білім беру ісінің болғандығын дәлелдеп, оның қыры мен сырын тереңірек аша түсуге мүмкіндік береді.
Қазақ топырағындағы алғашқы мектептердің негізін салушы, дала қоңырауы, қазақ шамшырағы атанған Ы. Алтынсарин десек, о. ның пионерлік ісі Қазақстанның сол кездегі барлық болыс, уездерінде өз жалғасын тауып отырған. Ағартушылық істі ақындық, жазушылық өнермен өрнектеп, журналистік, қайраткерлік, ғалымдық қабілетімен шебер ұштастыра білген.
Адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны өз алдына бір төбе. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары XX ғасырдың басында тәлімдік ой- пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мыржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі.
Қазіргі мектеп қандай болу керек? Бұл өте ауқымды мәселе. Бізге, Адамды – тәрбиелеп, өсіретін қоғамды жөндей алатын, өркениетті демократиялық қоғамның үлкен азаматын қалыптастырып шығаратын мектеп қажет. Ең алдымен, біздің мектептер бойына сіңгенқаыгездік пен бұйрықшыл ниеттерінен айырылып , оқушының жеке қара басына, яғни оқу- тәрбие ісін жекешелеу (диференциялау) ісін жоғары көтеру керек қой деймін. Балаға, оның тағдырына жауапкершілікпен қарау, өзін сыйлау, денсаулығын биологиялық – генетикалық жағдайы, психологиясын білу мұғалім үшін парыз. Бір сөзбен айтқанда, баланың адамгершілік құқығын сыйлау, онымен санасу керек.
Оқу – тәрбие ісінде қоғамдық пайдалы еңбекті дамыту қажет. Ең алдымен еңбек дегенде - оқушының өздік ойлау қабілетін, түйсігін дамыту үшін білімді өз бетінше істеуге, өз бетінше білім алуға дағдылануы қажет. Біздің оқушыларымыздың көпшілігінің ойлау қөабілеттері төмен.
Оқу тәрбие - ісін ізгілендіру әсіресе тіл- әдебиет, тарих, эстетикалық бағыттағы пәндердің берілуін кеңейту. Жалпы, баланың бойына инабаттылық, адамгершілік, әсемдік, эстетикалық дүние таным әліппелерін дамыту болашақ мектептің түп қазығы болуы керек. Қазіргі таңда мектептің рөлі ерекше. Ол үшін жоғары оқу орнынан бастап бплбақшаға дейін оқу тәрбие жұмысы өзгеруі қажет. Оқулықтар, әдістемелік көмекші құралдар халқымыздың ғасырлар бойы жиған асыл қасиеттерінен нәр алуы керек болады. Әр пәнде халықтық тәрбиенің негізгі болғаны жөн.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тағылымын бассқұжат ретінде ұстау қажет. Имандылық , адамдық парасат, даналық, осылар ұлт мектебінің негізінде болуы қажет.
Әрине ұлттық шеңберде тоқталып қалмай әлемдік педагогиканың асыл қазыналары да мектептің қайнар көзі болуы шарт. Болашақтың мектебі оқушының көз қарасымен қалыптасып, оның құқымен тығыз байланысты болуы керек. Сонымен қатар ол мектеп бірнеше сатылы және әр бағыттағы әр салалы болғаны жөн. Оқушы өз білім дәрежесіне сай, жүрек қалауымен мектебіндегі пәнге, мұғалімге, сүйген мамандығына баруға тиісті. Оқи жүріп, қолы босында еңбек ету үшін болашақ тұрмыс, өмір сүру жағдайларын ойластыру керек.

Осыған орай, мысалы: физика, химия, биология, астрономия, география сабақтарында практикалық- лабораториялық сағаттарды көбейту керек. Әр пәнде бүгінгі алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтар, ғылымның ұшқындары болуы қажет. Немесе ғылымтану (науковедение) курсын мектепте жүргізу керек. Сонымен қатар, мұғалімдердің өздері жоғары дәрежелі - әр ғылым саласынан терең түсініктері болуы шарт.Ой - өрісі жоғары дамыған оқушылар үшін ерекше мектептер сыныптар қажет. Ол үшін ең алдымен жоғары дрежелі мұғалімдер ұжымы қажет. Оны шешудің жолдары: мектептегі алдыңғы қатарлы (әсіресе жастар) мұғалімдер мен педагогикалық институттың ғалымға бейім студенттері бірлесен ошақтар құру. Білімге, ғылымға өнерге ынтасы бар балаларды педагогикалық психологиялық әдістер арқылы бөліп, сол оқушыларға әр түрлі жағдайлар жасау қажет.


Ең алдымен алған пәндері бойынша ғылымның әр саласынан оқушыларға дәріс беру. Бұл жерде қазіргі болсын, бұрынғы болсын қатып қалған тәртіптен айырылу қажет. Сыныппен еркін, тығыз табиғи байланыста болған жөн. Мейірбандылық, имандылық шарттарын сақтай отырып, оқушыларға еркіндік беру керек. Жолдастарыңмен қалай қатынас жасасаң, оқушыларыңмен сондай қатынаста болған жөн.Дегенмен дәл бүгінгі мектептегі білім беру тәрбие жүйесі бүгінгі талапқа кеңінен жауап бермейді. Ол үшін ең жоғарғы оқу (педагогикалық жоғары оқу орындарының) бағдарламасы мен бағытын өзгерте отырып, бүгінгі, болашақ жаңа тұрғыдағы мектептердің мұғалімдерін оқытудың жаңа әдістерімен таныстырып, дайындап шығарса болар еді. Бүгінгі институттар мен университеттерді бітіріп шығып жатқан мамандар техника тілін, компьютер, бүгінгі саясат пен экономикалық түсініктер тұрғысынан келсек көңілден шыға бермейді. Кейбір жағдайларда оқушыларымыз ұстаздарға қарағанда жоғары тұратыны байқалады. Оқушының білгенін ұстазы білмей тұрса, не оған түсініп жауап бере алмай тұрса мұғалімге қандай бедел қалмақшы? Келесі білім жетілдіру институтының рөлінде өзгерту қажет сияқты. Білім жетілдіру институтында оқытудың жаңа технологиясы кафедрасын құру керек. Я болмаса , лаборатория ашу керек те оны алдыңғы қатарлы ғалымдармен, әдіскерлермен қамтамасыз етіп, көпке ұсыну қажет. Яғни, жоғары оқу орны – мектеп- білім жетілдіру институтының тығыз қарым- қатынаста болу керектігін өмірдің өзі мойындап отыр. Мұғалімдер білімін жетілдіру институты сондай – ақ алдыңғы қатарлы жаңашыл мұғалімдердің лабораториясын қүрып, олардың іс- әрекет - әдістерін екшеп, тексере отырып, құнды жақтарын мектептерге таратып , өзіміздің мектептерге педагогикалық ғылымның табыстарымен, жаңалықтарымен, әдістерімен қамтамасыз ету қажет. Тағы бір айта кететінн мәселе - тіл мәселесі. Әрине, егеменді мемлекеттің мемлекеттік тілі болмайынша ол мемлекеттің болуы мүмкін емес. Сол себептен тілді үйрету проблемасы қазақ мектебі үшін де, орыс мектебі үшін де ерекше орында тұр. Өкінішке орай соңғы кезде тек қана қазақ тіліне ден қойып, басқа тілге көңіл аудармау тенденциясы өсіп келе жатқандай. Біріншіден, ең алдымен барлық қазақ ана тілін өте жақсы білуі тиіс. Тіл білмесе ол өзінің тарихын да, мәдениетін де, дәстүрін де білуі мүмкін емес. Әсіресе, орыс мектебінде оқитын қазақ балаларына тіл үйрету проблемасы ерекше ойландыратын жайт. Техникалық құралдарсыз ЭЕМ компьютерлерсіз тілді тез үйренуге болмайды. Бірақ ол болашақтың ісі. Тіл біздің ең бірінші проблемамыз болуы керек. Өйткені оның қорлығын көрдік, әлі де көріп отырғанымыз белгілі. Ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, өзекті мәселелер-ден туған қайшылықтар, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми- білімнің түрлі салаларында әлемдік іс- тәжірибені оқып- үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.
Сондықтан әр түрлі елдер мен халықтардың экономикалық көрсеткіштерін, әлеуметтік – саяси жүйесін, мәдениет моделін салыстырмалы түрде оқып үйрену қызығушылық тудырады. Түрлі ғылым саласындағы мамандар бүгінгі өркениетті нарыққа өту кезеңінде, республикадағы білім беру саласының әлемдік білім беру кеңістігіне енуге қадам басу шағында, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті біріктіре оқыту мен тәрбиелеу мақсатын көздеуде. Сол себептен білікті мамандар өздерінің шетелдік әріптестерінің кәсіби іс- тәжірибесін зерттеуге, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға , озық ойлы идеяларын өз ұлтының менталитетіне сәйкестендіруге, өз іс- тәжірибелерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауға ұмтылыс білдіріп, алғашқы қадамдар жасалуда. Сондай салалардың бірі – білім беру саласы болып табылады. XXI ғасыр табалдырығын аттаған сәтте білім беру саласы күрделі өзгерістерге ұшырауда. Білім беру саласы әлеуметтік инфрақұрылымның бірден- бір мәнді, динамикалық элементі болып келеді. Дегенмен де, барлық әлемде де білімберу саласы қандай да бір жағынан, қандай да бір түрде дағдарысқа ұшырауда. Қаншалықты дамыған ел дегенімізбен де әр елдің білім беру саласы қандай да бір мөлшерде қазіргі цивилизацияның талаптарына сай жауап бере алмауда. Сол себептен де білім беру ісін реформалау шартты.
Өркениетті елдердің бәрінде де білім беру ісін реформалау әлеуметтік саясаттың маңызы құрамды бөлігі болып табылады. Оған үкімет, парламент, қоғамдық және халықаралық ұйымдар белсене кірісуде. Реформалау көп аспектілі (салалы). Олар білім беру ісін басқаруды қайта құру және оның функцияларын жергілікті, аудандық, орталық өкіметке қайта қарап бөлумен, оқу орындарының жаңа типтерін құру, оқу – тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістерін модернизациялаумен сипатталады. Жаңарту не қайта құру бала- бақшадан жоғары оқу орындарына дейінгі білім жүйесінің барлық саласын қамтуда.Қазір республикамызда білім саласында демократияландыру мен ізгілендіру жүріп жатқандықтан, соңғы кездерге дейінгі дағдарыстан шығудың альтернативті жолдары көрсетілуде. Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерістермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым- қатынас,(білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда. Бұрынғы кезде тұлға бойында кездесетін жағымсыз қасиеттер қатарына жататын (үнемшілдік, өзіндік «мен», т.б.) қасиеттер нарық жағдайына байланысты қажет болуда және көпшілік, қоршаған орта оларды дұрыс қабылдауға дағдыланған,т.с.с
Дегенмен де, жаңарту үрдісі үлкен қиындықтарға ұшырауда, экономика, мәдениет, ғылым және әлеуметтік қатынастардағы динамикалық өзгерістерге көп жағдайда ілесе алмайды. Барлық жердегі не барлық кезде де реформалау терең теориялық базаға негізделе бермейді. Олар эмпирикалық үрдісте білім берудің жаңа жолдарын іздестіруде өзіндік «қысқа ғұмырлы» сынақпен не қайта жөндеу қиынға түсетін қателермен аяқталып жататыны сирек құбылыс емес. Әрине, бүгінгі күнде республикамызда білім беру саласындағы жүріп жатқан реформалау сондай – деген ой туғызудан аулақпын. Бұл жалпы қазіргі кездегі білім беру ісінің даму тарихына туған ой. Кейбір кезде «реформалау» терминінің мәні асығыс және жан - жақты, терең ойластырылмаған «аққан жұлдыздай» жарқ етіп жоқ болатын жаңалықтармен шатастырылады. Мысалы, қазіргі мектептердегі тәрбие жұмыстары мен оны ұйымдастыру әдістемесін айтуға болады. Республиканың әр түпкіріндегі әр мектептердің әрқайсысында әртүрлі қоғамдық ұйымдардың құрылуы және ғұмырының қысқа болып қалуы . Неге? не себептен екен деген ойлар мазалайды.
Бұрынғы жүйедегі деп «октябрят», «пионер», «комсомолдың» орнын басарлықтай ұлттық менталитетке икемделген әлемдік мәдениетке, қазіргі балалар психологиясына сәйкес нәрсе ойлап табылмағаны ма, әлде жекеленген авторлардың жұмыстарының сапасының төмендегенінен бе? деген сұрақтарға кім жауап береді және қашан?
Біздің ұландарымызды сыныптан тыс жан- жақты ойластырылған, бір жүйеге келтірілген тәрбие ұйымдары арқылы қашан тәрбиелейді? Ертең аға буынға «соншама селсоқ болғаныңыз не?» деген сұрақ қоймасына кім кепіл. Мұнан шығатын қорытынды: білім саласындағы реформалау ісі әлі де болса оқу мен тәрбие үрдісін тұтас педагогикалық үрдіс деп қарай алмай тұрғандай. Тәрбиелеу ісінде жаңа қазіргі заманға сай, әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыратындай реформалау дүниеге келе ме?

Л5





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет