МОДУЛЬ 2. Қарым-қатынас және шиеленіс (конфликт) түрлері
4-дәріс. Тұлғаішілік шиеленістер. Түрлері.
Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және инцидент типтері анықталынды: әдейі-мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті (өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті –мақсатталмаған Қақтығыс жағдайлары мен инцидент парам етрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлік деп аталады. іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалд-тұлғалық қақтығысқа ауысады. Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб.
Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу. Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және т.б.
Топаралық қақтығыс – тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары әртүрі:
а) рөльдік қақтығыс – бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері.
б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді.
Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады. Ішкі тұлғалық қақтығыс – ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің қарама-қарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті психологиялық жағдайы: ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.
Психолог К. Левин ішкі тұлғалық қақтығыстың бірнеше түрлерін анықтады:
а) «Жақындасу-жақындасу» - ситуация, мұнда адамға екі шешімнен біреуін таңдау талап етіледі.
б) «Жақындасу- жою» - ситуация, мұнда таңдауда жағымды және жағымсыз бірдей екі жақ байланыс қатысады.
в) «Жойылу-жойылу» - жағымсыз субъективті қойылым. Қақтығысты жеке тұлға – ол басқа жеке тұлғаға немесе ұжымға өзіндік пікірі жоғары, үнемі ырзалық білдірмейтін, шағымданушы адамдар. Ішкі тұлғалық қақтығыс жиі созылмалы және қиын шешілетін мінез-құлық көрсетеді, қайта ол адамды тәрбиелеу және өмірге көз қарасын өзгерту әлдеқайда қиын. Қақтығысты жағдайлардың туындауы, оның дамуы және шешу жолдары.
Қақтығыс түсінігі, қақтығысты жағдай. Психологиялық заңдылықтары мен себептері. Қақтығысты жағдайды шешудің конструктивті жүесі және өзіндік ерекшеліктері. Қақтығыс типтері: жазық және көлденең. Қақтығыс түрлері:
- іскерлік өндірістік;
- топаралық;
- тұлғаралық;
- рольдік;
- тұлға ішіндегі;
- энтоұлттық;
- саяси;
- монокаузальды;
Қақтығыстың пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық, кездейсоқ және әдейі азғырушы болып бөлінуі. Қақтығыс нәтижесінің: деструктивтілігі және конструктивтілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |