Жоспар: 1. Эмпирикалық әдістердің түрлері.
2. Эмпирикалық әдістердің қолдану ерекшеліктері.
3. Тест зерттеу әдісі және оның түрлері
4. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдіс
5. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау әдісі
Педагогикалық бақылау – педагогикаылқ процесті, құбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау.Бақылаудың басында зерттеуші қандай мақсатта, қандай ұзақ бақылау, қандай ұзақ нәтиже күтетінін біліуі керек. Тек қажетті білім, зерттеу аймағында біліктілік болып, бақылау әдістемесін білгенде ғана әрекетке түсуге болады. Бақылау алдын ала құрастырған нақты жоспар болған кезде тиімді болады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, фактілерді объективті фактілерді таңдауда, нәтижені тіркеу, себеп-тергеу байланыстыанықтау, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі. Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары-видеоаспаптар, аспап құралдар мен өлшеу құрал-саймандары болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу (фиксировать): күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға, суретке түсіру жүргізіледі. Зерттеу объектісін бақылау тікелей және жанама, ашық және жабық, ал уақыт белгісіне қарай үздіксіз және үздік-үздік, монографиялық (өте ұзақ) түрлері бар. Тікелей бақылап-зерттеу, тәрбиеші-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы.Сонымен қатар тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам. Оның рөлінде байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады.
Жанама бақылап зерттеу тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Бақылап зерттеу және іздеу көп деректер арсынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Практикада бақылаудың араласа бақылау түрі тиімділігін көрсетіп келеді. Араласа бақылау зерттеуші зерттелушілердің әрекетіне және өміріне өзі белсене араласады. Мәселен, оқу-тәрбие процесіндегі балалардың мінез-құлқын бақылау үшін, зерттеуші олардың тәрбиеші ненмесе топ жетекшісі болып араласады. Зерттеушінің бұлай араласуы бақылаудың табиғи түрде жүруіне әсеріне тигізеді.
Бүгінгі таңда жабық түрде бақылау көбірек қолданылып келеді. Жабық түрде бақылау арнаулы белгіленген топта айналы қабырға және жасырын камера арқылы бақыланады. Бұл түрі де зерттелетін мәселені табиғи түрде бақылауға мүмкіндік беріліп, зерттеушіден такт сақтауды талап етеді. Кей жағдайда өзін-өзі бақылау қолданылады. Бақылау жүргізуге қолданылатын талаптар: мақсатқа бағытталған, жүйелілік, ұзақтық, әртүрлілік, объективтік, жаппай, такті сақтау. Бақылау әдісінің құндылығы табиғи жағдайда зерттелетін құбылыс пен процесті зерттеуге мүмкіндік жасайды. Бірақ бақылау ұзақ уақытты талап ететіндіктен, зерттелетін құбылыс барлық уақытта лайықты бола бермейді, бір зерттеушілер көп объекті санын қамти алмайды, фактілерді тіркеу, түсіндіруде субъективтік келу жолдарын болып, тек сыртқы жағынан көрінеді. Сонымен, бақылау әдісі педагогикалық құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағұлматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау ғылыми болу үшін тқмендегі талаптар сақталуы қажет:
Мақсатқа бағытталу – бақылау балаға емес, нақты және тұлғалық ерекшеліктердің пайда болуына жүргізіледі.
Жоспарлау – бақылауды бастамас бұрын белгілі бір міндеттерді /нені бақылау керек/ белгілеп, жоспарын, /мерзімі мен құралдары/ көрсеткіштерін /не жазу керек/, мүмкін болатын есептерді /қателер/ және оларды алдын ала болжамды нәтижелерін әбден ойлау керек.
Өзімен-өзі болу – бақылау жанама міндетті емес, өз алдына бөлек болу қажет. Мысалы, балалармен орманға экскурсияға беру олардың сапасын көрсетуде озық әдіске саналмайды, өйткені мұндай жолмен алынған мәліметтер кездейсоқ болады, сондықтан басты назар ұйымдастырушылықміндеттерді шешуге бағытталады.
Табиғилық – бақылау балаларға табиғи жағдайларда жүргізілуі керек.
Жүйелілік – бақылау оқиғадан-оқиғаға емес, жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуі керек.
Объективтілік – тәрбиеші өз пайымдауын растауда «өзі көретіндей емес», объективті фактілерді жазу керек.
Фиксация /жазу/ - мәліметтер бақылау барысында немесе одан кейін сол заматта жазылу керек.
Бақылау әдісінің тиімді емес жағы кездеседі:
1. Кездейсоқ факторлардың әсерін жою мүлде мүмкін емес.
2. Бәрін жазу мүмкін емес. Сондықтан маңыздыларын жіберіп, маңызды еместерін белгілеуге болады.
3. Бақылау санды талдауға салынуы қиын ақпаратты береді.
4. Бақылау барысында зерттелуші өзінің табиғи жағын өзгертіп жіберуі мүмкін.