11-дәріс. Дау-дамайдың табиғаты мен психологиялық ерекшелігі. Дау-дамай идеяларға тарихи шолу. Дау – дамайдың табиғаты мен себептері.
Дау-дамайларды пайда болған сәтте-ақ шешуге болады, ол үшін осы топты, ұжымды құрастыратын адамдар арасындағы байланыстарды және кдтынастарды жүйелі түрде терең талдап түру қажет. Енгізіліп жатқан озгсрістердің салдарын алдын-ала ойластыру да дау-дамайды игеру жолы. Әр адам өз сөздері мен кадамдарын жан-жақты тексеріп алса - дау-дамайдың шиеленісуі жоқтың қасы болар еді. Дау-дамайдыц алдын-алудың өз қағидалары бар. Алдымен. оның шығу себептерін ашу керек. Дау-дамайдың қайнар кездері: ұйымдастыру, арақатынас, жанжалкеш тұлға. Дау-дамайдың ұйымдастыру себептері – ұжымдарда, өндірісте, мектептерде оқу-тәрбиесінде ұйымдастыру барысындағы олқылықтар -Мысалы, мектепте дау-дамайдың ұйымдастыру себептеріне келісімсіз сабақ кестесі, талаптардың біркелкіліксіздігі, күн тортібінің кемшіліктері, асхананың болмауы т.с.с. Әсіресс, 1, 9, 11 сыныптарда оқу ішкі дау-дамайларға толы. Дау-дамайдың арақатынас себептері - адамдардың билікке таласуы, біріне бірі коятын қарама-қарсы талаптары, әміршіл тәсілдермен бағындыруы, "екіжүзді" моральды қолдануы. Дау-дамайдың жанжалкеш тұлғалық себептері — ішкі дүниесі. қайшылықтарға басым адам жүрген жерінде ұрыс, ерегіс. жанжалдардың қайнар көзі болады. Оған тумысынан дау-дамайдың гені берілгендей. Ондай адамды қалай тануға болады? Жанжалкеш адамның қасиеттері: - көтеріңкі не түсіңкі өзіндік баға, - үстемдіке ұмтылу, - бірқалыпты ойлау, - асып кеткен шыншылдық, бірбеткейлік, - жағымсыз сезімдер жиынтығы (үрей, ашу, ыза, қорқыныш). Дау дамайды шешудің ережелері: - Даудың жақсы шешілуін қалайсыз ба? - Оз сезімдеріңізді жақсылап игере аласыз ба? - Қарсыласыңыздың орнында өзіңізді қалай сезінер едіңіз? - Делдал, араша керек пе? - Ортақ тілді қалай табуға болады? Осы сүрақтарға жауап тапқан адам өз өміріндегі дау дамайларды азайтып, жаңаларына жол бермейді. Қорыта айтқанда, қатысушылардың психологиялық ұстанымдарында, қарым-қатынастарында, ұйымдастыру барысында, болашақтағы дау-дамайларға дайын болғанда дау-дамай нәтижелі шешілді дей аламыз
Дау-дамай психологиясы
Дау-дамай (конфликт) – әрқилы мұддеге бағытталған тараптардың қарама-қайшылықты тайталасы. Дау-дамайлы ара қатынастарды талдауда олардың негізгі типтерін ажырата білу аса маңызды келеді. Мұндай байланыстардың субъекттеріне тәуелді дау-дамай келесідей типтерге бөлінеді:
Тұлғаның өз бойындағы, тұлғалар арасындағы, топтар байланысындағы, топ ішіндегі, топтар арасындағы қайшылықты қатынастар.
Тек өкілдері арасындағы дау-дамайлар мен кіші топтар арасындағы жанжалдар тайталасқа түскен тараптардың әрекет-қылықтарымен көрінетін мүдделер сәйкессіздігінен болады. Ал ірі топтар арасында болатын дау-дамайлар негізі көпшілік көңіл-күйі мен қоғамдық пікірлердің қарама-қарсылығынан туындайды.
