ІІ. Конкурсқа қатысушылар
1. Ғылыми конкурстарының бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшілерінің ұсынуымен 8 – 11 сынып оқушылары қатыса алады. Командалық жобаны екі оқушы ғана орындай алады.
2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурстарының екінші кезеңіне бірінші кезең жүлдегерлері қатысады, олар жетекшісі мен ғалымдардың пікірлерін, қоса тапсырылатын құжаттарын (сұраныс, І кезеңнің хаттамасы, мектепішілік ғылыми конкурстарының қорытындысы бойынша есебі, ғылыми зерттеу журналы) және ғылыми жұмыстарын (жобалары) ұсынады. Ғылыми жобалардың тақырыптары жыл сайын 5 қыркүйектен кешікпей тапсырылуы тиіс. Тіркеуге міндетті түрде көрсетілген нұсқа бойынша білім беру мекемесі директорының қолы мен мөрі қойылған сұраныс (қосымша 1), сонымен бірге мектепішілік І кезеңінің есебі және ОҒҚ туралы есеп (қосымша 2) Excel электронды кесте, қағаз түрінде тапсырылуы керек.
3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурстарына қатысатын оқушылардың, олардың жетекшілерінің аты – жөндері сұраныста құжат бойынша (туу туралы куәлігімен, төл құжаты) жазылуы керек.
4. ІІ кезеңнің алдында іріктеу кезеңі өткізіледі:
1.бейіндік пәндер бойынша тестілеу (қосымша 3)
2.жобаны алдын – ала сараптау (жазған жұмыстарына).
ІІІ. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурсының сараптау комиссиясы
1. Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы саласы бойынша кемінде үш ғалым (маман) кіреді.
2. Іріктеу кезеңінің комиссиясы бағалау өлшемдері мен талаптарына сәйкес ғылыми жобаларды тексеріп, әрбір жобаға өз пікірін жазып, ІІ кезеңге қатысатын оқушылардың тізімін анықтайды.
ІV. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурсының іріктеу және ІІ кезеңін өткізу туралы
1. Іріктеу кезеңінің І туры – 20 - 24 қазан күндері аралығында ғылыми жоба жұмысын жазған оқушылардың арасында бейіндік пәндерден тестілеу өткізіледі. Тест 60 сұрақтан тұрады (60 балл). Оны орындауға 90 минут беріледі. Тестілеуден 50% -дан жоғары бал жинамаған окушы келесі турға жіберілмейді. Командалық жобалар үшін өту балы - жоба авторлары жинаған орташа балдың арифметикалық саны болып табылады.
Екінші тур – жобаларды алдын-ала сараптау, 1 – 20 қараша күндері аралығында өткізіледі. Ғылыми жоба жұмыстары 24 қазан – 1 қараша күндері аралығында алдын - ала сараптама жасауға тапсырылуы керек. Алдын – ала сараптау кезеңін қорытындысы бойынша, ІІ кезеңнің қатысушылары анықталады. ІІ кезеңге қатысушылардың тізімі Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығы бойынша бекітіледі. Іріктеу кезеңінің қорытындыларынан кейін аппеляция өткізілмейді. Сараптамадан өтпеген жұмыстар қайтадан қайтарылмайды. Сараптамадан және тестілеуден өтпеген оқушылар ІІ кезеңге қатыса алмайды.
2. Екінші кезең – жобаны қорғау. Жобаны қорғау барысында авторға баяндама үшін 5 минут беріледі, ал біріккен авторларға 7 минут беріледі. Егер техникалық құралдар (компьютер, интерактивті тақта т.б.) қажет болған жағдайда жыл сайын 1 желтоқсанға дейін мектептерден сұраныс тапсырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |