Педагогикалық ғылымның жетістіктерін енгізу және озат тәжірибені тарату Жаңа енгізілімдер немесе инновациялар адамның кез-келген кәсіби қызметіне тән, сондықтан олардың зерттеу, талдау және енгізу нышанына айналуы заңды. Инновациялар өздігінен тумайды, олар жекеелеген мұғалімдердің және бүтін бір ұжымдардың ғылыми ізденістерінің, озат педагогикалық тәжірибесінің нәтижесі болып табылады.
Қазіргі технологияларды оқу – тәрбие үдерісіне енгізумен бірге мұғалім барған сайын нұсқаулықтың, кеңесшінің, тәрбиешінің функцияларын меңгере түседі. Бұл одан арнайы психологиялық – педагогикалық даярлықты қажет етеді, өйткені мұғалімнің кәсіптік қызметінде арнайы, пәндік білімдер ғана емес, сонымен қатар педагогика мен психология, оқу және тәрбие технологиясы саласындағ қазіргі заманғы білімдер де іске асырылады. Осы негізде пеагогикалық инновацияларды қабылдауға, бағалауға және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Педагогикалық жүйлерді қайта құру (реформалар, инновациялық өзгерістер, қалыптасқан тәжірбиені өзгерту, оқу мен тәрбиенің дәстүрлі үлгілерін қайта құру ) әдіснамалық ұстанымдардың көп астарлы үйлесімдеріне бағынады. Бұл ретте барлық қайта құру әрекеттерінің әдіснамалықдирективалары оларды іске асыруға бағытталған. Өйткені тәжірбие, педагогикалық еңбекті жаңартуға қойылатын әдістемелік талаптарды басшылыққа ала отырып, өзің іс – әрекетін қайта құру мәселесін шешеді. Әдіснама талаптарына суйене отырып, ол педагогикалык жүйені жаксы жағдайга көшіруді жузеге асырады. Педагогикалык жүйедегі бірде-бір реформа, қайта құру, оларды әдіснамалық жағынан қамтамасыз етпейінше, яғни педагогика әдіснамасының директиваларын бұлжытпай сақтамайынша, табысқа жете алмайды.
Реформашылар, білім беру кұрылымдарының басшылары, жаңашыл мұғалімдер мен жаңа педагогикалык әзірлемелерді жасаушылардың бipaзы басшылық алуға тиісті принципті әдіснамалық нұсқамалардың кұрамына кіредi. Әpбip әдісднамалық нұсқаманың, яғни жоғарыда айтылғандай, директиваның өз технологиясы бар, оны орнықтыру үшін бipaз күш-жігер жұмсау қажет.
Өлшем аппаратын және реформалауға жататын педагогикалық жүйе жағдайының өлшеуіштерін әзірлеу.
Бұл талаптың мәнісі өлшеуіш құралдарды алдын-ала әзірлеуді көздеуіде, соның көмегімен педагогикалық құрылымды, ic- әрекеті, басқаруды ауыстырудың немесе түзетудің қажеттігіне сену үшін, олардың тиімсіздік дәрежесін анықтауға болады.
Педагогикалық жүйені реформалаудың кажеттігн анықтау үшіноның сапасын жан-жақты тексеру және бағалау.
Бұл әдіснамалық талаптың қисыны айқын. Пайдалы нәрсені, окушылардың мүддесі мен игілігіне сәйкес келетін, коғамның және әрбір азаматтың муддесіне жауап беретін нәрсені өзгертуге, бұзуға, ауыстыруға болмайды, педагогикалық үдерістің талаптары осындай.
Озық сипатқа ие педагогикалық шешімдердің үлгілерін іздестіру ecкiнi, тиімсіз нәрсені ауыстыруға келген жаңа енгізілімдерді үлгілеу үшін де пайдалануы мүмкін.
Бұл әдіснамалық талаптың мағынасы - отандық және әлемдік тәжірибедегі озық педагогикалық технологияларды кең көлемде және мұқият талдау арқылы прогресшіл үлгілерді, жаңа педагогикалық құрылғылар жасауга болатын құрылыс материалын іздеп табу.
Ғалымдардың шығармашылығ шешімдері сақталған ғылыми бөлімді жан-жақты талдау.
Педагогикалық жүйені жаңарған учаскесінің инновациялық үлгісін жобалау.
Жаңа енгізілімнің жобасы нақты тапсырмалармен және оның өзi алмастыратын жұмыстың дәстүрлі нұсқаларынан айырмашылығы бар қасиеттерімен бipгe жасалады.
Реформаны атқарушылық интерпретациясы - педагогикалық құрылымды қайта кұру әдіснамасының келесі нұс қамасы.
Оны мынадан керуге болады: көптеген жаңа енгізілімдер өздерінің жобалау және енгізілу кезендерінде міндеттерді Соның арқасында кімнің не үшін жауап бepeтiнi, оны қандай құралдармен қамтамасыз ету кажеттігі, қайта құрулардың барысын бақылау және түзеу функциялары кімге тиесілі екендігі, сәтсіздіктің себебін кімнен сұрау керектігі, жалпы түciнiктi болуға тиісті.
Еңбекті өзгертудің белгілі заңын ic жүзіне асыруды пысықтау.
Педагогика әдіснамасыны бұл талабы жаңа енгізілімдерді өмipгe енгізгеннен кейін оған тікелей немесе жанама түрде қатысы бар адамдардың тәжірибелік, танымдық, басшылық ic- әрекеттеріндегі өзгерістерді өте жіті пысықтауды талап етеді.
Жаңаны өмірге енгізудің алгоритмін құру.
Жаңаны әдеттегі педагогикалық қызметке енгізу мәселені инновациялық үдерістерді басқарудағы өте күрделі міндеттердің бipi. Әлемдік педагогикалық тәжірибе өте тартымды, мұғалімдер үшін өте пайдалы жаңалықтардың өзі қарсылқ көргенін толып жатқан мысалдар арқылы дәлелдей алады. Жаңа енгізілімдерге деген теріс көзқарастардың өзіндік психологиялық факторлары, оның ішінде гомоестаз, таптаурындар тетіктерінің, жұмыстың ескіден жаңаға көшу кезіндегі уақытша тұрақсыздануының әcepi және басқалар бар. Педагогика әдіснамасында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өмірге енгізу үдерісінің жалпыланған алгоритмдері әзірленген. Олардың мынадай тұрақты түрлері бар: жаңартылуға немесе ауыстырылуға жататын қатысушыларды, іздеуге арналған тәжірибені талдау; жаңа енгізілімдерді енгізу кезінде педагогикалық қызметтің жақсаруын өлшеу үшін оны бағалау өлшемдерін әзірлеу; үздік мұғалімдердің жаңаны алғаш меңгеру бағдарламасын әзірлеу, жаңалықтарды бәріне үйрету, жаңаша жұмыс icтeyгe жайлап немесе бірдеп көшу, салдарлар мониторингі және жаңа енгізілімдерді күнделікті тәжірибеге айналдыру үшін түзетулер енгізу.
9. Кәсіби лексикаға жаңа ұғымдар енгізу немесе бұрынғы кәсіби сөздікті қайтадан ой елегінен өткізу. Жаңа енгізілімдерді басқарудың әдіснамалық нұсқамаларының бірі кәсіби тілді түзеу талаптары болып табылады. Тілде және практикада жаңа ұғымдардың пайда болуы, сөз жоқ, педагогикалық ойлаудың негіздеріне әсерін тигізед, ұғымдық дүниетанымды кейтеді және педагогтың тілін ғылым мен тәжірбиеде бұрын - соңды болмаған ұғымдармен байытады. Мұндай үдерістер ғалымдардың жаңа педагогикалық компоненттерді білдіртетін терминдерді енгізуіне қарай өтеді.
Ғалымдар терминалогияны жасаған кезде оны тілдік қолданысқа енгізу үшін бірнеше принціптерді: диалект логикасын, тілдегі педагогикалық фактілерді көрсету теориясын, конвенциалдылық принціпін басшылыққа алады.
10. Педагогикалық жүйені жалған жаңашылдықтан қорғау – педагогика әдіснамасының аса маңызды ережелерінің бірі. Ғаламдық және оқшау, ұжымдық және дербес педагогикалық қайта құруларды ұйымдастырушылар, педагогика әдіснамасының нұсқамасы бойынша мақсаткерлік және жаңа енгізілімдердің ақталымы принціпін ұстануға міндетті.
Білім берудегі инновациялық үдерістердің мәнін түсінудің негізінде педагогиканың аса маңызды екі проблемасы – озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, қорыту және тарату, психологиялық – педагогикалық ғылымның жетістіктерін өмірге енгізу мәселесі жатыр.Демек, инноватика пәні, инновациялық үдерістердің мазмұны мен тетіктері қазіргі кезге дейін әзірше бір – бірінен бөлек қаралатын екі өзара байланысқан үдерісті біріктіру жазығынды жаттауға тиесілі, яғни инновациялық процестердің нәтижесі теориялық та, тәжірбиелік жаалықтарды, оның теориямен ұштасуында пайда болатын жаңалықтарды да пайдалануға тиісті. Осының бәрі педагогикалық жаңалықтарды жасау, меңгеру және пайдалану жөніндегі қызметті басқарудың маңыздылығын көрсетеді.
Қолдынылған әдебиеттер тізімі: 1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.
2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.
3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.
4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.
5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.
6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.