Дістемелік материалдар



бет72/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

ІІ. Топтық ойындар
1. Тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады.
2. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, “ОТАН” сөзінің құрамындағы әріптерден мүмкіндігінше көп сөздер құрап жарысады.
3. Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, «ӘДЕМІ» сөзіне мүмкіндігінше көп мағыналас сөздер тауып жарысады.
4. Оқушылар екі топқа бөлініп, берілген мәтіндегі сөздерді мүмкіндігінше буындарға тасымалдайды.
5.Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, бірінші топ адамның жақсы қасиеттерін, екінші топ жаман қасиеттерін айтып жарысады. Ойынды жүргізуші ол сөздерді тақтаға жазып отырады, соңынан барлығы көшіріп алады.
6. Аудитория екі топқа бөлініп, бір топ ілік септікті бір есім сөз айтады, екінші топ тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қосып, сөз тіркесінің жалғасын айтады.
Мысалы: 1 топ: оқушының... -
2 топ: дәптері т.б.
7. Сөйлемдер тізбегі ойыны. Ойынды жүргізуге ыңғайлы болуы үшін оқушылар шеңбер бойымен бір-бірлерінің жүздеріне қарап отырады. Ойынды бастаушы адам ауыспалы осы және келер шақ формасын қатаң сақтай отырып, бір сөйлеммен бос уақытында не істейтіндігі жайлы айтады. Келесі адам алғашқының іс-әрекетін теріске шығарып (болымсыз тұлғаны қолдана отырып), өзінің немен шұғылданатындығы жайлы айтады. Осылайша ойын жалғаса береді. Кідіріп қалған адам ойыннан шығарылып отырады. Ең соңында қалған адам жеңген болып есептеледі. Мысалы: 1-адам: “Мен бос уақытымда тамақ жеймін”. 2-адам: “Ал мен тамақ жемеймін, қонаққа барамын” т.с.с.
8.  Қағазға 1-топ мүшелері кез келген сын есімдерді, 2-топ әр түрлі (тұрмыстық заттар, дене мүшелері атаулары, әріптестерінің аттары) зат есімдерді жазып шығады. Одан кейін шетінен бір сын есім, бір зат есімнен оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөз тіркестері (сын есім + зат есім) шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет