Дістемелік материалдар



бет10/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Ұсынылатын әдебиеттер:
  1. Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.А., 1951


  2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991.281-284-6.


3.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.


14 дәріс тақырыбы: Үстеу және олардың мағыналық топтары мен сөйлемдегі қызметі
1. Үстеу жалпы түсінік.
2. Үстеудің мағыналық түрлері
3. Үстеудің жасалу жолдары
4. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары.
5. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі
Ең бір күрделі, әрі даулы сөз таптарының бірі -үстеулер. Сондықтан да тілде үстеулер мәселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бұл жайында айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз. Үстеулер мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казембек, Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов, И.И.Мещанинов, А.Н.Боровков, Н.А.Баскаков еңбектерінен орын алды.
Ал қазақ тілінде көрнекті ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді. Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу дейміз-сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді» . АБайтұрсынов үстеуді бес мағыналық топқа бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.
Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз - істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»-деген түсінік береді . Үстеу туралы арнайы еңбек жазған - профөссор А.Ысқақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар.
Үстеулер - қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақ-сатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбейтін сөздер. Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтін сөз табы деп қарастырса, кейбір ғалымдар оларды аз түрленетін сөз табы деп таниды.
Үстеу амал-әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық, себептік. мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты, олар мынадай мағыналық топтарға бөлінеді: 1. Мезгіл үстеулері. 2. Мекен үстеулері. 3. Мөлшер үстеулері. 4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. 5. Күшейткіш үстеулер. 6. Мақсат үстеулері. 7. Себеп-салдар үстеулері. 8. Топтау үстеулері.
1. Мезгіл үстеулері амалдың, іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіріп қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері аса көп. Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, ертең, қазір т.б.
2. Мекен үстеулері қимыл-әрекеттің орнын, мекенін білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері мыналар: алға, артқа, артта, жоғары, темен, әрі, бері, кері, ілгері, әрмен т.б.
3. Мөлшер үстеулері амалдың, қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қанша? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулерге мына сөздер жатады: онша, сонша, оншалық, соншалық, мұншама, едәуір, бірқыдыру, анағұрлым т.б.
4. Сын-қимыл үстеулері қимылдың сан алуан бейнесін, орындалу амалын білдіріп, қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл үстеулеріне мына сөздер жатады: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте, лезде, әрең, үиемі, қолма-қол, менше, құсша, емін-еркін т.б.
5. Күшейткіш (күшейту) үстеулер заттың сындық белгісін, қимыл, іс-әрекеттің сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп я болмаса солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулер қашан? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Күшейткіш үстеулерге ылғи, кілең, тіпті, нақ, нағыз, нық, әбден, мулде, өңкей, дәл, керемет т.б. сөздер жатады.
6. Мақсат үстеулері қимылдың мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулерге жататын сөздер сан жағынан көп емес. Олар: әдейі, жорта, қасақана. Мысалы, - Әдейі істедің провалды, тұра тұр, саған көрсетермін провалды!-деп айқай салды (Ш.Жиенқулова).
7.Себеп-салдар үстеулері қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді.Себеп-салдар үстеулері не себепті? неге?деген сұрақтарға жауап береді.
8. Топтау үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді. Топтау үстеулері нешеден? қаншадан? деген сұрақгарға жауап береді. Топтау үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп т.б.
Үстеу - морфологиялық жағынан алғанда аз түрленетін сөз табы. Бұл оның морфологиялық ерекшелігі болып табылады десек те, үстеулер қандай сөзге тіркессе де өз формасын өзгертпейді.
Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік қызметі - сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер қашанда өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі - мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет