Дістемелік материалдар



бет21/49
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#97718
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
885fee11-c0ee-11e5-bf37-f6d299da70eeУММ ГЗУ 2

Әңгімелесу – алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша зерттеуші мен зерттелушішінің арасындағы диологтік сөйлесуі. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу зерттелетін құбылыстың бірнеше аспектілерін, оған баға беріп, позициясын түсіндіруге, кез келген әрекетінің мотивін, сезімін, көңіл-күйін анықтауға көмектеседі. Оның тиімділігі зерттеушінің әңгімелесушімен достық қарым-қатынасына, ашылуына мүмкіндік жасауына байланысты. Әңгімелесу негізгі зерттелетін бағытта жүргізіле отырып, жеке әсері алынады, әңгімелесуді диктофонға түсіруге болады. Бірақ байқап қалса, өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан есте сақтап, кейін жазып алу керек. Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез-келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгімелесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады.
Әңгімелесу – тікелей қарым-қатынас барысында алдын-ала дайындалған сұрақтардың көмегімен мәлімет алуға мүмкіндік беретін балалардың психикалық ерекшеліктерін анықтау әдісі. Әңгімелесуді тек балалармен ғана емес, сонымен бірге тәрбиешілермен немесе ата-аналарымен жүргізугеиболады. Мысалы, әр түрлі пән тәрбиешілерімен әңгімелесуде белгілі бір балалардың қызығушылықтарын ғана емес, тұтастай топтың ерекшелігін анықтауға болады. Әңгімелесу, сондай-ақ топқа да жүргізіледі. Мұнда оқытушы түгел топқа сұрақ қойып, жауап беруде ең үздіктер ғана емес, оның барлық мүшелерінің қатысқанын қадағалайды.
Әдетте мұндай әңгімелесу топ мүшелерімен алғашқы таныстық үшін немесе топтағы әлеуметтік процестер туралы ақпарат алу үшін қолданылады. Әңгімелсу аса стандартты және аса еркін болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда әңгімелесу нақты құрылған сұрақтарды жүйелілікпен нақты көрсете, қатаң регламенттелген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бұл жауаптарды дәлме-дәл жазуға және нәтижелерін салыстырмалы түрде оңай өңдеуге мүмкіндік береді. Екінші жағдайда, сұрақтың мазаұны алдын ала жоспарланбайды, қарым-қатынас еркін, кең түрде өтеді, бірақ бұл әңгімелесуді ұйымдастыру мен өткізуді және нәтижелерін өңдеуді күрделендіре түседі. Мұндай форма оқытушыға өте жоғары талаптар қояды. Сондай-ақ әңгімелесуде көрсетілген екі типтің оң сапаларын біріктіруге тырысатын аралық түрлері де бар. Әңгімелесуге дайындық барысында алдын ала жұмыстар өте үлкен мәнге ие болады.

  • Әңгімелесуді жүргізуші өзі сөйлейтін проблема төңірегіндегі барлық аспектілерді тиянақтап ой елегінен өткізіп, қажет боларлық фактілерді таңдап алуы керек. Әңгімелесу мақсатын нақты қоя білу нақта мәселе құруға және кездейсоқ сұрақтардан алшақ болуға көмектеседі.

  • Әңгіме тақырыбы қандай жүйелілікпен көтерілетінін немесе қандай сұрақтар қойылатынын анықтауы керек.

  • Әңгімелесудің орны мен уақытын таңдау да маңызды. Әңгімелесушінің шынайылығына кері әсерін тигізбес үшін жақын маңда адамдардың болмауы қажет. Әсіресе еркін әңгіме жүргізу барысында төменгі ұсыныстарды ұсынған жөн:

  • пікір алысуды әңгімелесушіге ыңғайлы, оның еркін көсіле сөйлей алатындай тақырыптан бастау керек;

  • әңгімелесушіге қолайсыз көрінетін сұрақтар бір жерге шоғырланбай, бүкіл әңгімелесу бойына тепе- тең таралуы керек;

  • сұрақтар ой шарпытатын, талқыға түсетіндей болу керек;

  • сұрақтар әңгімелесушінің жас және жеке ерекшеліктерін ескеру қажет;

  • әңгімелесушінің шынайы мүддесі мен пікірінің құрметтелуі, әңгімеге ниетті қатынас, сендіруге ұмтылғысы келу, келісімге мәжбүр ету емес, назар аудару, көңілін білдіру және қатысу сенімді әрі нақты сөйлеу бәлуге қарағанда ас маңызды емес, қарапайым және түзетілген мінез-құлық сенім тудырады;

  • тәрбиеші әңгімелесу кезінде жан-жақты және икемді, әңгімелесушіге қолайсыз болатын жанама сұрақтарды тура мағынада қолданып отыру керек. Сұраққа жауап бергісі келмеген жағдайда, оны әңгімелесу барысында басқа тұрғыда қайта қоюға болады;

  • әңгіменің нәтижелілігі тұрғысынан қарағанда бір көлемді сұрақтан гөрі бірнеше шағын сұрақтар қойған дұрыс;

  • балалармен әңгімелесуде жанама сұрақтарды кеңінен қолдану керек. Нақ солардың көмегімен тәрбиеші бала өмірінің көлеңкелі жақтары, идеалдары, мінез-құлқының келеңсіз мотивтері туралы өзін қызықтыратын ақпарат ала алады;

  • ешқандай жағдайда күңгірт, мәні жоқ немесе дөрекі сөздер айтуға болмайды, әңгімелесушінің деңгейіне жақындауға тырысу ұятқа қалдырады;

  • әңгімелесу нәтижелерінің басым дұрыстығы үшін аса маңызды сұрақтар әр түрлі формада қайталану керек.

Әңгімелесу уақыты 30-40 минуттан аспауы керек. Әңгімелесудің шұбасыз жақсы жақтарына мыналарды жатқызамыз: әңгімелесушімен байланыстың болуы, оның жауапты реакцияларын ескеру мүмкіндігі, мінез-құлқын, әңгіме мазмұнына қатынасын бағалау, қосымша нақтылайтын сұрақтар қою. Әңгімелесу өте жақсы сипатта, оалымды, балаға толық бейімделген түрде бола алады. Ауызша жауап беруге жазбашадан гөрі аз уақыт жұмсалады. Жауап алынбағын /жазбаша әдістермен салыстырғанды/ сұрақтар саны қысқартылады. Балалар сұрақтарға аса ыждағаттылықпен қарайды.
Осы уақытта әңгімелесу кезінде біз объективтік фактіні емес, адамның пікірін алатынымызды ескеруіміз керек. Кейде бұлай болуы да мүмкін, ал істің нақты жағдайын еркін немесе еріксіз бұрмалайды. Бұдан бөлек, мысалы бала көбіне өзінен не күтілетіні проблема болып көрінеді. Әңгімелесушінің келісімінсізжүргізілген магнитафон жазбасына этикалық және заңды мотивтер бойынша тыйым салынады. Ашық жазба әңгімелесушіні стенографиялау секілді абжыратып жабыраңқы қылады. Әңгімелесу кезінде жауаптарды тікелей жазып алу айтарлықтай кедергі болады, егер сұхбат алушыны факті мен оқиғаға қарағанда сол немесе басқа сұрақтар позициясы қызықтырса. Әңгімелесуден тікелей жасалған жазбалар өзіне субъективті трансформациялардың қауіптілігін тартады. Интервью – әңгімелесудың бір түрі, бірақ жауапқа баға беру және позициясын анықтауға бағдарланады. Интервью алуда жобалау әдістемесі қолданылады. Сұрақ қойушы ойы бойынша басқа адамды арнаулы жобаланған ситуацияға қояды: «Сен не істер едің, егер...». 1.Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты “субъект-субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.
Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
1. Әңгіме-сұхбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркн қатынастар орын алады. 2. Сұрақ-әңгіме-сұхбаттың бір түрі, әңгңме сұхбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірмен қоса психологиялық-педагогикалық талдаудың тақырыбы болып табылады. Сауалнама алу – белгілі құбылыс туралы үлкен топтан соған қатынасын, тілегін білу үшін ұйымдастырылады. Сауалнама жүргізу белгілі бір ережеге сәйкес құралған сұрақтар жүйесінің көмегімен психологиялық ақпарат алудың әдістемелік тәсілі ретінде көрінеді. Сауалнама жүргізу арқылы тәрбиеші балалардың жеке тұлғалық сапасымен пікірін белгілеу үшін материал алады. Сауалнама сұрақтары ашық /өз қалауымен еркін сұрақтар беріледі/ және жабық /өзінің келісетін не келіспейтінін білдіретін дайын жауаптар, таңдау жауаптарының тізімі немесе олардың орнын жіктемеде белгілеу жауаптары беріледі/ түрде болады. Бұл үшін төмендегі талаптарды орындау қажет:

  • зерттелетін құбылысты ашатын және нақты ақпараттар беруге мүмкіндік жасайтын сұрақтар құру;

  • тура және көмекші сұрақтарды қолдану арқылы жауапты нақтылау және оның шындығына көз жеткізу;

  • бір мәндегі сұрақтар және және оның жанында есіне түсіретіндей мәліметтердің болмауы;

  • ашық, жабық, аралас сауалнамаларды қолдану;

  • дайындалған сауалнаманы шағын санда тексеру және жөндеу;

  • өздерінің сапасын құлықтық бағалауды талап ететін сұрақтар ұсынылмау керек /Сіз өзіңізге-өзіңіз сенімдімін деп есептейсіз бе?/. Одан да бұл сұрақты басқаша құрған жөн. /Жағдайдың дағдарыс сәтінен кейін сіз бір нәрсені дұрыс жасадым ба деп ойлауға бейімсіз бе?

  • сұрақтар мағынасы анық, түсінуге оңай, нақты қысқа түйінде болу керек;

  • бір сипаттаманы білуге балалардың жауаптарының ақиқаттылығын бақылайтын бірнеше сұрақ бағытталу керек;

  • сауалнаманың басында /үштен бірі/ жеңіл сұрақтар ұсынылуы керек. /Нақты іс-әрекет оқиғаға қатысты/, сосын күрделі /пікір, бағаны білу үшін/, одан әрі өте күрделі /шешім қабылдауды талап ететін/ және соңында /соңғы бөлігі/ қайтадан оңай сұрақтар қою қажет.

Сауалнама әдісінің тиімділігі:

  • тексерудің ауқымдылығы;

  • ақпарат жинаудығ үлкен жылдамдығы;

  • статистикалық әдістерді қолдану мүмкіндігі.

Сауалнаманың кемшілік тұстары:

  • сауалнама жүргізу балалардың сұрақтарды әр түрлі түсінуін ескермейді;

  • сұрақтардыі объективтілігі әр уақытта жоғары болмайды, сондықтан балалар жауап беруге селқостық танытады;

  • сұрақтардың қатаң тізімі сұрау салынатын адамдардың ойлау шеңберін шектеп, олардың шын мәнінде ойлағанынан өзгеше жауап беруге мәжбүр етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет