1.5. «Менің досым». Тапсырма: Бірге оқитын досыңның бейнесін сипаттап, оған мінездеме бер. Досыңның тек атын айтуға болмайды. Оның есімін басқа қатысушылар табуы керек. Мақсаты: Берілген тапсырма арқылы сын есім, тәуелдік жалғауы сияқты грамматикалық тақырыптар мен «Менің досым» тақырыбын қайталау, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау.
Нәтиже: Оқушылар өз досының бейнесін, мінезін дәл берген жағдайда қатысушылар оны анықтай алады.
2. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу жаттығуы 2.2. Үзіндіні оқып, Жандостың қандай оқушы екенін айтыңыз: – Жандос таңертең анасының еркелетуімен ұйқысынан әрең оянады;
– Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
– Анасы дайындап қойған киімдерін киіп, бүгін болатын сабақ кестесіне таңдана қарайды;
– Бөлмесін бәрін қопарып дәптерлерін әрең табады;
– Сабағына кешігіп келеді;
– Мұғаліміне неге кешіккендігі жайлы өтірігін айта бастайды;
– Басқа оқушылар сабақ айта бастағанда ол аяқ астынан ауырып қалады;
– Сабақ арасындағы үзілісте басқа оқушылармен дауласа кетеді;
– Ұжымдық жұмыстарға қатыспайды;
– Сабақтары бітер бітпестен үйіне асығады;
– Үйіне келіп анасына қалай сабақ оқығандығы туралы мақтанып, шаршап келгенін айтады;
– Етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады;
– Анасы дүкенге жіберсе, шаршап, ауырып жатқанын айтады;
– Кешке жолдастарымен көшеге қыдыруға кетеді;
– Таң ата келіп, ұйқысына батады.