Дістемелік материалдар



бет81/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

«Түйіндеме» ойыны
Тапсырма: бір топ оқушы бүгін өздеріне берілген тапсырма бойынша өз оқу орнына білім алуға шақырып, қала тұрғындарына жарнама жасауы керек. (Білім ордасында қандай сыныптар бар, қандай үйірмелер бар, оқу орнының ерекшелігі т.б. туралы). Бұл ойында оқушылар екі немесе одан да көп топқа бөлініп, бір-бір сыныпты таңдайды да, сол туралы жарнамалап береді, қорғайды.
«Жиһаз сатып аламыз» ойыны.
Тапсырма: Ертең отбасындағы барлық мүшелерімен ақылдасып, үйге жиһаз алуыңыз керек. Әр жиһазды неге, кімге, қанша ақшаға алғалы отырғандарыңызды, қай бөлмеге қоятындарыңызды айтып беріңіз.
Өтілген материал: Менің отбасым, менің үйім, бөлмем және тәуелдік жалғауы, зат есім.
Мақсат: Әр топ мүшесі ана, бала, әке рөлдерін ойнай отырып, топпен жұмыс істейді. Олардың мүддесі ортақ. Отбасында қажетті жиһазды алу. Топ жүйелі, көлемді , толық түрінде жауап беруі қажет.
Нәтиже: Бір-бірін тыңдау, ортақ шешімге келе отырып, көлемді мәтін әзірлеу, өткен тақырыпты еске түсіру, бастысы алған лексика-грамматикалық білімдерін іс-жүзінде пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет