Дістемелік материалдар



бет3/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
stud.kz-4318, stud.kz-4318, шай беру дәстүрі, № 5 А.Алтайдың Прописка әңгімесінің тақырыбы мен идеясы.
Сөзжасамдық тізбек – бір түбірден тараған, бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.

Сөзжасамдық жұп – «негіз сөз – негізді сөз» қатынасы.

Сөзжасамдық тип – әр сөз табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі. Сөзжасамдық типті белгілеуде негізгі үш белгісіне сүйенген жөн: 1) негіз сөздері бір сөз табынан болуы; 2) негіз сөздер мен туындылардың мағыналық қатысы ұқсас болуы; 3) сөзжасам тәсілінің бірлігі, синтетикалық тәсілде бір аффикс арқылы жасалуы.

Сөзжасамдық үлгі – туынды сөздердің нақтылы жасалу үлгісі, сөзжасамдық типтен гөрі тар ұғымда қолданылады.

Сөзжасамдық тарам – бір түбірден сөзжасамдық бір сатыда жасалатын туынды түбірлердің тобы.

Сөзжасамдық саты – бір түбірден тараған, құрамындағы жұрнақтардың жалғану ретіне қарай сатылай орналасқан туынды сөздердің жиынтығы. Сөзжасамдық саты жұрнақтардың жалғану ретіне қарай, өз ішінде тік қатардағы сатылар және көлденең қатардағы сатылар болып екіге бөлінеді.

Негіз сөз – туынды түбір жасауға қатысқан лексикалық мағынасы бар сөз. Негіз сөз негізгі түбірден де, туынды түбірден де болуы мүмкін.

Негізді сөз – құрамындағы негіз сөзімен салыстырғанда, морфемдік те, мағыналық та құрылымы күрделі сөз.

Негізсіз сөз – сөзжасамдық тізбектегі негізгі түбір, яғни бірінші сөз. Негізсіз сөз деп аталу себебі, оған негіз болып тұрған сөз жоқ.

Негіз емес сөз – сөзжасамдық тізбектегі соңғы туынды түбір. Негіз емес сөз деп аталу себебі, ол тізбекте ешқандай сөзге негіз болмайды.

Туынды сөздер – өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін, тіліміздегі сөзжасам тәсілдері арқылы, сөзжасам заңдылықтары негізінде жасалған сөздер.

Туынды түбір – синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз. Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады, олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет