2-дәріс. Конфликтология ғылымы. Даму тарихы мен зерттеу объекті. Зерттеу әдістері.
Конфликттердің мәселесі - әлеуметтік психологиялық мәселе. Адам мен қоғам конфликтінің байланысы ежелгі әлеуметтік философиядан бастау алады. Сонымен, Конфуций - ежелгі Қытайдың әйгілі данасы - б.з.д. VI ғасырда былай деген: «Трудно бедняку злобы не пишь и легко богашому не быгпь заносчивым»
Конфуциймен бірге конфликт табиғатын ежелгі философ-диалектик Гераклитп ойластырған. Гераклит бойынша, элемнің ішіндегінің бәрі өшпенділіктен туындайды. Оның ойынша, конфликттер - бұл қоғам өмірінің маңызды шарты деп түсінеді
Гераклиттің конфликт жэне күресу бойынша ойларын, негіз ретінде басқа да ежелгі философ-материалистері қарастырған.
Мұнымен қоса, конфликтке Платон мен Аристотель б.э.д. У-ІУ ғасырда көңіл бөлген. Олардьщ ойынша, адам табиғаты бойынша, қоғамдық ағза; бөлек адам тек барлық қоғамның - бір бөлігі ғана; адамда негізделген қоғамдық бастау оған басқа адамдармен өзара түсіністік пен ынтымақтастық қасиеттерін береді.
Аристотель өз «Политика» трактатында конфликттің қайнар көздеріне көңіл бөлген. Яғни, адамдардың мүлікті игерудегі, қорқыныштағы мінездердің келісуіндегі теңсіздік жөнінде қарастырған.
Конфликттің ғылым ретінде ену бойынша қарастырсақ, оның негізгі фундаментін қалаған: Огюст Конт, Гербарт Спенсер, Карл Марксты жатқызады. Олардың еңбектері конфликтологияның жалпы теориялық база ретінде қаланады. Ал екінші жағынан, әлеуметтік конфликттегі анализінің, бағасының методологиялық өндірілудегі тәжірибесі.
О.Конт мынадай заңдылықтарды бөліп қарастырған: Әлеуметтік жэне профессионалдық топтардың білімі; Көпшілік адамдардың қолындағы байлық концентрациясы;
жайлы айтқан неміс әлеуметтенушісі Г.Зиммель, австралиялық Л.Гумпловичі жэне американдық Л.Смолл мен У.Самнерді жатқызуға болады. Осылардың ішінде ең атақтысы Георг Зиммель (1858-1918) болған.
«Әлеуметтік конфликтология» терминін неміс философы, социологы Георг Зиммел еңгізген (1858-1918) . Оның айтуы бойынша, әлеуметтік құбылыстар әр түрлі. Мысалыға: бәсекелестік, конфликт, келісім шарт тағы сол сияқты. Ілімнің негізі ретінде конфликт, «әлеуметтенудің» формасы тұрғысынан, алынды. Осы фактордың нәтижесінде адамдар бір-біріне жақындайды әрі бірігеді. „Конфликттің өзі цайшылыцтардың арасындагы цысымды жою, шешу амалы "9 - деп жазады. Аяғында адамдарда өздерінің ерекше көзқарастарының идентификациясы мен қайшы көзқарасты сезіну процессі өтеді.
Австриялық ғалым Людвиг Гумплович (1838-1910) туыстық пен қанның түрлі болуы, психикада нақты бір көрінісі бар екендігін табады. Жағымды сезімдер мен эмоциялар топтық бірлікке, ал жағымсыз топаралық антогонизм тудырып, конфликтке әкеледі деген.
Бұл зерттеушілер өз еңбектерімен конфликт мәселесіне назар аударған. Оның кейбір формаларын бейнеледі. Көбісі нәсілдік және ұлтаралық конфликттерге баса назар аударып, басқаларын соларға жалғады. Осыған орай «қақтығыс» деген түсініктің өзін анықтауға жағдай туып тұр. Оның адамдар арасындағы түрлерін белгілеп, конфликтке әкеліп соғатын қақтығыстарды ерекшелеп алу шарт. Мақсаттардың,бағдарлардың,көзқарастардың,қажеттіліктердің,қызығушылықтардың әрі құндылықтардың бір-бірне қайщы бола алатындығы рас. Мысалыға, атақты Я.Щепанский деген элеуметтенуші былай деп жазған: "Конфликт - бұл бағыт-бағдардың, мақсаттың және нақты бір затқа немесе жағдайға қаттысты әрекеттердің бір-біріне қарама-қайшы болуы, қақтығысуы" А.А.Ершов бойынша "тұлғааралық конфликт тұлғалардың қажеттіліктері, мотивтері, мақсаттары, көзқарастары, мінез-құлықтары қарым-қатынас барысында бір-біріне қайшы болып, Қақтығыс туғызуы"
Қақтығыстар, айырмашылықтар конфликттің тууына холық негіз бола алмайды. Олар нақты адамдар, топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар мен мемлекеттер, яғни қақтығыстарды иемденген күштер іске қосылғанда ғана жұмыс істей бастайды. Осыған байланысты жантануда конфликттің үш түрі қалыптасқан: әлеуметтік, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық.
Ч.Макклинтон көптеген эксперименттерге сүйене отырып, эксперименттік ойындар жағдайлардағы элеуметтік мотивтерді жіктеді (кооперация, индивидуализм, бәсекелестік, альтруизм, агрессия, тепе-теңдік).
Отандық психологтар әлеуметтік-психологиялық конфликтті адамның элеуметтік тәні мен адамдардың әлеуметтік тэні мен адамдардың өзара-әрекеттестік табиғатын түсіну негізінде қарастырады.
Я.Л.Коломинский үшін қатынас заттық-ақпараттық эрекеттестік, оның негізінде тұлғааралық қатынастар қалыптасады, жүзеге асады, көрінісін табады. Бүл қатынастар жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше қоғамда белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары мен қүқықтарға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. Әрине, әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктер мүдцеге айналады, мүддесі ортақ адамдар топталып, билікке, байлыққа қол жеткізу үшін басқалармен бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға ұласады деп түсіндіреді.
Көрнекті әлеуметтанушы П.А. Сорокин кез келген әлеуметтік төнкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екендігін атап көрсеткен.
Әлеуметтік конфликтер сол сияқты қоғам адамдарының түрлі мәселелерге байланысты пікірлерінің, көзқарастарының немесе ұстаған құндылық бағыттарының көреғарлығынан туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне байланысты біздің қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер меншіктің қоғамдық сипатта болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті, басқалар кооперативтік меншікті жақтайды.
Конфликті жағдай еңбекке, жанұяға, өнерге, спортқа, әлеуметтік институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құңдылықтарының қарама-қарсы болуынан келіп шығады. Құндылықтардың бағытына байланысты туатын даулы, шиеленісті жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық және рухани салаларда орын алады.
Адамдар арасында алауыздық тудырып, әлемдік масштабтағы қақтығысқа көбінесе идеологияның қарама-қарсылығы себеп болады. Мәселен, коммунизм мен антикоммунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес шеңберде орын алған идеологиялық күрес, идеологиялық алшақтық мемлекеттер арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен қақтығысуға итермелейді. Сонымен авторлар конфликттің динамикасын қарастырғанда, субъективті жэне объективті факторлардың арақатынасына көңіл бөледі. Ең бастысы-ол субъективті факторы, яғни конфликтті жағдайды бір жақтың сезінуі. Әлеуметтік құбылыстар мен процестер болжауға, алдын алуға, басқаруға келетін жәйіт. Еріксіз түрде конфликттің мүшесі болған тұлға оған өзінің үлесін қосуы мүмкін. Конфликт - күрделі динамикалық құрылым. Оның өзіндік шегі, мазмұны, кезеңі мен формасы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |