Дістемелік материалдар



бет1/25
Дата13.12.2021
өлшемі356,5 Kb.
#125860
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
П нні О У дістемелік кешені конфликтология п ні


ПОӘК 042-18-31.1.67/03-2014

11.09.2014 жылғы

№2 басылым



беттің -сі





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




Конфликтология пәні

6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының

1 курс магистранттарына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014


Мазмұны


  1. Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Курстық жұмыстар

5 Магистранттың өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

Анимизм-(латын тілінде-жан, рух)-жан мен рухтың бар екеніне мәлім, дін элементі.

Антропология-адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.

Ассоцианизм-екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша деп бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.

Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда боуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.

Биогенетикалық заң – баланың құрсақта даму кезеңдерінің және биологиялық даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын сипаттайтын заң. Негізін Ф.Мюллер мен Э.Геккел ашқан.

Буддизм-жанды жоққа шығарды.

Буддистер-белгілі бір қабылдау-ол интелектінің ықпалымен бұзылғандықтан бұл қабылдау емес.

Волюторизм (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген философиядағы еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт.

Гилозоизм (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды деп қарастыратын философиялық ілім. Термин ХVIІ ғасыр енді. Гилозоизм ерте ғасыр философиясына тән.

Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй)-организмнің негізгі физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.



Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе

Гуманизм- Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.

Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.

Детерменизм- психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.

Даосизм-қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.

Джайнизм-тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады.

Жетекші әрекет- онтогенездің берілген кезеңінде маңызды психикалық жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.

Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.

Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.

Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.

Интроспективті психология (ішке қараймын, қадағалаймын) –субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.

Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.

Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.

Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/

Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.

Методология ( грек сөзі)- теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.

Монизм- (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.

Мәдени-тарихи теория-20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский мен оның оқушылары; А.Н.Леонтьев және А.Р.Лурия құрастырған концепция.

Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.

Мнемикалық функциялар-есте сақтау функциялары.

Нейролингвистикалық бағдарламалау- психологияның жаңа прогрессивті бағыты.

Онтогенез- балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.

Пән- адам іс-әрекетінің танымдық үрдісін бейнелейтін категория.Практика- адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.

Психотерапия-адам санасында психосоматикалық, жүйкелік, психикалық т.б. ауруларға байланысты емдеудің комплексті әсер ету арқылы емдеу.

Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.

Рекапитуляция теориясы- балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С.Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.

Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.

Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті.

Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Тест- анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.

Теория- ғылыми принциптер жүйесі.

Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.

Теория-ғылыми принциптер жүйесі.

Логос-ертедегі-грек философиясының негізгі түсінік терінің бірі. Бір мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.

Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.

Фактілер- шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.

Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.

Фрустрация- мақсатқа жету үрдісінде қиыншылықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы.

Этология- жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негіздері жайлы ғылым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет