Қатысымдық тапсырма барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады: - Оқушылар өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады
- Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында қалады;
- Оқушылар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;
- Әрбір оқушы өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады;
- Оқушылар бір-біріне жақын келеді және міндетті күлкімен сөз қағысулар алмасады;
- Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер жасайды, және шеңбер бойынша қозғала жүріп сөзқағысулар (реплика) алмасады;
- Қатысушылар бір-біріне жақын келіп әңгіме бастайды;
- Оқушылар өзінің әңгімелесушісіне арнап кез келген мәдени әңгімені айтады;
- Қатысушылар ол туралы басқа оқушылар не ойлайтынын білуге тырысады;
- Оқушылар келісім белгісі ретінде басын изей отырып және онымен келіскенін білдіре отырып, әріптесін мұқият тыңдайды.
Қатысымдық тапсырмаларды қолдана отырып жүргізілген қатысымдық оқыту барысында оқушылардың өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдай алуы, сөйлеу машығы мен негізін меңгеруі, ойды сөзбен жеткiзудiң қатысымдық амалдарын игерiп, оларды күнделiктi өмiрде кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асады.