3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
Осы стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады:
3.1 Баға: бағалау нәтижесінің шартты-формальды (белгілік) бейнеленуі; білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың сандық көрінісі.
3.2 Бағалау: белгіленген өлшемдер бойынша білім алушылардың іс-әрекеттерінің шынайы қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған білім беру нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
3.3 Бейіналды даярлық: білім алушының негізгі орта білім бейінін, жеке білім беру траекториясын тандауына мақсатқа бағытталған педагогикалық қолдау көрсету;
3.4. Бейінді оқыту: білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру
3.5 Бейіндік пән: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын айқындайтын оқу пәні.
3.6 Білім алушыларды қорытынды аттестаттау: білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
3.7 Білім беру қызметі: тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттері шешілетін мақсатты, педагогикалық негізделген, білім беру субъектілерінің бірізді өзара ықпалдасу үдерісі.
3.8 Білім беру үдерісінің мониторингі: білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін жүйелі түрде бақылау, диагностикалау, талдау, жағдайын, нәтижелердің өзгеру динамикасы мен жүзеге асырылу шарттарын бағалау және болжау.
3.9 Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау: білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім.
3.10 Білім беру саласы: ең аз мөлшердегі және оқу пәндерінің функционалды толық жиынын қамтитын және оқушылардың дене, интеллектуалдық, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, экономикалық, коммуникативтік және ақпараттық дамуын қамтамасыз ететін орта білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |