Дістемелік материалдар



бет75/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

«Топтық ойын»
Тапсырма: а) Қазақ тіліне тән дыбыстардан басталатын 1 буынды, 2 буынды, 3 буынды сөздер тізбегін жазу. Уақыт шектеулі. Қай топ көп жазса, сол топ жеңеді.
Шарты: 1 буынды сөздерді нашар оқитындар тобы, 2 буынды сөздерді жақсы оқитындар, ал 3 буынды сөздер тізбегін өте жақсы оқитын оқушылар тобы жазады.
Мақсаты: Тән дыбыстар мен буын түрлерін біліп қана қоймай, лексикалық қорларын пайдалану. буын талдайтын дыбыстар туралы материалды еске түсіру.
«Сөздерді таңдау» ойыны.
Тапсырма: Әр топқа көп мөлшерде түрлі тақырыпқа арналған кеспелерге жазылған сөздер беріледі. Оқушылар тақырып бойынша сөздерді бөліп, сөйлем құруы керек.
Мақсаты: оқушылардың сөз мағынасын түсініп, оны қай тақырыпқа сай екенін анықтау арқылы, материалды пысықтау.
Нәтиже: оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін қарым-қатынас үстінде дұрыс пайдалануға дағдыланады.
Топтық ойын түрінің бірі - алдын ала мұғаліммен дайындалған мамандық туралы мәтін беріледі, оқушылар сол мәтінді оқи отыра қандай мамандық иесіне бағытталып жазылғанын анықтайды. Жаттығу соңынан оқушылар ең жақсы мамандардың моделін жасап, соны қорғайды, бір-біріне сұрақтар қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет