5. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құру жаттығуы Сіз Ақтөбе қаласында оқисыз, туған ауылыңызды сағынасыз. Бірге оқитын жолдастарыңызға өз ауылыңыз туралы айтып беріңіз немесе ауылдағы құрдастарыңызға Ақтөбе қаласы туралы тірек сызбаны пайдалана отырып, айтып беріңіз. 6. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құру жаттығуы Сіз оқушылар арасындағы республикалық олипиадаға қатысу үшін Алматы қаласына бардыңыз. Сіздерді қаланың дәл орталығындағы бір қонақжайға орналастырды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген оқушы жастар да сонда орналасты. Кешке барлықтарыңыз бірге тамақтанып, өз қалаң, оқу орның туралы сыр шертіп, мақтан тұтып әңгімелесіздер. Сіз өз қалаңыз, оқу орныңыз туралы не айтар едіңіз?
Сіз бір күн жұмысқа келмей қалдыңыз. Бір күнде басыңыздан өткен тап бір голливуд фильмдеріндегідей шытырман оқиғаларға сан жетпейді. Тіпті бастығыңызға телефон шалып, келе алмайтыныңызды хабарлауға да уақыт болмады. Бастығыңыз өте қатал, алайда өте әңгімешіл адам. Ол не болғанын түгелдей білгісі келеді. Таңертеңнен бастап, кешке дейін әр сағатта не болғанын әңгімелеп, бастығыңызды сендіруге тырысыңыз. 7. Сурет бойынша әңгіме құру, сипаттау жаттығуы 7.1. Алдымен балаға ат қой, ол қайда барады, не істеді, ол қалай киінген? т.б. Баланың суреті беріледі. Мақсаты: тіл үйренуші күн тәртібі тақырыбын пайдаланып сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құруы керек.
Өтілген материал: Зат есім, сын есім, етістік, күн тәртібі мен уақыт лексика-грамматикалық тақырыптары.
Нәтиже: Оқушылар сурет желісі бойынша жүйелі түрде сөйлем құрай отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.
7.2. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.