Дістемелік материалдар



бет4/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Синтетикалық тәсіл – «синтез» (қосу) деген сөзден қалыптасқан термин. Ең түпкі мағыналы бөлшек негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы жаңа сөз жасау жолы.

Аналитикалық тәсіл – екі немесе одан да көп түбірлердің бірігуі, не қосарлануы, не тіркесуі, не қысқаруы арқылы жаңа сөз жасау жолы.

Лексика-семантикалық тәсіл – белгілі бір сөздің жаңа мағынаға ие болуы арқылы жаңа сөздің жасалу жолы.

Сөзжасамдық тәсілдер туынды сөздің жасалу жолдары туралы ғылым.

2 ДӘРІСТЕР
1 модуль. Сөзжасамның теориясы мен оның негізгі теориялық ұғымдары
№1дәріс тақырыбы: Сөзжасам пәні, оның зерттеу нысандары, зерттелу, қалыптасу тарихы

1. Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екені.
2. Сөзжасам жүйесін зерттеуші ғалымдар және олардың еңбектері.

3. Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларымен байланыстылығы.




Сөзжасам – лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш танылып, кенже дамып, қалыптасып, жетіліп келе жатқан сала. Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі бұрын грамматиканың морфология саласында, кейбір мәселелері лексикология саласында қарастырылып келсе, өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғынан бастап сөзжасам жеке сала ретінде зерттеле бастады. Қандай да бір ғылым саласы болмасын, оның қалыптасу, даму кезеңдері болатыны сияқты, сөзжасамның да өзіндік зерттелу тарихы бар. Талай ғылыми еңбектерге арқау болған сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, қалыптаса келе, қазіргі күрделі жүйелі дәрежеге жеткен. Тіл біліміндегі зерттеу еңбектерге сүйенсек, жалпы сөзжасам мәселесінің алғаш көтерілуі ХІ ғасырдан (Махмуд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат-түрк» (ХІ), Ибн Муханнаның «Китаб таржуман фарсы ва тюрки ва моголи» (ХІV ғ.) т.б. еңбектерден ) басталады. Бұл кезеңдерде жазылған еңбектерде алғаш рет сөздердің құрамы жасалу жолына қарай қарастырылып, сөзжасам қосымшалары туралы мағлұмат берілсе, Қазан төңкерісіне дейінгі грамматикаларда сөзжасам тәсілдері (аффикстік және бірігу, қосарлану тәсілдері) туралы, ХХ ғасырдың І жартысында жарық көрген еңбектерде сөзжасам морфологияда қарастырылып, түркі тілдерінде жаңа сөз жасаудың жолдары (тәсілдері) одан әрі жалғасын тауып, жетілдіріліп отырды. Өткен ғасырдағы түркологиялық еңбектерде бастамасы жасалған сөзжасам мәселелерінің жеке түркі тілдерінде арнайы зерттеле бастауы 50 -ші жылдардан басталады. Жалпы, бұл кезеңдерде жазылған еңбектерде сөзжасам мәселелері әр сөз табының аясында қарастырылып, онда сөзжасамдық аффикстер (өнімді, өнімсіз, құнарлы, құнарсыз), сөзжасамдық тәсілдер (синтетикалық, аналитикалық, фонетикалық т.б.) одан әрі жан-жақты зерттелді. Ал, сөзжасамның өз алдына жеке сала ретінде өзіндік зерттеу нысаны мен оның басқа салалардан ерекшелігінің зерттелуі А.А.Юлдашевтің, Э.В.Севортянның, Ф.А.Ганиевтің, В.В.Виноградовтың, Г.О.Винокурдың, Е.С.Кубрякованың, Е.А.Земскаяның т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Қазақ тілінің сөзжасамына қатысты мәселелер ең алдымен орыс зерттеушілері П.М.Мелиоранскийдің, В.В.Катаринскийдің, Н.И.Ильминскийдің еңбектерінде (ХІХ ғ.) қарастырылып, алғаш рет сөз таптарының жұрнақтарын анықтау, жұрнақтардың мағынасын ашу, олармен жасалған туынды түбірлерді айқындау сияқты сөзжасам мәселелері сөз болды. Ал ана тілімізде бұл мәселенің қарастырылуы Ахмет Байтұрсынұлының («Тіл – құрал»(1914 )), Қ.Жұбановтың («Қазақ тілінің грамматикасы» (1936 )) еңбектерімен тығыз байланысты. Осы қазақ тіл білімінің бастау көздерінің өзінде сөздердің тұлғасы, сөзжасамдық жұрнақтар, күрделі сөздер мәселесі көтерілгені белгілі. Бұдан кейінгі зерттеулерде (Қ.Басымов, С.Кеңесбаев, И.Ұйықбаев, И.Маманов, А.Ысқақов т.б.) сөз таптарының сөзжасам мәселелері, аффикстердің қызметі, мағыналары, қолданылу ерекшеліктері қарастырылып, сөзжасамның әр түрлі аспектілері диссерттациялардың зерттеу нысанына айналды. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған академик В.В. Виноградов болды. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан, сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалармен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О Винокур,Е С Кубряков, Е А Земская, Н Д Арутюнова, А Н Тихонов,И. С. Улухановтарды атауға болады. Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді.
Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зертеудің нәтижесінде 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды. Тіл білімінің салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ назарға іліккен. Сондықтан да сөзжасам соңғы кезге дейін көп тілде морфологияның құрамында қаралып келеді. Бұл екі саланың байланысты болатын себебі екеуі де сөздің ең кішкене бөлшегі морфемамен байланысты. Сөзжасам мен синтаксистің байланысы да тілде белгілі орын алады. Сөзжасам нәтижесінде жасалған туынды сөздер сөздік қорға қосылып, тілдегі басқа сөздер сияқты лексикологияның зерттеу нысанасына түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет