Тақырып: Педагогикалық зерттеудің логикасы
Жоспар:
1. Педагогикалық зерттеудің құрылымы және логикасы.
2. Зерттеулердің негізгі кезеңдері.
Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері қалыптасқан:
1. Эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау, практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2. Теориялық: негізігі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақта фактілерді жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3. Әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылысты зерттеудің жалпы принциптері мен әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі фундаментальдық деп аталады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптері:
педагогикалық құбылыстардың сеебептерін, факторын, шарттарын анықтаудың объективтілігі және шарттылығы;
педагогикалық құбылыстарға және процестерді зерттеуге тұтастай қарау;
құбылыстардың байланысын және басқа құбылыстармен өзара байланысын зерттеу.
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: тақырыбы, объектісі, пәні, өзекті мәселесі, мақсаты, міндеттері, болжамы болады.
Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесінің аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек. Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, процесс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады. Зерттеу пәні – объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу процесі, элемент, байланыс, қатынастардың жиынтығы.
Зерттеудің өзектілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері: зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру.
Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көрк алатындай болуы керек. Жоғарыдағы ғылыми жұмыстың компаненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Егер дұрыс құрылмаған жағдайда, онда дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасы саласының өзіндік ерекшелігі бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін филлософияның бір саласы. Ғыылым, ғылыми теория өзінің зерттейтін затын ұғым мен ой формаларында бейнелейді. Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой-өрісінің барысын, ережелерін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар деуге болады. Олай болса ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады. Демек, ғылымның өзін зерттеу мәселесі қажет екендігі айқындалып отыр.
Зерттеу логикасы:
Тақырыпты, өзекті мәселені, мақсатты, объектіні, пәнді, зерттеу міндеттерін анықтау.
Зерттеу жоспарын құру және жоспардың бірінші нұсқасы бойынша орындалуы.
Зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттердің тізімін құру.
Зерттеудің жалпы әдістемесін және әдістерін, базасын белгілеу.
Теориясын және тарихын зерттеу, негізгі ғылыми терминдерді талдау.
Осы проблеманың практикадағы тәжіріибесін зерттеу.
Анықтайтын материалдар жинау.
Алынған нәтижені талдау және жинақтау және болжам негізінде құру.
Болжамды тексеру әдістемесін құру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу пилотный (алдын ала тексеру) және қалыптастыру эксперименті, тәжірибелік жұмыстар.
Бақылау сөздерін жұргізіу
Алынған нәтижені талдау және жалпылау, зерттеліп отырған проблеманы теориялық негіздеу.
Практикалық нұсқауды ұсыну.
Жұмысты безендіру және әдебиетті редакциялау.
Қолдынылған әдебиеттер тізімі:
1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.
2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.
3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.
4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.
5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.
6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.
Достарыңызбен бөлісу: |