Дау-дамайлар әлеуметтік біртекті құрылымдар ішінде – горизонталды және басқарушы мен басқарылушы құрылымдар ара қатынасында – вертикалды – пайда болуы мүмкін. Дегенмен, қай жағдайда да ол өз ара алшақтауға, тайталасқа алып келеді, көбіне – жауласу мен жеккөрушілікке тоғыстырады. Жанжалдар қатынастардың бір саласында пайда болуымен шектелмей, екінші аймақтарына өтіп, жаңа келіспеушіліктер жүйесінің туындауына себепші болады. Дау-дамайлы жағдайлар қатынасқа түскен тараптардың болмысқа деген көзқарастарының өзара сәйкес келмеуінен шынайы және жалған сипат алады. Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп, елеуге тұрмайтын тұстары көзкөре күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолдарына мән берілмейді. Айырым кезеңдерде негізсіз ойдан жасалған қайшылықтардың себебінен жалған, әдейі ұйымдастырылған дау-дамайлар кезігіп жатады. Мұндай тайталас екінші тарап ниетін орынды бағаламай, оның әрекетін шындық тезінен өткізбей түсінуден келіп шығады. Кейде адамдар өздеріне қаратылған ақпарат қателігінің көп мәнділігін ұқпай, оның арасынан өз пайымына сай мәліметті орынсыз бөліп алып, жанжалды қатынастарына арқау етеді.
Әлеуметтік жүйені дамытудағы рөліне орай дау-дамайлар бітістіруші (конструктивті) не бұзақы (деструктивті) болып ажыралады. Бітістіруші дау–жүйенің өзгермелі қоршаған орта шарттарына икемдесуге қолайлы жағдайлар жасауда жәрдемін көрсетеді, ал бұзақы дау–белгілі құрылым тиімділігін төмендетіп, оның біртіндеп жойылуына себепші болады. Даулы қарама-қарсылықтар – тек өкілі мен әлеуметтік жүйе дамуының негізі. Адам даулы жағдайлардан қашпауға тырысқаны жөн, керісінше, одан бейімділікпен жол табуға ынта білдіргені дұрыс. Жанжалға араласушы адамдар әрекет-қылығы үш түрлі бағытта көрінуі ықтимал: бұзақы – деструктивті, жағымпаз-конформды, бітістіруші-конструктивті, осыған орай адамдар типі ажыралады.
Бұзақы тип - өз мүддесінің матауында қалып, оны қалайда іске асыру үшін жанжалға «май құйып», үдете түсуге шебер адам. Бұл типтегі тек өкілдері әрдайым дауға «әпербақандықпен» дайын тұрып, көздеген мақсатынан қайтпайды, екінші тараптың келісім жасауға деген ниетін бірде көре білмейді (террористер, әкімдік беделді адамдар, құбылыс мәнін пайымдай алмайтын тек өкілдері). Жағымпаз тип – қойылған талаптарды ойсыз бас шұлғумен, иіле қабылдай отырып, екінші тараптың жанжалды әрекеттерін үдете түсуге итермелейді. Бітістіруші тип – екеуара тиімді болған шешімдер тауып, жанжал өртін басуға ниетті адам. Дау-дамайлы жағдайларға бақылау қоюдың бір қатар жолдары бар:
1) болуы мүмкін жанжалдың алдын алып, оған қатысушылар жөнінде мәліметтер топтау ;
2) жанжалды басқарымсыз қалдыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеу;
3) дау-дамай шешіміне бейтарап бедел иелерін тарту;
4) даулы екі тарапқа да тиімді шешім мүмкіндіктерін қарастыру;
5) іскерлік, әріптестік қатынасқа қолдау беріп, оны бітістіріп, кейін болатын алауыздық көңіл-күй шарпуларының көзін басу.
Қазіргі заман дау-дамай мәселесімен айналысатын конфликтологиялық психология жанжалды жағдайлардан шығу әдістеріне көп көңіл бөлуде:
1) өзара жанжалды әрекеттерден (өз беделі мен табыстарын әсірелей көрсету, басқаны кеміте, әдейі дауға шақыру) қашу;
2) «проблеманы бірлікті шешу» ережесін (басқа есебінен пайда ниет-темеу, екі тарапқа да тиімді шешім жолын ойластыру) ұстану;
3) келісім (компромисс) – екі тараптың да көзқарас, пікірлерінің үйлесім табуы;
4) үшінші тараптан көмек сұрау – тікелей дау-дамайдан тыс, бейтарап бедел иелерін екі тарап мүшелерін бітістіруге шақыру.
Достарыңызбен бөлісу: |