Дістемелік материалдар кешені


Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



бет43/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:




Л5.1

Сұрақ №1

Таяудағы даму аймағы ( Л.С. Выготский) биологияны оқытудың заңдылығы іспеттес.

Л5.2

Сұрақ № 2

Заманауи ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың биологияны оқыту заңдылықтарын ескеруге беретін мүмкіндіктері.

Л6



Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :




Л6.1

Сұрақ №1

Оқыту әдістерінің эволюциясы мен биологияны оқытуда қазіргі кезде орныққан түрлері.



Л6.1.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.1.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.2

Сұрақ № 2

Биологиялық білім берудің жалпы білім беретін мектептегі мазмұнын іріктертеудің тізбекті принципі.



Л6.2.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.2.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.3

Сұрақ № 2

Жалпы білім беретін мектептерге биология курсы арналып жарық көрген авторлық оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттері.



Л6.3.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.3.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л7



Сабақты бақылау түрі:

Бақылау сұрақтарына жауап

Л7.1

1

Биологиялық білім беру жүйесіндегі тәрбиенің түрлері?
Оқушыларға кәсіби бағдар берудің теориялық негізі қандай?



Л7.2

2

Политехнизм дегеніміз не?
Адам және оның денсаулығы пәнінде оқушыларға политехникалық білім қалыптастырудың жолдары.



Л8



Ұсынылатын әдебиеттер:




Л8.1

Негізгі әдебиеттер:




Л8.1.1

1

Верзилин Н. М., Корсунская В. М. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.

Л8.1.2

2

Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы бөлім: дәріс курсы. Алматы,2010

Л8.1.3

3

И. Д. Зверев, Е. М. Мягкова. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.

Л8.2

Қосымша әдебиеттер:




Л8.2.1

1

Қуанышова С. Е. „Биологияны оқыту әдістемесі” Шымкент, 2003 жылы, ОҚМУ.

Л8.2.2

2

Н. И. Сонин, М. Р. Сапин, Ә. Қ. Қисымова „Биология. Тірі организм„. Оқулық. А., 2004.

Л8.2.3

3

Бинас А. В., маш Р. Д., Никишов А., и др. Биологический эксперимент в школе. М., Просвещение, 2000г.

Л8.2.4

4

А. К. Колеченко. Энциклопедия педагогических технологий. Изд-во АРО, 2002 г.

Л9



Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Л10

Тарау нөмірі

2

Л11

Тарау атауы

Биологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұны және биологияны жалпы білім беретін мектепте оқыту үдерісінің ерекшеліктері



16-сабақ (Дәріс 12)



Л1



Тақырыбы №

16

Л1.1

(атауы)

Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы. Биологияны оқыту әдістерінің теориясы



Л1.2

___ сабақ

16

Л1.3

№____ дәріс сабағы

12

Л1.4

Сабақ пререквизиттерінің номерлері




Л2



Жоспар:
(қаралатын сұрақтар тізімі)




Л2.1

1

Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы



Л2.2

2

Тiршiлiктiң жасушалық-ағзалық формасы туралы түсiнiк



Л2.3

3

Экологиялық және эволюциялық түсініктерді қалыптастыру.Түр. Популяция. Биосфера түсініктері



Л3

Дәріс өткізу түрі:

шолу дәріс

Л4



Мазмұны :
(дәріс материалы)




Л4.1

(пункт материалы Л2.1)

Оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға саналы түрде жүйелі және берік білім беру.
Оқыту процесінде оқуышылардың ойлау іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру, олардың білімдерінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін факторлардың бірі.
Түсінік-шындықтың санадағы бір моделі. Ол тек объектілер мен құбылыстардың санадағы бейнесі болып қана шектелмейді, ойлаудың туындысы арқылы болатын іс-әрекет.
Жеке факторларды санада фиксациялау, олардың сыртқы белгілерін және қасиеттерін сақтап қалу, оларды жинақтап-қорыту мен жүйелеу-эмпирикалық түсініктерді қальштастырады, оның елестетуден айырмашылығы шамалы. Бұл фактілерді фиксациялау тек құбылыстардың сипаттамасын береді де, оның маңызын, мазмұнын ашпайды.
Танымның даму тарихында бұл білімдер мен іс-әрекеттер қазіргі кездегі білім мен теорияның бірітіндеп дамуына негіз болды.
Мектеп биологиясында білім беру әдетте эмпирикалық деңгейде жүргізіледі. Бұл түсініктерді дамытудың методологиясы мына тұрғыда: табиғи объектілерді немесе оның көріністерін қабылдау-----» одан оны елестетуге, елестетуден--------> түсінікке; қарапайым түсініктерден---------> күрделі түсініктерге; арнайы түсініктерден----------> жалпы биологиялық түсініктерге қарай жүргізіледі.
Алдыңғы қатарлы биология пәнінің мұғалімдері, мектепте тек эмпирикалық түсінік қалыптастырып, білім беру оқушылардың ғылыми көзқарастарын, тіршіліктің көрінісін толық түсінуіне жеткіліксіз деген тұжырым жасайды.
Эмпирикалық түсініктер мен біліммен, теориялық түсініктер мен білімінің ерекшелігі, құбылыстарды сипаттаумен шектелмей, құбылыстардың мазмұнын ашып ғылыми көзқарастарды қалыптастырып тіршіліктің ғылыми көрінісін дұрыс түсінуге, практикалық мәселелерді тиімді шешуге негіз бола алады.
Теориялық білімдер, қазіргі заманның, ғылымның мазмұнына сай, құбылыстар мен процестерге нақты түсінік береді.
Теориялық білімді қалыптастыру жолы-абстрактыдан, нақтыға көтерілу.
Абстракты-нақты емес, бұлыңғыр формадағы, сонымен қатар объектінің біртұтас анықтамасы, оның дамымаған ұрықтық формасы-клеткашық.
Абстрактылы біртұстастылық көрініс, танымның мақсатының алғы шарты.
Теориялық түсініктерді қалыптастырудың негізгі кезеңдері мыналар: алғашқы біртұтас абстрактының пайда болуы (клеткашық)------------> оның байланыстарын бөлшектемей қарастыру------------>олардың абстрактылы анықтамасындағы көрінісі, бейнесі ----->анықтамалардың синтезі. Түсінік теорияға көшеді. «Ген» түсінігі алғашқыда абстракция ретінде (тұқым қуалаушылықтың бірлігі) қалыптасып, соңынан хромосомдар теориясында нақтыланып, ген деңгейіне дейін дамиды.
Биология пәнінің мұғалімі үшін түсініктің мазмұнын диалектикалық тұрғыда қарастыру, оқушылардың ғылыми түсініктерімен білімдерін қалыптастыруда дұрыс методологиялық бағыт болып есептелінеді.
Көрнекті психолог В.В. Давыдовтың жүргізген теориялық және экспериментальдық зерттеулерінің барысында мектеп оқушыларына теориялық түсініктердің қажеттілігімен оны қабылдаудың әбден болатынын айқын көрсетті.
Теориялық түсініктерді меңгеру үшін қажетті жағдайлар:
1. Абстрактыдан нақтыға жету үшін, биологияның арнайы курстарын жүйелі құру. (бастапқы «клеткашық» абстрактысынан-біртіндеп түсініктер мен теориялардың мазмұнын ашу).
2. Оқушылар өздерінің танымдық іс-әрекеттерін, құрылымы мен маңыздылығын саналы түрде танып-білуі.
Оқушылар теориялық түсініктерді меңгеру барысында, ойлау әрекетінің нәтижесінде қажетті деңгейде білім алады.
Теориялык түсініктердің маңыздылығы эмпирикалық түсініктермен салыстыру кезінде анықталады.



Л4.2

(пункт материалы Л2.2)



Мектеп биология курстарында тіршіліктің ағзалық формасы туралы түсініктің саны мен көлемі жеткілікті мөлшерде қамтылған, бірақ оның бірлігімен бір-бірімен жалғасы жақсы қамтамасыз етілмеген және дамытылмаған.
Сондықтан биология курстарының барлығында, оқыту процесінде «Минимальді организм»-абстракциясы, организм және тіршіліктің жасушалық-ағзалық формасы туралы түсініктерге сипаттама беру керек. Ол үшін биология курстарының барлығында да кіріспе курстары оқытылуы тиіс.
«Минимальді организм»-абстракциясын нақтылап, қалыптастыру үшін тіршіліктің жалпы қасиеттерін анықтап, ағза түсінігіне өту. «Минимальді организм» модельін нақтылау үшін, оны бір жасушалы тіршіліктің формаларымен салыстыру керек. Бір жасушалы ағзаларда минимальді организмнің барлық жағы көрініс береді. Бұл түсінікке ең жақыны бактериялар. Олардың көбеюі осы модельді оқып білу үшін ең қолайлы, ондағы хромосомдардың ролін анықтау тұқым қуалаушылық процесстерін түсіну тағы басқа мәселелері оңай шешіледі.
Минимальді жануар ағзасы ретінде амебаны қарастыру әдістемелық жағынан оңтайлы. Онда жануарлар ағзасының ерекшеліктері айқын байқалады. Миниамльді саңырауқұлақтың моделі ретінде бірклеткалы саңырауқұлақ ризофидиумды қарастыруға болады. «Қарағайдың тозаңында арамтамақ тіршілік етеді».
Өндіруші-ағза ретінде көк-жасыл бактерия немесе бір жасушалы балдыр хлорококкты, ал көпклеткалы түрінен спирогираны мысалға келтіруге болады. Минимальді организм бейнесін қалыптастырып болған соң, қоршаған ортамен байланысына ұрпақ ауысуындағы орнына тоқталған жағдайда, мекен ету орта ұғымы нақтыланады. Биосфера ағзаны қоректік заттар мен тыныс алу үшін оттегімен қамтамасыз етеді. Табиғи жағдайларды жасанды жолмен ауыстыру ағзалар үшін қауіпті ондай жағдайда жойылып кету мүмкіншілігі де бар.
Минимальді ағзадан соң «жасуша» түсінігіне көшкен жөн. Клетка теориясына негіздей отырып, алдымен оның анықтамасына тоқталған жағдайда «клетка», «біржасушалылар» және «көпжасушалылар» арасындағы байланыс түзіледі:
- Тіршіліктің ең кішкене бірлігі-жасуша;
- Клетка бір клеткалы өз бетінше тіршілік ететін ағза бола алады немесе көпклеткалы ағзаның бір бөлігі болуы да мүмкін;
- Әр бір жасуша алдыңғы жасушадан пайда болады.
Жоғары сыныптарда тіршіліктің жасушалы-ағзалық формасы, клетка, хромосом, ген, эволюция концепцияларын терең ұғынып түсіну арқылы қалыптасады.
Зат алмасу, қызметтік аспектілердің ұғымдарының қалылтасуының мысалдары суреттерде көрсетілген.



Л4.3

(пункт материалы Л2.3)



Пәнде -тіршіліктің популяциялық - түрлік деңгейінің түсінігіне сипаттама биологиялық түр тіршіліктің ерекше ұйымдық түрі, ал популяция оның құрамдық бірлігі ретінде қарастырылады. Оқушылар «особь», «түр» деген түсініктерді ажырата білуі керек. Оқушылар органикалық, дүниенің эволюциясына Ж.Б.Ламарктің, Ч.Дарвин көзқарастары бірдей деп ұсынбас үшін «особь», «түр» туралы түсініктерді оларға алдын ала білдіру дұрыс, тек осындай бірізділікте организмдік және организм үстілік жүйелерге тән заңдылықтарды ажырату қамтамасыз етіледі. Түр терминін оқушылар ботаника, зоология пәндерінде пайдаланады. Жалпы биология пәнінде түр түсінігі тереңдейді, К.Линнейдің, Ж.Б.Ламарктың, Ч.Дарвиннің - түрге көзқарастарын салыстыру түрде ажырататын белгілер түсінігін кіргізу арқылы кеңейеді. Бір туысқа жататын түрлерді анықтау жаттығулары түрдің морфологиялық, экологиялық, географиялық, физиологиялық, биохимиялық, генетикалық белгілерін анық игеруге жәрдемдеседі. Түрдің биологиялық жүйе ретінде сипатталуы үшін морфологиялық белгілердің жеткіліксіздігі К.Линнейдің құрастырған жасанды жүйесін оқып білуде атап көрсетіледі. Түр аралық шағылысуға тосқауыл болатын факторлар түрдің тұтастығын және үздіктігін қамтамасыз ететін тетік ретінде түсіндіріледі.
Цитологиялық және генетикалық негіздерін оқып үйренуде үйлесімсіз және сәйкессіз генетикалық тіркестік өзгерістердің (комбинациялардың) және сонымен бірге құнды гендерді сақтайтын және олардың түрдің генфондысында таралуына, жинақталуына жәрдемдесетін генетикалық тетіктер және көбеюі бөгеттердің эволюциялық маңызы анықталады. Түр туралы тақырыпта бір түрге жататын организмдердің тұқымқуалағыштық негізінің ұқсастығы анықталып, түрін ажырататын генетикалық белгі түсінігі дамиды. Тіршілік қарым-қатынастардың (тіршілік үшін күрес) эволюция үшін маңызы органикалық дүниенің даму тарихын, генетиканың және биоценологияның мәселелерін оқып білуде айқындалады. Түрді ажырататын географиялық белгілер түсінігін органикалық дүниенің дарвинизмдік эволюция теориясын, түр түзілудің жолдарын, биоценоз және биосфера туралы ілімдерді оқығанда жан-жақты, тиянақты қарастырылады. Организмдердің реакция мөлшері- түрдің маңызды қасиетінің, яғни мекен ортаға бейімделігіштігінің көрсеткіші. Кең және шектелген бейімделгіштік түсінігі эволюцияның бағыттары, түртүзілуі және түрдің құрып кетуі, сұрыпталудың түрлері жайлы білімдермен тығыз байланысты. Популяцияларды, түр тармақтарын тек қана ескі түрдің негізінде жаңа түрдің бастамы деген біржақты ұғым болдырмау үшін, түрдің құрылым түсінігі түртүзілісі білімдердің алдында беріледі.
Дарвинизм теориясын нақтылы деректер арқылы оқып меңгеруде популяция түсінігі түр ареалының елеулі оқшауланған аймағында шоғырланған тіршіліктің түр деңгейіндегі құрамды жүйесі ретінда дамиды. Популяция деңгейінде жүретін микроэволюция табиғи сұрыпталуымен бағытталған популяцияның генетикалық құрылымының өзгеру процесі ретінде түсіндіріледі. Осыған байланысты популяцияның гендік құрамының өзгеруінде популяциялық толқындар түсінігі мазмұндалады. Мәдени популяцияларды (мал тұқымы, сорт, штамм) білу табиғи тіршілік топтарының түсінігін игеруге мүмкіндік-жасайды. Генетиканы оқып үйренуде генетикалық құрылым генофонд, гендердің таралу заңдылықтары мазмұндалатындықтан популяция түсінігі айқындалып кеңейе түседі. Түр түзілуінің түсінігі эволюцияның негізі ретінде тіршіліктің популяциялық тішірлік деңгейі түсініктерінің ең түйінділеріне жатады. Оқушылардың түрлердің құрылымын, көбею қасиеттерінің оқшаулануын анық білулері- тұқым қуалайтын өзгергіштіктің әсері және табиғи сұрыпталудың негізінде өтетін түр түзілу процесі туралы білімдерді игерудің қажетті алғы шарты. Ұрпақтық түрлердің саны, сондай-ақ морфофизиологиялық өзгерістердің жіктелу дәрежесі бойынша эволюцияда түрлердің тең құнды болмайтындығы жайлы түсінік дамиды. Эволюцияда туыстардың тұқымдастардың, отрядтардың негізін берген түрлермен салыстырғанда кластардың тегі болған түрлердің мәнді маңызы атап көрсетіледі. Биоценоздық және биосфералық түсініктер, мағлұматтар пәннің соңғы тақырыптарында топтастырылған. Бірақ экожүйелік туралы білімдер кіріспе сабақтан-ақ басталып, онда биосфераның құрамды жүйесі ретінде биоценоз туралы алғашқы мағлұмат беріліп бүкіл пән тақырыптарында дамытылады. «Биогеоценоз» түсінігі табиғи бірлестіктер түсінігінде оқушыларға ботаника, зоологиядан 7 класста белгілі. Қазіргі кездегі ғылым түр, популяция, өзгергіштік және тіршілік үшін күресті биогеоценоздары тірі жүйелердің қарым-қатынастарының, жиынтығы ретінде қарастырады. Биогеоценоздардың қалыптасуындағы биотикалық ортаның ролі олардың ауысуын, уақытқа байланысты өзгеруін қарастырғанда анық байқалады. Популяциялар арасындағы байланыстар белгілі биогеоценоздардағы қоректену тізбегін, оларады өздігінен реттелу тетігін, экожүйелердің ауысу себептерін қарастырғанда нақтыланады.
Биогеоценоздағы энергия ағымы және зат алмасу түсінігі тіршілік үшін күрестің түрлерін, түрлердің мекен ортасына беймделуін, авто және гетеротрофты көректенуді, фотосинтез процестерінің, қоректік байланыстардың, көректік "тізбектің, сандық пирамида ережесінің ерекшеліктерін оқуға үйренуде бірталай мағлұматтар беріліп байыпталады.



Л5





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет