Қатысымдық ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды. Әрбір нақтылы сөйлеу жағдаятын ойнау арқылы талдап отырудың негізінде ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәселелерін басқарудың әдісі мен стилін жетілдіру, мінез-құлқы қабілетін дамыту жатыр.
Топтық ойындар қатысымдық оқытудың қарапайым деңгейінде жиі қолданылады. Топтық ойындар фонетикалық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады. Топтық ойындардың негізгі ерекшелігі, тіл үйренушілердің сабаққа түгел қатысуы қамтамасыз етіледі, белсенділіктері арта түседі, сөйлесім дағдылары қалыптасады.Мысалы, тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады
Жағдаят– көптеген ынталандыру, уақиғалар, объектілер, адамдар мен эмоциялық кейіп үлгісінің /моделінің/ кешендік тұтастығы . Пассов Е.И жағдаят тек қана жағдайлардың, уақиғалардың, ара қатынастардың қосындысы емес, ол жүйе деп есептейді.
Тілдің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қарым-қатынас жасау болса, оны жүзеге асыруға ықпал ете алатын қағида – тіл үйретудегі жағдаяттылық. Жағдаяттылық қарым-қатынасқа түсудің шынайы жолын тудырып, сол арқылы тіл үйренушінің сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады.
Қатысымдық жағдаят ауызша тіл қатынасының негізі болып саналады, ол коммуникативтік актінің шығуы мен дамуына (ағымына) мүмкіндік жасап қана қоймай, осы жағдайда туған ауызша тілдік мәтіннің барлық негізгі параметрлерін анықтайды .
Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Рөлдік ойынның мәні, ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда, қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады. Оқушылар тіл үйренуші рөлінен кейіпкер рөліне еніп, шындық өмірге ең жоғары сөйлеу мүмкіншілігімен жақындауға, қате жібермеуге тырысады. Бұл амал үйренушінің сыни ойлауын дамытады. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілетін ұштауда ерекше қызмет атқарады. Үйренуші басқа адамның рөліне енеді және іштей әрекет жасайды. Рөлдерде ойнауда әрекетшілдік іс пен жан-жақты білім қажет, ойын барысында топтарға бөлу, нұсқау материалдарын беру, бағыттау, талқылау, бекіту кезеңдері рет-ретімен жүргізіледі.
Іскерлік ойын – қазақша кәсіби сөйлеуді үйрету барысында маманның сөйлесім дағдысын қалыптастыру үшін жүргізілетін пайдалы әдістің бірі. Рөлдік ойындар оқытудың жоғары деңгейінде іскерлік ойындарға ұласады. Іскерлік ойындар тарихи жағынан алғанда шаруашылық, басқару, имитациялық түрінде пайда болды. Іскерлік ойындар - кәсіби бағытталған іс-әрекеттің жоспарына жатқызылатын, білімді меңгеру мен білік, дағдыны қалыптастырудың кейбір модельдік формаларын ұсынатын оқытудың түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |