Зерттеу тақырыбы – нақты зерттеуде арнаулы оқып-зерттелінетін сұрақ, проблема аспектісі
Тест – қабылданған бағалау нормаларына сәйкес адам психологиясын қатаң сапалық және сандық анықтауға арналған психологиялық зерттеулердің стандартталынған әдістері
Психологиялық тренинг -адамның түрлі қасиет, ерекшеліктерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту мен жаттығулар
Психокоррекция – адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы
Психотерапия– ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдер аймағы