Дістемелік материалдар кешені


Биологияны оқыту әдістемесі 3 бөлімнен тұрады



бет46/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

Биологияны оқыту әдістемесі 3 бөлімнен тұрады:
Жалпы (лекциялық), жеке(әр тақырыпты сабақ түрінде өткізу әдісі),
Педагогикалық іс- тәжірибе (мектепте сабақ өткізу). Лекциялық курста сабақтың түрі сабақ өткізудің әдіс-тәсілдері(технологиясы), оқытудың формалары, сыныптан тыс жұмыс түрлері және оларды өткізу әдіс тәсілдері қаралады. Жеке бөлімінде мектеп бағдарламасының нақты тақырыптарымен, сабақты ұйымдастыру және оның өткізу әдіс тәсілдері жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың тиімділігімен, практикалық сабақтармен, жас натуралистер үйірмесі жұмыстарымен, табиғатта және мектептің тірі табиғат бұрышында өсімдіктер мен жануарларға бақылау жұмыстарымен таныстыру өткізіледі. Экскурсия жүргізудің түрлері мен әдістері баяндалады. Сабақ өтуге көрнекіліктер жасау үйретіледі.
Практикалық бөлімінде мектепте іс-тәжірибеде сабақ өтіп, қорытындылады, яғни студент мұғалім болуға дайындалады. Педагогикалық іс- тәжірибе болашақ мұғалімді дайындаудың соңғы сатысы болып табылады. Ол барлық алған білімді, білікті, дағдыны бір тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру таныса пайдалануға бағытталады.
Оқу- тәжірибе үлескесіндегі дала практикасында студенттер оқушылармен жұмыс істеу әдістерімен танысады.
Зертханалық сабақта дипломдық тақырыптардың тізімдері беріліп, соған сәйкес студенттер тақырыптарды таңдап алып, орындаған жұмыстарын қорғайды.
Биологияны оқыту әдістемесі бұрынғы өткен пәндермен тығыз байланысты: олар ботаника, зоология, физиология, генетика, эволюциялық ілім, биохимия, экология, ауылшаруашылық негіздері педагогика, валеология, география, астрономия. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын дұрыс түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Мектеп биологиясы жалпытехникалық білім беруде, еңбекке баулуда эстетикалық және дене тәрбиесін беруде маңызды орын алады. Биология пәнін оқыта отырып оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, мәапелеуге, қорғауға, табиғат құбылыстарын бақылауға, денсаулығын күтуге үйретіп баулу мұғалімнің міндеті. Пәннің міндеті жеке адамды тәрбиелеу, денсаулығын күту, шынықтыру гигена сақтауға үйрету. Орта мектептегі биология курсының мазмұнын, оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтау, оқыту әдістерін жетілдіру, оқыту кезінде білімді меңгеру заңдылықтарын, оқушыларды тәрбиелеу мен олардың даму ерекшеліктерін зерттеу. Сабақты жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларды пәнге қызығушылығын арттыру. Студенттердің санасында ғылыми ұғымдарды қалыптастыру жаратылыстану ғылымдарын зерттеген қазақ жерінде туып өскен ғұлама ғалымдардың еңбектерімен таныстыру. Қоршаған табиғи ортадағы табиғи жағдайлары мен табиғат құбылыстарын, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысының дамуын оқыту, қазіргі ғылыми деректерді пайдалану. Биология пәнінен өтетін сабақтарды жоспарлау, мақсаттарын анықтау, көрнекіліктерді қолдану және түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өтуді меңгеру қажет.
Ғылыми зерттеу әдістері: мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу және қорыту, жинақтау, өз жұмысына пайдалану. Педагогикалық бақылау және педагогикалық эксперимент жүргізу. Мектеп құжаттарын толтыруды үйрену, ата- анамен жұмыс жүргізу, әдістемелік семинарларға қатысып, баяндама жасау, биология кабинетін жабдықтау. Биологиялық жаңа басылымдармен жұмыс жасап, ондағы жаңа технологиялық әдістерді өз сабақтарында пайдалану, және бірнеше сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерін жинақтау.



Л4.2

(пункт материалы Л2.2)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет