Дістемелік материалдар


Тақырып: Ғылыми зерттеу жұмысының түрлері



бет25/49
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#97718
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49
Байланысты:
885fee11-c0ee-11e5-bf37-f6d299da70eeУММ ГЗУ 2

Тақырып: Ғылыми зерттеу жұмысының түрлері.


Жоспар:
1. Реферат жазу әдістемесі.
2. Ғылыми мақала, есеп және баяндама жазу әдістемесі.

Бүгінгі қоғамға өздігімен дамитын, кәсіби біліктілігін және әрекетін үнемі жетілдіретін маман қажет. Өзінің қызметін адекватно «барабар» орындайтын, жоғары алғырлық, әлеуметтік кәсіби білімді тез меңгеруге икемді, біліктілігі мен дағды шеңберін кеңейте алатын, әрекетінің жаңа аймағын меңгере алатын болады. Осындай үздіксіз өздігімен білім алу үрдісіне педагогикалық зерттеу жатады.


Зерттеу әдебиеттен басталып, библиография құрастырады.Ceбeбi әpбip зерттеуші зерттеу жұмысына байланысты жетекші педагогикалық тұжырымды және теорияны анықтап алуы керек. Студент ең басты негігі әдебиеттерді кейін қосымша әдебиеттерді жинақтайды.
Әдебиетпен жұмыс жасаудың екі кезеңі бар. Бірінші кезеңінде зерттелетін мәселенің тарихи қалыптасуын зерттеу. Мәселен, дамуының кезеңгі кезендерін сипаттау; Heгігі бағыттарын көрсету. Екінші кезеңінде зерттелетін мәселенің шешілмеген, зерттелмеген қандай мәселе қалды, бұрыңғылар қандай қор қосты,олардың әдістемесі, дұрыстығы, қорытындылары мен ұсыныстарының мән iтуралы айтылады. Зерттеуші өзі үшін нақты зерттеу жұмысының әдіснамалық базасын жасап алу керек.
Педагогикалық зерттеу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек:
- Негізгі ғылыми ұғымдарды біліп және түсінігі болуы.
- Терминологияларды пайдаланып, фактілерді және құбылыстарды сипаттама бере алуы.
- Heгізі белгілері бойынша бip-бipiне жақын фактілерді іріктеу.
- Фактілер мен құбылыстарды талдап, саралап бере алуды үйрену,
- Ұғымдарды дәл анықтау, ал ұғым ғылыми танымның жоғары сатысы болғандықтан ғылымның жеткен деңгейін тізеді.
- Әртүрлі ғылыми зерттеудің нәтижелеріне сай дәлелдеулер беруді ескерту қажет.
Әдеби материалдармен жұмыс істеу библиография құрастыру, аннотациялау, реферат жазу, конспектілеу, деректер мен цитаталар көшіріп алу сияқты жалпы ғылыми жұмыстың түрлерін орындауда қолданылады. Әлеуметтік қоғамдық өзгерістердің тез жүруіне байланысты соңғы шыққан әдебиеттерді қолданған жөн. Студенттерге әдебиеттің екі түрі: негізгі әдебиеттер және қосымша әдебиеттер таңдау ұсынылады.
Негізгі әдебиеттерді жетекші беріп, оған негізгі тақырыпқа сәйкес оқулықтар, оқу құралдары, құжаттар көрсетіледі. Ал қосымша әдебиеттерді студенттің өзі таңдауы керек. Бұл үшін кітапханадан каталгпен жұмыс істеп ізденуі қажет.
Қосымша әдебиеттерге журналдар, монография, брошюра, жинақтар жатады, Әдебиеттерді таңдауда арнаулы дәптер арнап альфавит бойынша орналастыру қажет. Әдебиетпен жұмыстың келесі кезеңдері бар.
1-кезеңінде алынған тақырыбыңыздың тарихын, бұрын қалай зерттелгеніне шолу жасау. Оның өзінде мына мәселерерге көңіл бөлу қажет: негізгі бағыттарын атау. Екінші кезең:таңдаған проблемаңыздың қазіргі таңдағы жағдайына талдау. Қандай проблема шешусіз қалды, пікірталас тудырады, әлде мүлде зерттмелмеген бе? Негізін салушылар кімдер? Олардың әдістемесі, көзқарасының дұрыстығы, қорытындыларының мәні мен ұсыныстарының тиімділігі қарастырылады. Әдебиеттегі материалды дұрыс таңдау үшін бірнеше рет оқу қажет. Бірінші оқуда материалдың көпшілік бөлігін түсінуді мақсат етіп , түсінбегенін белгілеу. Екінші рет оқуда ойланып, қайтадан оқу. Сөздіктерді қолданып, оқытушыдан консультация алуы қажет. Әдебиетпен жұмыс кезінде кейбір қызықты мәліметтерді және фактілерді конспектілеп немесе цитаты,сілтеме түрінде беруге болады.
Аннотация - (лат-ескертпе) мәні,мазмұны,формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан алғанда құжаттың немесе оның бөліктерінің қысқыша сипаттамасы. Аннотация түсінігіне энциклопедиялар мен сөздіктерде мынадай анықтама берілген:
Аннотация-(лат аппоіаііо-ескертпе) кітаптің, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Аннотация арқылы кез келген әдебиеттің зерттеу жұмысына қажет емес екендігін тез іріктей аламыз. Аннотация құру (аннотациялау) алғашқы құжаттарды аналитикалық синтетикалық қайта өңдеу процесін камтиды. Бұл процесс аннотация құрумен екінші дәрежелі құжатпен аяқталады. Аннотация оқырманға таныс емес басылым туралыалдын ала түсінік береді және оған қажетті мағлұматты іздестіруге, жинақтау.
Цитата - (лат. Сііо- келтіремін, шақырамын)–баяндалып отырған пікірдің дәлелді болуы үшін бір автордың шығармасынан алынған үзінді. Цитата ықшамды күйде алынады. Сөйлем ұзак болған жағдайда керек жері алынып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Цитата әдетте тырнақшаға алынып жазылады. Ғылыми анықтама еңбектерде цитатаның алынған әдебиеті сілтеме көрсетілуі тиіс. Цитатаның бір түріне эпиграф та жатады. Сонымен, цитата дегеніміз - кез-келген қандай да бір мәтіннен, мақала ішінен, кітап бөлімінен. Ағартушы ойшылдардың нақыл сөздерін сөзбе-сөз, дәл алынған үзіндісі. Цитата берген кезде бір мәтіннің ішінде бірнеше пікірлердің өзара логикалық байланыста болса да, оларға цитата келтіруде бөлек-бөлек береді. Цитата келтірген кезде белгілі бір ойдың басталып кеткеннен кейінгі пікірі алынса, онда цитатаның алдында көп нүкте қойылады, ал егер сол мәтіндегі абзац аяқталмай қалып немесе ой толық аяқталмаса көп нүкте соңынан қойылады.
Цитатаның тікелей емес цитата келтіру сияқты түрі де бар. Онда цитат келтіруші автордың сөзін сол күйінде алмай, тек ойын алып, оны өз сөзімен баяндап берсе, онда оған сілтеме жасалынады.
Сілтеме- сілтенетін, (біреудің еңбегінде айтылған ескертүшілік), ссылочное примечание- сілтеме ескертпе деген мағынаны білдіреді. Сілтеме- бұл белгілі бір автордың ой пікірін өз жұмысымызда майдалансақ, онда оған сілтеме келтіріледі, яғни әдебиеттің тізімін құрудағы альфавиттік реті және сол пайдаланылған бет саны жақша арқылы көрсетіледі.
Мысалы, Төлеген Төжібаев адам ойының қандай категориясының, қандай операциясы болмасын, ол түбінде объективтік дүниемен байланысып отыратындығын айтып көрсетті.
Конспектілеу дегеніміз – бұл белгілі бір кітаптағы, мақалалардағы маңызды ой- иікірлерді, керекті даталарды, фактілерді, атаулы күндерді, нақыл сөздерді цитата келтіну, сілтеме жасау арқылы мазмұнын баяндап жазып алу. Әрбір адам конспектілеудің өзіндік ерекшеліктерін меңгере алады. Ол сөздерді қысқартып, белгілі шартты белгілермен анықтай отырып, цифрларды пайдалана отырып конкспектілеуіне болады. Дегенмен, мұндай конспектілеу үлгісін сол адамның өзі ғана оқи алады (уақытты үнемдеу және жылдамдату мақсатында жүргізілген). Конспектілеу неғұрлым толық жазып алуды көздейді.
Конспектілеудің бірнеше түрі болады:
1. Жоспарлы конспектілеу – кітаптың мазмұны бойынша конспектілеу, оның бөлімі, тараулары, тармақшасы бойынша жасалады.
2. Еркін конспектілеу – цитатыға сәйкес бір бөлігін өзіңіздің сөзіңізбен сілтемемен беру. Автордың сөзімен цитаты беріледі.
3. Текстуалдық конспектілеу – Цитатыларды жинақтау түрінде берілетін конспекті,әдебиеттің негізгі мазмұнын автордың айтуымен басты идеялары көркетіледі.
4. Тақырыптық конспектілеу- тақырыптың мазмұны бойынша цитата әртүрлі әдебиеттерден таңдалып, авторлардың ойлары айдар бойынша топтастырылады.
Реферат - зерттеу натижесін жазбаша түрде жеткізетін зерттеудің бастапқы формасы. Реферат тақырыбын таңдау- ең жауапты кезең. Қазіргі кезде көптеген ғылыми салаларға байланысты тақырып таңдау теориялық немесе практикалық қайта өңдеуді, ғылыми тұрғыдан қаншалықты жұмусытар жүргізүге болады.
Осындай кең саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде-кім болса да нені қалай бастауға болатынын білмейді. Сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы тақырып таңдауға, ғылыми жұмыспен алғаш айналысатын тәжірибесі аз адамға көмегін тигізеді. Тақырып таңдағанда қай тақырып өзін қызықтырады соны ескерген дұрыс және оны басқа жақтан емес өзінің практикалық қызметінен іздеу қажет.
Рефератта тақырыптың теориялық және практикалық мәні ашылады. Тақырып бойынша әдебиеттер талданады. Ғылыми материалдарға талдау жасалынып, олар бойынша қорытында беріліп өзінің көз қарасымен бағаланады. Реферат зерртеушінің эрудициясын, өздігімен талдай білу біліктілігін, ғылыми ақпараттарды жалпылай және жіктей білу біліктілігін көрсетеді. Реферат жазуда цитата қолданылады.
Ғылыми мақала- зерттеушінің ең көп тараған әдебиет түріндегі өнімі. Ғылыми мақала ғылыми журналдарда, ғылыми және ғылыми әдістемелік жинақтарда жарияланады.
Ғылыми мақалада ғылыми қорытындылар, тұжырымдар және ұсыныстар беріледі. Мақаланың алғашқы бөлігінде зерттеу қорытындысының мәнді аспектілерін және педагогикалық практикада жүзеге асырудың жолдарын дәлелдеу керек.
Ғылыми есеп және баяндама. Ғылыми есеп беруге қойылатын талаптар: құрылымы нақты айтылатын материалдар логикалы жүйелі орналасқан, аргументтері мол, ойын қысқа және нақты тұжырымды беруі, жұмыстың нәтижесі деректермен берілген, қорытындысы дәлелдермен беріліп және ұсынысы негізделген болуы керек. Ал ғылыми баяндама- мазмұны бойынша ғылыми есеп беруге жақын. Бірақ ол барлық зерттеу мәселелерін қамти алмайды.
Бір ғана аяқталмаған бөлігін немесе аспектісін береді. Ғылыми есеп беру тәрізді безендіруге мән берілмейді. Тілі әдеби тілге жақын ауызша айтуға болды.


Қолдынылған әдебиеттер тізімі:
1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.
2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.
3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.
4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.
5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.
6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет