Дістемелік материалдар


«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет2/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ

2015


Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік сабақтар
4 Курстық жұмыс (жоба)

5 Студенттердің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ
Адвербиалдану – сөздің үстеу тобына өтуі

Адъективация – сөздің сын есімдер тобына өтуі

Аффикс – тіл элементі

Грамматика – (грек. – әріп, жазу) тілдің құрылымы, яғни морфологиялық категориялар мен тұлғалар.

Грамматикалық категория – бірыңғай мағынасы бар грамматикалық тұлғалар қатарларының қарама-қарсы қойылатын жүйесі

Деривация – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үдерісі.

Қосымша морфема – морфеманың бір түрі

Морфема – (грек.) тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба

Морфология – (грек. форма және сөз, ілім) тілдегі сөз тұлғалардың құрылысы мен мағынасын айқындайтын тіл механизмдерінің жүйесі

Зат есім - сөйлемде заттық үғымға қатысты ойды білдіретін сөздер.

Сын есім деп заттың әр түрлі сыр-сипатын білдіретін сөздер.

Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы.

Етістік деп заттардың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы аталады.

Етіс – қимыл-әрекеттің субъектіге, қимылдың нысанына қатысын білдіріп, салт, сабақты етістік жасайтын етістіктің түрі.

Көсемше деп сөйлемдегі негізгі қимылдың жайы-күйін, жанама қимылды білдіретін етістіктің түрі аталады.

Үстеу- қимылдың жайы-күйін, эр түрлі белгілерін сипаттайтын сөз табы.

Еліктеуіш сөздер деп өмірдегі заттардың әр түрлі дыбыстарға еліктеуден немесе заттардың әр қилы көріністерінен пайда болатын сөздер аталады.

Түбір – сөдің лексикалық мағынасын сақтаушы негізгі бөлік.

Шылаулар грамматикалық дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық мағынаға көшкен, түрлі грамматикалық қызмет атқаратын тілдік бірліктер.

Одағай – адамның сезімін, көңіл- күйін білдіретін сөз табы.

Сөзжасамдық ұя – бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет