Мырзабаев А.Н., Биологияны оқыту әдістемесі.- Қарағанды, 2006.
Лаб11.2
Қосымша әдебиеттер:
Лаб11.2.1
1
Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы бөлім: доріс курсы. Алматы,2010
Лаб11.2.2
2
А. К. Колеченко. Энциклопедия педагогических технологий. Изд-во АРО, 2002 г.
Лаб11.2.3
3
Н. И. Сонин, М. Р. Сапин, Ә. Қ. Қисымова „Биология. Тірі организм„. Оқулық. А., 2004.
Лаб12
Қосымша (ТСО қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі құралдар, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)
Лаб13
Тарау нөмірі
1
Лаб14
Тарау атауы
Биологиялық білім берудің негізгі үрдістері мен даму кезеңдері, әдіснамалық және теориялық негіздері
15-сабақ (Дәріс 11)
Л1
Тақырыбы №
15
Л1.1
(атауы)
Биологиялық білім беру жүйесіндегі тәрбие теориясы. Биологияны оқыту кезінде оқушыларға кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері.
Л1.2
№___ сабақ
15
Л1.3
№____ дәріс сабағы
11
Л1.4
Сабақ пререквизиттерінің номерлері
Л2
Жоспар: (қаралатын сұрақтар тізімі)
Л2.1
1
Биологияның оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеу
Л2.2
2
Мектеп биологиясы және практика. Политехнизм.
Л2.3
3
Мектеп биологиясының табиғатты қорғау мәселелері жөніндегі мазмұнды қарастыруы
Л3
Дәріс өткізу түрі:
шолу дәріс
Л4
Мазмұны : (дәріс материалы)
Л4.1
(пункт материалы Л2.1)
Мектептің негізгі міндеті - жас ұрпақты тәуелсіз Қазақстан қоғамының құрылысын жүзеге асыруға, диалектикалық-материалистік көзқарасқа, биология ғылымының негізгі білімдерін, ауыл шаруашылық өндіріс негіздерін, биология ғылымына байланысты озге де халық шаруашылығы салаларының негіздерін саналылықпен, берік қаруландыру. Өздігінен білім көтеру арқылы оқушыларға қажеттігіне байланысты іскерлік пен дағды дамытуға болады.
Мектепте оқытылатын биологияның білім беру жәнс тәрбие ісінде маңызы зор. Бұрьш жеке-жеке пән болған биология қазіргі кезде топтастырылып, бір ғана пәнге ~ биологияға айналды. Дегенмен оқушылар биология пәнін мектепте оқып, өсімдіктанудан, жануартанудан, тәнтанудан және тіршіліктанудан ғылым негіздерін игереді. Олар сабақ үстінде өздерінің айналасындағы әлемнің шығу тарихының заңдылықтарымен, дамуымен танысады; өсімдіктер мен жануарлар табиғатын түсініп, қоғамға, халқымыздың тұрмысын жақсартуға үлес қосады. Табиғат қүбылыстары туралы түсіндіру, оның ағзалық әлемнің дамуынан негіз алған зандылықтары орта мектептің тіршіліктану пәніңде тереңірек түсіндіріледі. Сөйтіп олардың біртіндеп диалектикалық-материалистік көзқарасы дамиды.
Диалектикалық-материалистік козқарасты тэрбиелеу. Мұғалім сабақ берген кезде оқушыларға табиғаттың біртұтастығына, ондағы заттар мен құбылыстардың бірінен-бірін ажыратуға болмайтын, біріне-бірін табиғи байланыстылығына, біріне-бірінің себепксрлігіне срекше назар аударып, оған оқушылардың көзін жсткізетін дәлелдерді пайдалануы тиіс.
Мектепте биологияны оқыту барысында табиғаттың үздіксіз қозғалыс және өзгеру күйінде, уздіксіз жаңаланып, дамуда болатынына оқушылар назарын аудару қажет. Мұны оқушылар табиғаттағылардың барлығы ескісі бұзылып, одан тіршіліктің, жаңасы туындауы мысалынан айқын түсінеді. Әрине сабақта философиялық ұғымға оқушылардың көңілін бөліп, диалектикалық-материалистік негіздерге анықтама беру қажет оқушылар дұрыс баяндалған мысалдар арқылы диалектикалық-материалистік көзқарасқа өздері-ақ қанығады. Биологияны оқыту барысында табиғаттағы заттардың, қарама-карсылық қасиеті салдарынан дамудың жүзеге асатыны оқушыларға ерекше түсіндірілуі тиіс. Бұған зат алмасу барысындағы ассимиляция және диссимиляция үрдісі нақты мысал бола алады. Осындай қарама-қарсылық күресі нәтижесінде сандық өзгеріс сапалық өзгеріске айналады. Оқушыларға биология сабағында карапайымнан - - күрделіге, төменнен - - жоғарыға үдемелі өзгеріс үрдісі - даму негізі екені түсіндірілуі қажет.
Адамгершілікке тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиенің мақсаты жеке басты адамгершілікке қалыптастыру екені мәлім. Сондықтан оның негізгі міндеттері - адамгершілік сананы, жеке бастың маңызды моральдық сапалар сезіміне және мінез-құлқына қалыптастыру. Адамның адамгершілік сапаларының дарежесі оның тәртібі мен іс-әрекеті негізінде анықталатыны әлдеқашан дәлелденген. Сана-сезім ұзақ уақыт қалыптасады. Біздің мақсатымыз -табиғаты, тіршілік иелерін (өсімдіктер мсн жануарлар) түсіндіру барысында олардың мекен орнын, тіршілік әрекеті, өмір сүру жағдайлары оқушыларға зор сенімділікпен, мінез-құлқына әсер ететіндей, күшті сезім туғыза алатындай дәрежеде оқушы санасына ұялату. Адамгершілік тәрбисні баяндау, кеңес беру, жазалау, т.б. арқылы қалыптастыру мүмкін емес. Сезім оқушы мінез-қүлқына керемет әсер ете алатындай болуы қажет. Мысалы, өз өлкесінің табиғатын мектепте қаншама кызықтырып баяндағанмен де оқушыларда табиғат туралы сезімнің туындамауы мүмкін, ал оқушыларды туған табиғаттың ең сәнді жеріне танымжорыққа , ондағы әрбір нысандарға оқушылар өз көзімен қанықса, өздеріне ұнайтын көріністерді фотоға түсіріп, мектепте "Туған өлкеміздің табиғаты" тақырыбында фотостенд жасалатынын айтса, олардың нәзік сүйспеншілік сезімі оянып, өлке табиғатының сұлулылығы мсн ұлылығын мәңгі жадында сақтайтыны сөзсіз. Табиғаттағы тіршілік иелерінің келер ұрпаққа да қажет екенін
Л4.2
(пункт материалы Л2.2)
А.И.Герцен жастарды тәрбиелеуде жаратылыстану білімінің маңызын айта келіп, оның жастық ақыл-ойды ескінің қалдықтарынан тазартуға бағытталатынын, осы кінәратсыз негізде оларға кең мүмкіншілік ашатынын жазған еді.
Биология курсын жүйелі оқу-үйрену барысында оқушыларды қоршаған әлемнің материалдығы және оны танып білуге болатыны туралы ұғым, наным-сенім қалытггастыруда биологиялық бақылаулар, тәжірибелер ерекше орын алады.
Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселелері бүкіл-әлемдік масштабта. Сондықтан биологиялық білім әрбір азамат, мемлекет, адамзат үшін ауадай қажеттіліктің бірі.
ХХІ-ғасыр биология ғасыры демекші, биология ғылымдарының жетістіктері тіршіліктің сан-алуан салаларында қолданылуда. Ауылшаруашылығында, өнеркәсіпте, өндірісте, медицинада, космостық биологияда. т.б.
Орта мектептерде биологиялық білім қалыптастырудың негізгі мақсаты болашақ мамандықты тандауға еңбек іс- әрекетіне дайындауға және оқушыларды өмірге дайындауға бағытталған. Соңғы жылдары бұл мақсатты шешудің методологиялық негізі түбегейлі өзгеріп оқушылардың интеллектуальді шығармашылығының дамуына және мектеб биологиясының қолданбалы аспектілеріне олардың мазмұнына байланысты екендігі дәлелденді.
Мектеп биологиясының лсы бағыттағы негізгі оқушылардың политехникалық білімінің дамуына көңіл бөліп табу болып табылады. Оқушылар мектеп биологиясын оқу барысында өндірістің технологиялық бағыттарына бейімделуі тек материалды тұрғыда емес бүкіл ішкі дүниесі және эмпирикалық теориял ық және конструктивті мақсаттарды шешу үшін өзінің күш жігерін байқап көруі тиіс. Еңбекке тәрбиелеу мәселелерін концептуальді методологиялық негізде шешу қажет. Бұл мәселеде биотикалық және абиотикалық еңбек концепциясы маңызды. Биотикалық еңбек биологиялық процесстерді жүзеге асыруды қамтамассыз етеді. Ал абиотикалық еңбек адамзаттың табиғатқа кері әсер етуі табиғатқа бағынуы, табиғаттың қасиеттерін есепке алмау т.б. көріністері туындайды. Бұл шеңбердегі еңбекте табиғат адамзатқа қарсы рекет жасайды.
Л4.3
(пункт материалы Л2.3)
Ал жасөспірімдер мен жастар үшін білім мен тәрбиесінің, сан алуан жақтарын қамтыуда, биологиялық білімнің мәні зор. Мысалы: политехникалық, санитарлық-гигиеналық, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру, байқампаздық пен бақылау икемдеріне, логикалық ойлау мен шығармашылыққа, этикалық-эстетикалық тәрбие, табиғатты сүю, аялау, қорғау, экологиялық-эволюциялық білім мен тәрбиені қалыптастырып дамыту, отаншылдық-патриоттық сезім мен тәрбие қалыптастыруда алатын орны ерекше.