Тақырып: Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері.
Жоспар:
1. Теориялық зерттеу әдістерінің мәні.
2. Тарихи педагогикалық зерттеулердің бастаулары.
Ғылыми танымның екінші деңгейі - теориялық деңгейі. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Кез келген зерттеу проблеманы немесе өзекті мәселені анықтаудын басталады. Проблеманың пайда болу сипатына қарамастан, нақты түрде негіздеу теориялық зерттеуден басталады.
1.Салыстырмалы тарихи талдау әдісі – зерттеушіні өзінің тақырыбы бойынша әдебиетпен талдау, тарихи зерттеулер, ғылыми монографиялар және публикациялармен танысуға мүмкіндік береді.Зерттеуші оның дамуын, проблемаға әртүрлі келу жлдарын салыстырып, талдап, қолданған зерттеулердегі ғылыми ұғымдармен танысып, өзінің оның мәніне көзқарасын білдіріп, қорытынды жасайды.
2. Үлгілеу (моделирование) әдісі – зерттелетін процесс және құбылыс схема, сызба, қысқаша сөздік, сипаттама түрінде берілетін көрнекі-бейнелі сипатта болады.Кей жағдайда педагогикалық құбылыс матрица, символ, математикалық формула түрінде беріледі. Модель зерттелетін құбылысты толық бейненлеп көрсетпейді, тек оның идеализациясы, оңтайлатылған түрі. Моделде зерттелушінің шартты бедгілері мен шығармашылық жорамалы көрінеді. Бұл бірақ (моделирование) үлгілеудің ғылыми құндылығын түсірмейді, негізгісін іріктеп, жүйелі және өзін-өзі анықтайтын байланысты және факторларды көрсетеді.
3. Себепті-тергеулік талдау. Себеп бұл құбылыс, яғни басқа құбылысты өзгертеді немесе пайда болуына себеп болады. Себепті тудыратын және өзгертетін құбылысты тергеу деп аталынады. Себеп-салдар – себеп құбылысы тергеу құбылысын шығарады. Себеп пен тергеу күрделі өзара байланысты құбылыс. Тергеу тек себепті шыгарып қоймай, себеп болған фактілерді анықтап, тауып, талдап, түсісіндіріп зерттелетін мәселеге тереңнен еніп, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері:
1. Формализация – білім мазмұнын белгілермен беру, нақты ойды формула, ереже, символмен беру.
2. Аксиоматикалық әдіс ғылыми теорияның құрылу амалы, оның негізінде бастапқы аксиома болады. Логикалық жолмен дәлелденеді.
3. Гипотетикалық-дедуктивті әдіс–болжамдардың бір-бірімен дедуктивті байланысын құрайтын жүйе құру.
4. Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының тарты болып табылады.
Талдау әдісі – зерттеліп отырған объектіні бөлек зерттеу үшін құрамды бөліктерге бөліп қарау.
Синтез әдісі – біріктіру, біртұтас етіп қарау үшін зерттеу объектісінің бөліктерін біріктіру. Талдаудың эмпирикалық материалдарды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасын формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.
Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту- көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бідей белгілерін анықтау. Дәріптеушілік-дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми таныммның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады.
Тұжырым жасаудың индуктивті жіне дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
Ұқсастыру әдісі – заттар мен құбылыстардың жалпылылығын айқындау үшін ұолданылады.
Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе затың моделін жасау әдісі. Модельдеу-зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі.
Болжау әдісі зертеушінің қатынасыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.
Математикалық және сатистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.
Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларды түсіндіруге бағытталған. Ғылыми үшінші деңгейі ең жоғарғы деңгей-әдістемелік деңгей. Ғылыми-педагоикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеулдің бқл әдістері нақты зерттеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері.
Қолдынылған әдебиеттер тізімі:
Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.
Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.
Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.
Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.
Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.
Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.
Достарыңызбен бөлісу: |