Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.
Статистикалық қорытынды–тәуелді өзгергіштік мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шамасын табу.
Таңдау – экспериментке қатысатын сыналушы.
Тестің валидтылығы – тестің адекваттылығы мен өтімділігі, зерттейтін қасиетті өлшеу дәлдігі.
Тестің сенімділігі – тестің көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы.
Фактор – экспериментке сыналушының мінсіз мінез-құлқына әсер ететін кез келген болмыс.
Шарт – тәуелсіз өзгергіштіктің ілескен шатасуын тексеру тәсілі.
Эксперимент– жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.