«Аукцион» ойыны. Бұл сабаққа әрбір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қораптар, білезік...) әкеле алады. Әкелетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау қажет. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл Шыңғыс ханның көйлегінің жағасы, жібектен жасалған, көгілдір түсті. Бастапқы бағасы 10 000 теңге. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен тіл үйренушілералады. Қалғандары сатып алушылардың рөлін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды. Тіл үйренушілерге өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздырып дайындауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір- қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.