3.11 Білім мазмұны: тұлғаның жан-жақты дамуына және түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуына негіз болып табылатын әрбір білім беру деңгейі бойынша білім жүйесі (кешені).
3.12 Жалпы білім беретін мектеп: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын, сондай-ақ, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
3.13 Заттық-кеңістіктік орта: білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін қолданылатын материалдық талаптардың (сыныпты безендіру, сыныптағы парталарды орналастыру реті, сабақ өткізуге арналған бөлмелердің орналасуы және т.б.), ақпараттық және коммуникациялық ресурстар мен техникалық құралдардың жиынтығы.
3.14 Кәсіптік бағдарлау: білім алушылардың білім алу мен кәсіби мүмкіндігіне, кәсіби мүддесіне, жеке қабілетіне және психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олардың кәсіп пен оқу орнын еркін және саналы түрде таңдау салаларында құқықтарын іске асыруға ақпараттар мен кеңестерді ұсыну.
3.15 Құзырет: білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық.
3.16 Құзыреттілік: оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.
3.17 Мемлекеттік аралық бақылау: оқыту сапасын білім беру ұйымына тәуелсіз бақылаудың бір түрі.
3.18 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС): білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін, білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын айқындайтын, білім беру салалары бойынша білім, іскерлік, дағдылар және қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелеріне, білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлеміне, білім сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін және білім алушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін нормативтік құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |