3.19 Оқу бағдарламасы: әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
3.20 Оқыту бағыты: белгілі бір білім беру салаларының пәндер топтарын кеңейте оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік оқытудың ұйымдастырылу нысаны.
3.21 Оқу жоспары (ОЖ): орта білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.
3.22 Оқу пәнінің стандарты: білім берудің бастауыш, негізгі орта, жалпы орта деңгейлерінде нақты пәнді оқыту үдерісін реттейтін құжат. Оқу пәнінің стандарты: пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, жоспарланатын нәтижелерді, оқу пәнінің базалық мазмұнын, құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін, оқу пәні бойынша білім беру үдерісінің технологияларына қойылатын талаптарды, білім беру үдерісін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, білім беру салалары бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.
3.23 Оқытуды саралау: тұлғаның жеке ерекшеліктері ескерілетін кезде оқу қызметін ұйымдастыру тәсілі.
3.24 Өлшеуіштер: белгіленген бағалау өлшемдеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерінің алдын ала берілген көрсеткіштер бойынша айқындайтын оқу тапсырмалары.
3.25 Орта білім: Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынасәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын игеру нәтижесінде азаматтардың алатын білімі.
3.26 Портфолио: білім алушының белгілі бір оқу кезеңіндегі оқу және әлеуметтік маңызы бар жеке жетістіктерін көрсететін тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен білім алушының бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзін-өзі бағалау нысаны ретіндегі рефлексияға қабілеті белгіленеді және бағаланады.
3.27 Таңдау курстары: мазмұны білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды.